Материалдар / Сыныптан тыс шара "Ертегілер еліне саяхат" 1 класс

Сыныптан тыс шара "Ертегілер еліне саяхат" 1 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара "Ертегілер еліне саяхат" 1 класс.Шарада түрлі тапсырмалар берілді, "Мақта қыз бен мысық" ертегісін сахналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2024
269
4 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: __________

Күні:25.01.2024. 1 “Ә” класс «№19 орта мектебі» КММ Класс жетекші : Кожанова У.С.

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» сыныптан тыс іс-шара

Мақсаты: Ертегілер жайында балаларға түсініктерін кеңейту, ертегілер үзінділерін әңгімелей білуге, сахналай білуге дағдыландыру, балалардың қиял-шығармашылық қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту,адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,топпен жұмыс, талдау, әңгімелесу, сахналау, ынталандыру.

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, кейіпкерлер.

Сабақтың түрі: сахналау

Сабақ барысы:

Мұғалім: «Миға шабуыл» сұрақтар беріледі.

1. Ертегілер туралы кім не біледі? 

2. Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

3. Ертегі басталғанда қалай басталады?

4.Ертегілер бізді неге үйретеді?

    Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?

"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".


1-оқушы:

Адамның досы – кітап, өмір кілті.

Тең келмес оған жиған дүние мүлік.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

Мұғалім: Дұрыс айтады адамның досы кітап екен, Кітап білім бұлағы.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз. Балалар енді кезекте «Кітап нені сүйеді?» ойыны. Мен сұрақ қоямын .

  • Келіссеңіздер шапалақ ұрасыздар.

  • Келіспесеңіздер шапалақ ұрмайсыздар?

  1. Кітап қаптағанды -ия

  2. Лас қолмен ұстағанды –жоқ

  3. Қар мен жаңбырға тастағанды- жоқ

  4. Аялап ұстағанды – ия

  5. Кітап сөрелерінде ұстағанды –ия

  6. Еденде жатқанды – жоқ

  7. Құрметтегенді – ия

  8. Кітаппен дос болғанды – ия

Мұғалім: Ендеше сіздерге тапсырма сәйкестендіру керексіздер, берілген сөзді дұрыс оқып, керекті суретке сәйкестендіру.

Мысалы: Мақта қыз бен мысық ертегісі суретімен сәйкестендіру


Мұғалім: Ертегілер еліне саяхатқа немен баруға болады? Бұл жерге көлікпен бара алмаймыз, жаяу бара алмаймыз,ол қиял ғажайып жер ол жерге немен бара аламыз?

Оқушылар: сыпырғышпен, кілемшемен ұшамыз, желаяқ болған, пешпен т .б.

Мұғалім: Ендеше біз де Ертегілер еліне сиқырлы кілемшемен ұшамыз.

Оқушылар: 1-2-3 кілемше ертегілер еліне ұш,

1-2-3 кілемше ертегілер еліне ұш.

Ендеше осы « Сиқырлы кілемшеде» берілген тапсырмаларды орындау керексіздер.Сіздерге қима қағаздар беріледі, сол қағаздарда сұрақ беріледі жауап беру үшін осы қимадағы берілген фигураларды басу арқылы жауап беріледі.

Ал енді біздің 1 «Ә» сынып оқушылары ертегіден қойылым көрсетсін бірге тамашалайық.

Әжесі: - Бүгін қаладан немерелерім келуші еді оларға арнап бауырсағымды пісіріп, етімді асып, дастарханымды жайып күтіп отырмын, сәндерім, жандарым, күндерім сол, әжелерін өздері қатты сағынған сияқты.

Немерелері: - Әже, әже сізді қатты сағындық!

Әже: - Сәндерім, жандарым сол! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлерің қалай? Қарындарың ашқан шығар, дастархандарына отырыңдар.Жолдан келдіңдер ғой, тамақ жеңдер.Қымыздан ішіп отырыңдар.

Немерелері: -Әже, әже ертегі оқып беріңізші? Сіздің ертегіңізді сағындық.

Әже: - Құлындарым сол сіздерге арнап ертегі дайындап қойғанмын.Келіңдер, оқып берейін.

«Қасқыр мен егінші», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Мақта кыз бен мысық» деген ертегім бар, қайсысын оқиын?

Немерелері: -«Мақта қыз бен мысық»

Әже: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып береейін. Ерте, ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті

Музыка ойналады.

Мақта қыз: -Қуанамын алақай, қуанады күндер де,

Қуанамын алақай, достарымен көңілді.

Қайырлы күн, қайырлы күн.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Мен атым Мақта қыз, менің кішкентай мысығым бар, мен оны қатты жақсы көремін.

Анама көмектесемін, өз бөлмемді жинаймын. Ыдысты жуамын,шаңды сүртіп, үй сыпырамын.

Уф, шаршадым! Мысығым қайда екен? Мысығым, мысығым, маған көмектесші?! Мысығым, мысығым қайда кеттің? Сүт ішкін келсе келе ғой, айтқаныма көне ғой, шақырғанына күніне мяу деп маған келе ғой? Қайда екен өзі?

Мысық шығады.

Мысық: - Мысық деген мен боламын,мяу,мяу,мяу!

Тышқан аулап отырамын, мяу,мяу,мяуяя!

Бетімді жуып жүремін, мяу.мяу,мяу.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым Муса.Мақта қыз, мақта қыз мені неге шақырдың?

Мақта қыз: Сен неге маған көмектеспей қойдың? Мысығым маған көмектесші.

Мысық: жо-жо-жоқ менің ойнағым келеді. ( Сол кезде шелекте тұрған сүтті төгіп тастады)

Мақта қыз: -Мысығым, мысығым сен неге менің сүтімді төктің? Сол үшін мен сенің құйрығынды жұлып аламын.

Мысық: Мақта қыз, мақта қыз менің құйрығымды қайтаршы.

Мақта қыз: Қайтармаймын сен маған сүтіңді әкеліп берсең ғана қайтарамын.

Мысық: Сүтті қайдан аламын?

Мақта қыз: Сүтті сиырдан аласың.

Мысық: Жарайды.

Сол кезде алдынан сиыр шығады.

Сиыр: -Мен сиырмын, сиырмын.Мен балаларға сүт беремін.Менің сүтім өте пайдалы, менің сүтімде кальций бар, менің сүтімде кальций бар.

Мысық: Сиыр, сиыр маған сүт берші.

Сиыр: Менің қарным аш маған жапырақ әкеліп бер.

Мысық: Жарайды.

Түсі кетіп, шөлдеп тұрған ағашқа қарай барады.

Мысық: Ағаш, ағаш маған жапырақ берші?

Ағаш: Мен ағашпын ағашпын , мен мықтымын, мен Жасыл жапырақтан және үлкен ағашпын және күштімін, мен адамдарды күннен қорғаймын.

Мысық: Ағаш, ағаш маған жапырақ берші?

Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын, сен маған су бер.

Мысық: Жарайды.

Осы кезде мысықтың алдынан су әкеле жатқан қыздар шығады.

Қыздар билеп шығады.

Мысық: Қыздар, қыздар маған су беріңдерші?

Қыздар: Сен бізге кәмпит әкеліп бер.Біз саған су береміз.

Мысық: Жарайды.

Мысық кәмпит алу үшін дүкенге қарай барады.

Сатушы: -Мен сатушымын, мен сатушымын.

Мен сатушымын, дүкеннің

Мен сатушымын, мен сатушымын.

Мен сатушымын, дүкеннің.

Менің дүкеніме азық-түлік сатылады.Жұмыртқа, нан,2 сүт, кәмпит. Жұмыртқа, нан,2 сүт, кәмпит.Ой,ой менің дүкенімде жұмыртқа тауысылыпты.Енді қайттым?

Мысық: Дүкенші маған кәмпит берші?

Сатушы: Сен маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған кәмпит беремін.

Мысық: Жарайды.

Осы кезде мысықтың алдына балапандарың ертіп әкеле жатқан тауық шығады.

Тауықтар би билейді.

Мысық: Тауық, тауық маған жұмыртқа берші?

Тауық: Бізге тары әкеліп бер.

Мысық: Жарайды.

Мысық тарыны қайдан аларың білмей қатты қиналады.

Мысық: Тарыны қайдан аламын? А, мүмкін тышқандарадан шығар.

Мысық тышқанды қуалайды.

Мысық: Тышқан жаның барында,айт үйінде не бар маған бер!

Тышқан: Мысықжан, мысықжан міне саған бір табақ тары, міне ала ғой!

Мысық: Рақмет, тышқан ініе бара ғой!

Тышқан: Уф, кетті-ау!

Тауық,тауық міне саған тары.

Дүкенші, дүкенші міне саған жұмыртқа.

Қыздар, қыздар міне сендерге кәмпит!

Ағаш, ағаш міне саған су.

Сиыр, сиыр міне саған жапырақ

Мақта қыз:Енді сен көп жұмыс істедің.Жароайсың, енді дос болайық!

Мысық өз қатесін түсініп, енді ондай қылық қайталамауға уәде берді

-Ертегі сендерге ұнадыма?

-Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?

(оқушылардан сұрақ-жауап алынды.)

Жүргізуші: Балалар рахмет сендер ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, талаптарың өрлей берсін! Міне Ертегілер еліне саяхаттап болған сияқтымыз. Енді балалар кітап оқимыз ба? Кітапханаға келіп, кітап алып тұрамызба.? Ендеше балалар осы асыл қазынамызды оқып, үй реніп, ойға тоқысақ еліміздің, өнегелі де ұл-қызы болатындарың айқын. Осы шараға қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға көптен көп рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді 1 «Ә» сынып оқушылар орындауындағы «Ертегілер әлемі» атты әнмен аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!







































«№19 орта мектебі» КММ






« Ертегілер еліне саяхат»

сыныптан тыс іс-шара

1 «Ә» класс


Класс жетекші: Кожанова У.С.






2023-2024 оқу жылы




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ