Сыныптан тыс шара "Фаст фуд - денсаулықтың дұшпаны"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Фаст фуд - денсаулықтың дұшпаны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, және осы тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің - бірі ойлай бермейді, Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фастфудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпегеннің болашақ денсаулығына өте зиян. Сондықтан ұрпақ болошағына алаңдап көп шаралар қолға алынуы тиіс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айтимова Аяжан Ғайсақызы,

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы

3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің

биология пәні мұғалімі

Сыныптан тыс шараның тақырыбы:

«Фаст-фуд - денсаулықтың дұшпаны»

Мақсаты:

  1. Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, фаст-фудтың адам ағзасына тигізер зияны туралы танымдарын кеңейту;

  2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;

  3. Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар дұрыс тамақтану туралы білімдерін топтық жұмыста жүйелей біледі.

  2. Өздігінен білім алады; өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады.

  3. Оқушылар жаңа тақырып пен танысады, талдау жасайды;


Көрнекілік: Тақырыпқа қатысты суреттер, слайдтар, видео -презентациялар, спиртовка, сіріңке

Сілтеме: Оқу бағдарламасы

Негізгі түсініктер: Тамақтану, тез бұзылады, пікірталас, ескерту, жиі, сапа, қазы-қарта, артық салмақ, асқазан, дәрігер-гастроэнтеролог, фаст-фуд, т.б.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатын және бүгінгі сабағымызда әр-түрлі тапсырмаларды орындайтынымызды айтып өтеміз.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу: Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын смайликтерін көтереді.

ІІ. Биологиялық білімдерін тексеру:

1.Тамақ ішу қажеттілік пе?

Тамақ ішу – қажеттілік.

2.Дәрумендер қандай тағамдарда көп?

Жеміс-жидек пен көгөністе дәрумендер көп.

3.Қандай тамақты ас мәзіріне қосуға болады?

Пайдалы әрі жеңіл тамақты ас мәзіріне қосамыз.

4.Теледидарда қандай тағамдар туралы айтады?

Теледидарда жартылай дайын өнімдер туралы көп айтады.

5.Жартылай дайын өнімдерді аласыңдар ма?

Жартылай дайын өнімдерді көп алмаймыз.

6.Жартылай дайын өнімдерді алағанда нені қарау керек?

Жартылай дайын өнімдерді алағанда сақталу мерзіміне қарау керек.

7.Олардың пайдасы бар ма?

Жартылай дайын өнімдер денсаулыққа зиян.

1.Топқа бөліну. Үстелдің үстінде сүт өнімдерінің, ет тағамдарының және фаст-фуд тағамдарының суреттері теріс аударылып жатады. Алған суреттері бойынша топтасады.


2. Миға шабуыл. (Видео - көрсетілім 1)

3. Мәтінмен жұмыс, тыңдалым, оқылым. (видео көрсетілім 2)

I топ оқушылары берілген мәтін бойынша танысып, суреттер арқылы постер қорғайды.

II топ оқушылары мәтін бойынша танысып сөзжұмбақ құрап, постер қорғайды.


Сөзжұмбақты шеш. Тірек сөзді тап.


с

ү

т

қ

а

й

м

а

қ

қ

ұ

й

м

а

қ

т

о

с

а

п

қ

а

м

ы

р


Көлденеңінен:

1.Құрамында кальций мол табиғи тағам.

2.Сүттен алынатын қою, дәмді тағам.

3.Сүт,ұн, жұмыртқа қосып қуырылатын тағам.

4.Қант пен жеміс қосып дайындалатын тағам.

5.Ұн, су, жұмыртқа, тұз қосып иленетін шикі нан.


III топ оқушылары берілген мәтін бойынша танысып, кластер арқылы постер қорғайды.


4. Журналистикалық талдау.

Сынып оқушылары, яғни жас журналистер фаст-фуд туралы өз ойларын ортаға салады, тәжірибе арқылы көрсетеді, талдайды.

1.Ислам. «Фаст-фуд» сөзі ағылшын тілінен аударғанда – «шұғыл дайындалатын тағам» дегенді білдіреді. Фаст-фудтың түрлері көп. Атап айтсақ, бұл- біз сүйіп жейтін фри картобы, әртүрлі бюргерлер, хот-догтар, пицца, шаурма. Тағы да фаст-фудқа оңай дайындалатын кеспе, картоп пюрелерін, ботқаларды жатқызады. (видео көрсетілім 3)

2. Аружан. Сонымен қатар дүкендерде сатылатын чипсы, кептірілген тұзды нандар, жаңғақтар, поп-корндар да фаст-фудтың бір түрі екен. Тез тамақтану Ежелгі Римнан белгілі. Әрбір Римдық базарларда тәтті және тез пісірілетін тамақтар қарапайым халыққа көптеп ұсынылатын болған. Қытай базарларында тез пісетін ыстық кеспелер сатылған. Америкада фастфуд индустриясы 1920 ж ылы қалыптасты. 1921 жылы Канзас штатында White Castle компаниясы ашылды.(тәжірибе: Кириешки өнімінің құрамындағы крахмалды анықтау)

3.Әли. «Фастфуд» термині ең алғаш рет 1951 жылы Merriam - Webster сөздігіне енгізілген. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст - фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока- кола 1500 колорияға тең, ал күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. (тәжірибе жасап көрсетеді)

4.Ақбота.Фастфуд өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды , ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. Фастфуд өнімдерінен целюлит , безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне, ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады.

(видео көрсетілім 4)

5. Ахмад. Фаст-фуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады. Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін. (видео көрсетілім 5)

6.Аяна. «Фаст-фуд» сөзі ағылшын тілінен аударғанда – «шұғыл дайындалатын тағам» дегенді білдіреді. Фаст-фудтың түрлері көп. Атап айтсақ, бұл- біз сүйіп жейтін фри картобы, әртүрлі бюргерлер, хот-догтар, пицца, шаурма. Тағы да фаст-фудқа оңай дайындалатын кеспе, картоп пюрелерін, ботқаларды жатқызады. Сонымен қатар дүкендерде сатылатын чипсы, кептірілген тұзды нандар, жаңғақтар, поп-корндар да фаст-фудтың бір түрі екен. Тез тамақтану Ежелгі Римнан белгілі. Әрбір Римдық базарларда тәтті және тез пісірілетін тамақтар қарапайым халыққа көптеп ұсынылатын болған. Қытай базарларында тез пісетін ыстық кеспелер сатылған. Америкада фастфуд индустриясы 1920 жылы қалыптасты.

6. Сайтболат.1921 жылы Канзас штатында White Castle компаниясы ашылды. «Фастфуд» термині ең алғаш рет 1951 жылы Merriam-Webster сөздігіне енгізілген.

Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока- кола 1500 колорияға тең, ал күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек.

Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Фастфуд өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды, ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. (Кока-колаға ел салып, кішірейетіндігін, жұмыртқа салып қабығы жібитіндігін тәжірибе жасап көрсетеді)

7.Айнель. Фаст-фуд өнімдерінен целюлит, безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне, ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады.

5. Дәрігеркеңесіне құлақ сал. Оқушылар мектеп мейірбикесінің кеңесін тыңдайды.

Дәрігер мектеп оқушыларына тез дайындалатын тағам түрлерінің зиян екенін айтты. Гамбургер, хот-дог, чипсы, газдалған сусындарды пайдаланбау туралы ескертті. Фаст-фуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады. Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады.

Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін. Олар: фастфуд тағамдарын дайындаушылар оның сапасына қарамайды. Сондықтан олар тез бұзылады да, көп ауруға себеп болады. Көп балалар фастфуд тағамдарын жиісжейді. Ол денсаулыққа зиян. Сендер дұрыс тамақтана біліңдер.

Қазір 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларда қаназдық ауруы көп кездеседі. Ал асқазан ауруы бірінші орында тұр. Фастфуд тағамдары артық салмақ қосады, – деді.






6. Бекіту. Топ мүшелері салауатты өмір салтына өлең құрау арқылы қорытындылайды.

Денсаулықты сақтаймыз,

Ұлттық тағамды жақтаймыз.

Фаст – фудтарға жоламай

Салауатты өмір салтын сақтаймыз.

7. Қорытындылау. Ән: «Өміріңді бағала». Оқушылар қонақтармен бірге орындайды.













3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі









СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА



Shape1




8Ә сынып




Сынып жетекші: Айтимова А.Ғ

















2017-2018 оқу жылы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
1316
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі