400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Дос болайық бәріміз!" (бастауыш сынып оқушыларына)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайтуға, жаман әдеттерден аулақ жүруге үйретуге, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз!»

Мақсаты:

Білімділік: балаларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту.

Дамытушылық: жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік: балалардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.


Барысы:

Психологиялық дайындық

-Алақанды ашайық,

Күн жылуын алайық.

Досымызға қарайық,

Күн жылуын сыйлайық!

-Балалар, сендер дос, достық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласасыңдар?

- Өз досың туралы айтып берші?

- Балалар, сендерге жалғыз ойнаған, жалғыз жүрген ұнай ма?

Түйін: Жалғыз ойнасақ, жалғыз жүрсек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан жалғыз қалмау үшін бізге дос- жолдас керек.

Достық - адамдардың бір - біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.

Көрініс «Қария мен жігіт».

Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті.

Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

- Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт.

Қарт күліп:

- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.

-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.

Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».


Ойын «Мақал – мәтелдер құрастыру»

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

6. «Досы көппен сыйлас, Досы жоқпен сырлас».

7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды».



Тренинг «Сөйлемді аяқта».

1) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...

2) Сыйластық бар жерде ...

3) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...



Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/

Балалар, қазір біз « Ренжістік, достастық » ойынын ойнаймыз. Менің өтінішім бойынша сендер:

«РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.

«ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.

« ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде күлімдеп, қол алысасыңдар.

Пікір алмасу

- Сендерге ойын ұнады ма?

- Татуласу ше?

- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/

- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?

- Ренжігенде қандай көңіл күйде болдыңыз? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/

Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсі.



Ойын «Сиқырлы орындық»

Ортадағы бір орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

Қорытынды:

-Дос қандай болу керек? Қазір сіздер «Нағыз дос» атты алма ағашына досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық)

Тәрбиеші:

Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

Досыңды алдамай, оған адал бол.

Досыңмен қызықты шақтарды бөлісіңдер.

Достарыңның кемшілігін кешіре біліңдер.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
01.06.2022
734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі