400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сыныптан тыс шара дәстүрден тыс» Теңге – тәуелсіздік символы шеберлік сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге, тәрбиешілерге көмекші құрал. Теңге күніне дайын іс шара жоспары жасалды. Оқушылар ұлттық валютаның шығу тарихы туралы білімдерін толықтырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Сыныптан тыс шара дәстүрден тыс» шеберлік сынып 02.11.2018 ж

Сынып жетекшілер: Тлегенова Ш.М. , Жумашева А.А.

Сыныптан тыс тақырыбы: Теңге – тәуелсіздік символы

Мақсаты: Ұлттық валютаның шығу тарихы туралы білімдерін толықтырады.

Түрі: іскерлік ойын

Ресурстар: 27 парақ, маркерлер , теңге купюралары , шарлар, слайд, mp3 , конверт тапсырмаларымен

Қатысушылар: сынып жетекшілерге теңге купюралары таратылады.

Тлегенова Ш.М. «Комплимент» тренингі (27 парақ, маркерлер)

Жумашева А.А. Топқа бөлу (теңге купюралары арқылы бірліктер, ондықтар, жүздіктер тобына бөліну керек)

Тлегенова Ш.М. Сыныптан тыс шара түрлеріне тоқталу

Жумашева А.А. Құрметті ұстаздар ! "Теңге – тәуелсіздік символы" атты іскерлік ойынына қош келдіңіздер!

Тлегенова Ш.М. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы. 

Жумашева А.А. Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды. 

Тлегенова Ш.М. XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. 

Іскерлік ойынының мақсаты мен шартын таныстыру


Жумашева А.А. Әр топқа тапсырма беріледі. (Тақтадағы қалташаларда жасырылған тапсырмаларды топ мүшелері алады. Тапсырманы барлық топ мүшелері қатысып орындау керек.)

Бағалау критерийлері

«Теңге тәуелсіздік -символы» тақырыбын ашу

Дескриптор:

-топ мүшелері барлығы қатысады;

-теңгенің шығу тарихын айтады;


«Жарлық» Хан , уәзірлер, хат тасушылар

«Ток-шоу» теле бағдарлама аясында тақырыпты ашу

«Жарнама» теңгені жарнамалау

Тлегенова Ш.М. «Тиыннан  теңге  құралады» , -  демекші ,  ақшаны үнемді  пайдалану  керек.Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның  арасында   қандай  айырмашылықтар бар?
(Оқушылардан   сұрап жауаптарын   толықтыру)
Жумашева А.А. Кім тез ұғып алды  екен « Сиқырлы сандықша»  ойынын  ойнап  көрейік.
-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар  кімдер?
-Ақша  қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз   елдің ең бірінші  айрықша  белгісі  қандай?
-Ерте заманда   теңгелерді қайда жасаған ?
-Теңгенің  неше    құпия    қорғанысы бар?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда  жинауға  болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен   безендіріледі?
-Қазіргі  теңгеде қандай  суреттер салынған?
-Қазақ теңгесі  қайда басылды ?
-Сен ақшаны  орынды жұмсай аласың ба?


Бағалаушы ТІЖО Джусупкалиева А.У

Тлегенова Ш.М. Кері байланыс «Күн шұғыласы»

Әр қатысушы күннің шұғыласына өз пікірін жазып, тақтаға жапсырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі