400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Физика біздің айналамызда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара 8 сыныптарға арналған әртүрлі логикалық сұрақтар, жұмбақтар, зертханалық жұмыстар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:   «Физика – біздің айналамызда»

Мақсаты: Оқушыларды  сайыстыра отырып, физика курсынан алған білімдерін,  табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету; оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;

Типі: жарыс сабақ

Әдісі: практикалық, зертханалық, логикалық.

Көрнекілігі:  презентация, үлестірме карточкалар, зертханалық құралдар.

Жоспары:

1 – бөлім. Кіріспе

1.Таныстыру

2 – бөлім. Негізгі бөлім

1-тур: Өткел(сұрақ – жауап)10 сұрақ. дұрыс жауап 1 балл.

2-тур: «Кім жылдам?» (есептер шығару) 1 есеп. дұрыс есеп 1 балл.

3-тур: «Ол кім, бұл не?»

4тур: «Ойлан, тап!» (жұмбақтар) 15 жұмбақ. дұрыс жауап 1 балл.

5-тур: «Физиканың зертханасында» (қызықты тәжірибелер) 10 балл.



3 – бөлім. Қорытынды

Жарыс қорытындысын айту, марапаттау.

Барысы:

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірлі ұстаздар және  білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан  бүгінгі «Физика – біздің айналамызда» атты кешімізге қош келдіңіздер,- дей отырып жарысымызды бастайық. Бүгінгі жарысымыз 8 а, б, в сыныптар аралығында өткелі отыр. Әр сыныптан екі оқушы шығады және олар жеке – жеке жарысады.

Олай болса, сіздерді бүгінгі жарысымыздың барысымен таныстырып өтейін.

1)Таныстыру.

2) «Өткел»

3) «Кім жылдам?»

4) «Ол кім, бұл не?»

5) «Ойлан, тап!»

6) «Физиканың зертханасында»

2-жүргізуші:

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та, бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – дей келе жарысқа түскелі отырған оқушылармен танысып алайық.

Оқушылар өздерін таныстырып, жарысқа келген мақсаттарын айтып өтеді. Ал енді сөз кезегін жарысқа қатысушыларымызға берейік.

1-жүргізуші: Қатысушыларымызбен танысып болсақ, жарысымызды бастаймыз.

Ойла ,ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген,

Сауалдарды білмесең

Өте алмайсың өткелден.

Жарысымыздың 1-айналымы: «Өткел» деп аталады. Мұнда әр оқушыға 10сұрақтан қоямыз. Әр дұрыс жауапқа 1 балл.

Сұрақтар:

1–қатысушыға:

1.Физика не туралы ғылым? (табиғат)

2.Ауа қысымын анықтайтын құрал. (барометр)

3.Электр тогы дегеніміз не? (еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы)

4.Жұмыстың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі. (Джоуль)

5.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы. (қатаю немесе кристалдану)

6.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал. (амперметр)

7.Ток күші кернеуге тура, кедергіге кері пропорционал. Бұл кімнің заңы? (Ом заңы)

8.Атомның планетарлық моделін ұсынған ағылшын физигі. (Э.Резерфорд)

9.Ядродағы оң зарядты бөлшек. (протон)

10.ХБЖ электр зарядының өлшем бірлігі. (Кулон)

2 – қатысушыға:

1.Механикалық энергияның неше түрі бар? (кинетикалық және потенциалдық)

2.Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. (температура)

3.Еркін түсу үдеуі нешеге тең? (9,8 м/ )

4.Қуаттың өлшем бірлігі. (Ватт)

5.Судың қайнау температурасы. (100ºС)

6.Жылу берілудің түрлерін ата. (жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)

7.Конвекция латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? (араласу)

8.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі. (Джоуль)

9.Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама. (меншікті кедергі)

10.Өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған құрал. (вольтметр)

3 – қатысушыға:

1.Тогы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіштің кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал. Қай заң? (Джоуль – Ленц заңы)

2.ХБЖ уақыттың өлшем бірлігі? (секунд)

3.Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы. (ЭҚК)

4.Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген француз ғалымы. (Андре Ампер)

5.Жылу алмасу жоқ кезінде болатын процесс. (адиабаталық)

6.Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі. (Фарад)

7.Қысымы тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесс. (изобаралық)

8.Ток күшінің өлшем бірлігі. (ампер)

9.Заттың ең кішкентай бөлігі. (атом)

10.Сұйықтардағы немесе газдардағы микроскопиялық бөлшектердің үздіксіз бейберекет қозғалысы. (Броундық қозғалыс)

4 – қатысушы:

1.Заряды болмайтын бейтарап бөлшек. (нейтрон)

2.Электр өрісі ұғымын енгізген ағылшын ғалымдары. (М.Фарадей және Дж.Максвелл)

3.SI жүйесінде ЭҚК-інің бірлігі. (Вольт)

4.Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан кім? (Г.Ом)

5.ХБЖ-де меншікті кедергінің өлшем бірлігі. (Ом*м)

6.Электр тізбегіндегі токты немесе кернеуді реттеуге арналған аспап. (реостат)

7.Өткізгіш ұштарындағы кернеулері тең болатын өткізгіштерді жалғау тәсілі. (параллель жалғау)

8.Будың сұйыққа айналу құбылысы. (конденсация)

9.Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш. (Архимед күші)

10.Термометрді кім жасады? (Цельсий)

5 –қатысушы:

1.Заттың үш күйі. (қатты, сұйық, газ)

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі. (балқу)

3.Асқын өткізгіштік құбылысын байқаған нидерланд физигі. (Х.Камерлинг-Оннес)

4.Токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар. (Дж.Джоуль және Э.Ленц)

5.Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі. (электролиз)

6.Сұйықтың бетінде жүретін булану қалай аталады? (кебу)

7.Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталу құбылысы. (қысқа тұйықталу)

8.Массаның өлшем бірлігі. (кг)

9.Қыздыру шамдарын ең алғаш ойлап тапқан кім? (А.Н.Лодыгин)

10.Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда тең болатын физикалық шама. (ток күші)

6 – қатысушы:

1.Электрон зарядының мәнін анықтаған ғалым. (Р.Милликен)

2.Қандай зарядтар бір-біріне тартылады? (әр аттас)

3.Көлемі тұрақты, ал температурасы мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесс. (изохора)

4.Сұйықтың буға айналу құбылысы. (булану)

5.Абсолют термодинамикалық шкаладағы температура бірлігі. (Кельвин)

6.Өзімен жылулық байланыста болатын дененің температурасын өлшеуге арналған құрал. (термометр)

7.Токтың қуатын өлшеуге арналған аспап. (ваттметр)

8.Токты тудыратын электр өрісінің жұмысын қалай атаймыз?(токтың жұмысы)

9.Атмосферадағы электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген ғалым. (Луиджи Гальвани)

10.Электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылатын жүйе. (конденсатор)



2-жүргізуші: 2-айналым: «Кім жылдам?». Мұнда әр қатысушыға 3 есеп беріледі. Қатысушыларға 10 минут уақыт беріледі. Дұрыс есеп 1 балл.

Қатысушылар есеп шығарғанша көрермендермен «Сырлы сауалдар» ойынын ойнайық.

  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

  3. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

  4. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

  5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

  6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

  7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

  8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  9. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  10. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)

1-жүргізуші.

3-айналым: «Ол кім, бұл не?» деп аталады. Әр қатысушыға 5сөз беріледі. Ол кім , бұл не сұрақтарына жауап береді.

  1. Диффузия, А.Вольта, кернеу, конденсатор, заряд – 5 балл.

  2. Ш.Кулон, резистор, масса, амперметр,меншікті кедергі.

  3. Г.Ом, электресептеуіш, реостат, ток күші, Х.Камерлинг-Оннес.

  4. М.Фарадей, ваттметр, Джоуль, сақтандырғыш, Фарад.

  5. А.Ампер, Вольта бағанасы, термометр, Э.Резерфорд, молекула.

  6. А.Цельсий, вольтметр, конвекция, жұмыс, энергия.

2-жүргізуші:

Физиканың елінде,

Физиканың тілінде

Жұмбақ шешіп ауысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Мақал мәтел айтысып

Көңілді күй жасайық.

4-айналым: «Ойлан, тап!». Мұнда қатысушыларға жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтардың шешуін тауып, физика тілінде түсіндірілуі керек. Шешуін тауып және физика тілімен түсіндіргені үшін 3 ұпай, ал тек жауабын тауып қана қойса 1 ұпай.

  1. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай - табиғи жарық)

  2. Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)

  3. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)

  4. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)

  5. Жүйрік өзі тұлпардан,Ұшқыр өзі сұңқардан.Күні түні жүйіткейді,Кең далада бір тарлан. (жел -  конвекция)

  6. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)

  7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)

  8. Жерде туып көкте өледі . (түтін –конвекция.)

  9. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)

  10. Көк лағым көген сүйреді. (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)

  11. Жердің жүзін шарлайсың, Онсыз еш жерге бармайсың. Көлікпен де, жаяу да, Саралайсың, таңдайсың.   (Жол – векторлық шама)

  12. Көп болса, асықпайсың, Мезеттен қашықтайсың. Асықсаң аз болады, Табасың мұны қайсың?  (Уақыт – секунд)

  13. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты, Тағы да бір белгісіз шама шықты. Ол болмаса денелер қозғалмайды, Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?(Жылдамдық – м/с)

  14. Барлық денелерге тән, Онсыз болмайды сән. Әр затта болады әр түрлі, Өлшеуге болады дәл. (Масса – таразы)

  15. Жылдамдықты өзгертеді, Қозғалысты тездетеді. Қарсы шықса қозғалысқа,Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу – м/ ).

1-жүргізуші:

Келесі 5-айналымымыз: «Физиканың зертханасында» деп аталады. Біз қатысатын оқушыларға үй тапсырмасы ретінде қызықты тәжірибелер ойластырып келуге тапсырма берген болатынбыз. Енді соған кезек берсек.

Қатысушылар тапсырмаларды орындап болғанша көрермендермен «Сергіту сәтін» ұйымдастырып жіберейік.

  • Бұл не?

Оның  түсі - сары. Ол  бір орында тапжылмай тұр деп ойлаймыз. Толық айналым уақыты - 225-250 миллион жыл. Ол атом реакторы іспетті. Оның сыртының температурасы Кельвин шкаласы бойынша, 1 миллион градус болса, ішкі температурасы бар – жоғы 6 000 К. /Күн/

  • Бұл қай жануар?

Адамға қарағанда 6 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы  аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіреді, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?/Мысық/

2-жүргізуші:

Ұстаз,мен тестке күні-түні дайындаламын. Бірақ жадымда бәрібір ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты. Бұған не істеуге болады?-деп Асан мұғалімінен сұрапты. Мұғалім:Күндіз-түні оқи беремін дегенің мені онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болмақ. Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар. Эйнштейнге бір адам кешке телефон соғуын өтінеді: -Менің телефон нөмірім 24-361, есте сақтауға қиын болар ма екен,-дейді. Сонда физик:-Жоқ ешқандай қиындық жоқ, жай ғана 12-ні 2-ге көбейтем және 19-ды квадраттаймын,-деген екен.

Қорытынды:

1-жүргізуші:

Жарысымызды қорытындыласақ.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі