Материалдар / Сыныптан тыс шара "Цифрлық сауаттылық" 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Цифрлық сауаттылық" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара "Цифрлық сауаттылық" 7-сыныпқа арналған. Мақсаты: Білімділік – оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тереңдету, қайталау, толықтыру, өмірмен байланыстыру; Тәрбиелік – шығармашылыққа, ортақ іс үшін жауапкершілікке, қарсыласты сыйлауға, топта жұмыс істеуге, тапқырлыққа, нәтижелі жұмыстануға тәрбиелеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2022
1844
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс шараның тақырыбы: “Цифрлық сауаттылық”

 Мақсаты: Білімділік – оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тереңдету, қайталау, толықтыру, өмірмен байланыстыру;

Тәрбиелік – шығармашылыққа, ортақ іс үшін жауапкершілікке, қарсыласты сыйлауға, топта жұмыс істеуге, тапқырлыққа, нәтижелі жұмыстануға тәрбиелеу;

Дамытушылық – оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын дамыту, өз бетімен жұмыстануға үйрету;

Көрнекіліктері: плакат, шарлар, интерактивті тақта

Мұғалім:  Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Тәуелсіз елдің жас информатиктері» сайысымызды бастауға шақырамын.. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқып, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Сайысымызға 7а, 7ә, 7б, 7в сыныптарынан құралған топтар сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз оқушылардың жалпы информатикадан алған білімдерімен байланысты.. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.

Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Командаларға ескерту: егерде кімде – кім сайыстың шартын бұзса және де сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе, мынадай үшбұрыш беріледі. Ол команда ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді. 
КЕЗЕҢДЕРІ:

I. Таныстыру

ІІ. «Білімді мыңды жығады»

ІІІ. «Өзге тілдің бәрін біл»

ІV. «Тапқыр болсан тауып көр»

V. «Адасқан әріптер»

VI. «Кім жылдам?»

Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыру» деп аталады онда екі топ өз командаларын таныстырады.

 І – топ «Алғырлар» 

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

 Бүгінгі күн жарыста

алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

 Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз ,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

ІІ – топ «Тапқырлар»

Ұраны: Білекті бірді жығады

 Білімді мыңды жығады

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым 

Көрсетеміз бізде қандай күш барын,

Алға қойған мақсатымыз бар екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Командалар өз топтарын таныстырып болсақ, енді сайысымыздің келесі

ІІ- кезеңін бастаймыз. Бұл кезең «Білімді мыңды жығады»деп аталады.

Сайыскерлерге 3 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі Екі команда кезекпенен жауап береді.

  1. Ақпарат" сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? (түсіндіру,мазмұндау)

  2. Вирусты жоятын программа? (антивирус)

  3. Баспаға шығару құрылғысы қалай аталады? (принтер)

  4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н.Назарбаев)

  5. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы қалай аталады? (пернетақта)

  6. Презентация жасау үшін қандай бағдарлама қажет? (Power Point)

Ойынымыздың үшінші кезеңі «Өзге тілдің бәрін біл» деп аталады. Жұмбақталып 8 жұмбақ оқылады. Жұмбақтың жауабын тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан топқа 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай .


1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың

(тышқан - мышка - maus)

2. _____ кеме, білім теңіз

(Мектеп – школа – school)

3. Өнер алды қызыл ...

(Тіл – язык – landuade)

4. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(Баспа құрылғысы – принтер – printer)

5. ....... білім бұлағы

(Кітап-книга-book)

6. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз

(пернетақта - клавиатура - keyboard)

7. Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

(Қалам – ручка – pen)

8. Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол алда.

Білім мен ісі сәйкессе

Тапқыр болар “топ жарған”.

Келесі кезеңі «Тапқыр болсан тауып көр» деп аталады . Ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру.Әр дұрыс жауап берген сұраққа 5 ұпай беріледі.

1.Роботтың неше датчигі бар? Атап бер.( Жанасу,Түс,Ультрадыбыс )

2.Автоматты құрылғылар көбіне қай салада пайдаланылады?

(Заводтарда,фабрикаларда, медицинада)

3. Робот дегеніміз не? (Робот-тірі организм принципі бойынша жасалған автоматты құрылғы)

4.Биыл Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болады? 30

5.Қауіпсіздік ережесі бойынша адам көзі мен компьютердің ара қашықтығы қанша болуы керек? (60-70 см)

6.Абай Құнанбаевтың шын аты кім? (Ибрахим)

Келесі кезеңіміз “Адасқан әріптер”деп аталады .ІІ топқа карточка беріледі. Берілген карточкадан Информатика пәніне байланысты сөздерді құрастырып дұрыс жауаптарын айтады. (Дұрыс жауапқа 5 ұпай)

НИМОТОР МОНИТОР

ПЬЮТЕРКОМ КОМПЬЮТЕР

ЕНРЕПАТҚАТ ПЕРНЕТАҚТА

ТАУСАҚ САҚТАУ

НИРПЕРТ - ПРИНТЕР

КРАСЕН - СКАНЕР

Сайысымыздың соңғы кезеңі «“КІМ ЖЫЛДАМ?”  сайысы. «Информатика»-

сөзінен жаңа сөздер құрастыру. Сөздері нақты және мағыналы болуы керек. Берілу уақыты -10мин. (Дұрыс жауапқа 10 ұпай).


Осымен сайысымыз аяқталды әділқазылар алқасы дайын болғанша мен сендерге логикалық сұрақтар қоя тұрайын:

1. Ағашта саңырауқұлақ кепті,

Жаңбыр жауып,оны жұмсартып кетті.

40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді,

Тышқан мен тиін 7-н жедің,

Ағашта неше саңырауқұлақ қалдыЖауабы: (61саңырауқұлақ)

2. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының 

қарындасы бар. Үйде неше бала  бар ?

Жауабы 8 бала  )

3. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын

арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады ?

Жауабы ( 5 бұрыш қалады )

4. Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды

атып алды. Неше торғай ағашта қалды ?

Жауабы қалмайды)


Қорытындылау: Компьютердің әр сөзі,

Толып жатыр кәдеге

Көңілділер сайысы,

Келіп жетті мәреге.

Командаларды марапаттау








  1. (түсіндіру,мазмұндау)

  2. Вирусты жоятын программа? (антивирус)

  3. Баспаға шығару құрылғысы қалай аталады? (принтер)

  4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н.Назарбаев)

  5. Әріптер мен сандардыенгізу құрылғысы қалай аталады? (пернетақта)

  6. Презентация жасау үшін қандай бағдарлама қажет? (Power Point).

Ойынымыздың үшінші кезеңі «Өзге тілдің бәрін біл» деп аталады.

Жұмбақталып 8 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс,

ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай,

бір тілде айтса 10 ұпай .

1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың

(тышқан - мышка - maus)

2. _____ кеме, білім теңіз

(Мектеп – школа – school)

3. Өнер алды қызыл ...

(Тіл – язык – landuade)

4. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(Баспа құрылғысы – принтер – printer)

5. ....... білім бұлағы

(Кітап-книга-book)

6. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз

(пернетақта - клавиатура - keyboard)

7. Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

(Қалам – ручка – pen)

8. Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)



Келесі кезеңі «Тапқыр болсан тауып көр» деп аталады . Ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру.Әр дұрыс жауап берген сұраққа 5 ұпай беріледі.

1.Роботтың неше датчигі бар? Атап бер.( Жанасу,Түс,Ультрадыбыс )

2.Автоматты құрылғылар көбіне қай салада пайдаланылады?

(Заводтарда,фабрикаларда, медицинада)

3.Робот дегеніміз не? (Робот-тірі организм принципі бойынша жасалған автоматты құрылғы)

4.Биыл Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болады? 30

5.Қауіпсіздік ережесі бойынша адам көзі мен компьютердің ара қашықтығы қанша болуы керек? (60-70 см)

6.Абай Құнанбаевтың шын аты кім? (Ибрахим)

Келесі кезеңіміз “Адасқан әріптер”деп аталады .ІІ топқа карточка беріледі. Берілген карточкадан Информатика пәніне байланысты сөздерді құрастырып дұрыс жауаптарын айтады. (Дұрыс жауапқа 5 ұпай)

НИМОТОР МОНИТОР

ПЬЮТЕРКОМ КОМПЬЮТЕР

ЕНРЕПАТҚАТ ПЕРНЕТАҚТА

ТАУСАҚ САҚТАУ

НИРПЕРТ - ПРИНТЕР

КРАСЕН - СКАНЕР

Сайысымыздың VI- кезеңі «“КІМ ЖЫЛДАМ?”  сайысы. «Информатика»-сөзінен жаңа сөздер құрастыру. Сөздері нақты және мағыналы болуы керек. Берілу уақыты -10мин. (Дұрыс жауапқа 10 ұпай).










































НИМОТОР

ПЬЮТЕРКОМ

ЕНРЕПАТҚАТ

ТАУСАҚ

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!