15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара Физикалық турнир"Интеллектуалдық сайыс 7-9 сынып
Тақырыбы: " Физикалық турнир"Интеллектуалдық сайыс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Т
әрбиелік:
Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай
білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып
қолдана,пайдалана білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі материалдар, суреттер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру.
б) Әділқазылар алқасын сайлау.
Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “Физикалық турнир ” атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық!
Әділ баға беруге,
Шақырайық ортаға
Әділқазылар алқасын– дей отырып ортаға әділқазыларды шақырайық!
- Жайық негізгі орта білім беретін мектебінің оқу ісінің меңгерушісі – Жаметова Ақтоты Жолдығалиқызы.
- Жайық негізгі орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі - Садыкова Жанар Сагимбековна
Сайысымызды бастамас бұрын залда отырған көрермен болып отырған оқушылардың барлығына жалпыға бірдей сұрақтар оқылады, жалаушаларды тез, бірінші болып көтерген оқушы жауап бере алады. Осылайша 3 оқушыдан құралған 2 топты анықтаймыз.
Топтар жарысы:
Енді екі топқа жұмбақ жасырамын, соның шешімін тапқан топ сол атқа ие болады.
Құрметтейік ғалымды,
Ғылымды алға жылжытқан.
Инерция құбылысын
Айтшы, достар, кім ашқан? (Галилео Галилей)
Қасына емес басына,
Алма түсіп қасына,
Тартылыс заңын таптым деп
Кетті ғалым асыға (Исаак Ньютон)
IV. Жарыс шарттарымен таныстыру.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты ол -
Еңбектену жалықпау,
Сәт сапар тілеп бәріңе
Сайысты енді бастайық!
Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік, сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
1. «Көрермендерге сұрақтар»
2. «Өткел» кезеңі
3. «Бекет» кезеңі
4. «Теоретиктер» сайысы
5. «Ізденушілер» сайысы
6. «Қызықты жұмбақтар»
7. «Физикалық шамалар» сайысы
1-бөлім “Көрермендерге сұрақтар”. Бұл бөлімде көрермен болып отырған оқушылардың барлығына жалпыға бірдей сұрақтар оқылады, жалаушаларды тез, бірінші болып көтерген оқушы жауап бере алады. Осылайша 3 оқушыдан құралған 2 топты анықтаймыз.
2-бөлім: “Өткел” кезеңі. Экранға назар аударамыз. Экранда әр командаға 10 сұрақтан құралған сұрақтар беріледі. Әр бір дұрыс толық жауапқа 1 ұпай беріледі.
«Галилей тобы»:
1. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)
2. «Физика» гректің қандай сөзінен шыққан? (Табиғат)
3. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)
4. Тығыздықтың өлшем бірлігі. (кг/м3)
5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама (күш)
6. Дененің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын шама (температура)
7. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
8. Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал массасына кері пропорционал. Бұл қандай заң? (Ньютонның екінші заңы)
9. Мұз неше градуста ериді?, су неше градуста қатады? (Ноль)
10. Бір көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма? (3 көйлек)
«Ньютон тобы»:
1.Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)
2. Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді (орын ауыстыру)
3. Массасы 1кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын
көрсететін физикалық шаманы ата. (Отынның меншікті жану жылуы)
4. Физикада «бірінші ұстаз» атанған ғалым? (Аристотель)
5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м/с)
6. Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль
7. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш? (Микрофон)
8. Бөлмеде 7 май шам жанып тұрды. Сен жаныңдағы екеуін өшірдің,қаншасы қалды? (екеуі,қалғаны жанып кетті)
9. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама қалай аталады? (Қуат)
10. Денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және
бағыттары бойынша қарама-қарсы. Бұл қандай заң? (Ньютонның үшінші заңы)
3-бөлім: “Бекет” кезеңі. Бұл бөлімде 2 командаға ортақ қызықты логикалық сұрақтар қойылады.
Әрбір дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен есептеледі.
1.Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
2.Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
3. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
4.Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
5.Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
6.Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
7. Ғұмырында 40тонна тамақ жейді,жердегі ең ақылды тіршілік иесі? (Адам)
4-бөлім: “Физикалық шамалар” сайысы . Бұл бөлімде әр командаға берілген 5 шамадан дұрыс физикалық шама құрастыру керек. Әрбір дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен есептеледі.
1-команда
Идаран
Дункес
Црег
Аттв
Репма
2-команда
Льтов
Радаф
Трияпоид
Ельвинк
Темром
5-бөлім: “Ізденушілер” сайысы. Бұл бөлімде әр командаға 2 есептен беріледі.
“Галилей” тобына
Массасы 3 кг кірпіштің температурасын 50С-қа төмендеткенде, 113,4 кДЖ энергия бөліп шығарады. Кірпіштің меншікті жылусыйымдылығын есептеңдер.
Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 мин ішінде 240Клзаряд тасымалданып,1200Дж жұмыс жасалған.Тізбектің осы екі нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар.
“НЬЮТОН” тобына
20 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400 ДЖ болса, оның массасы.
Электр шамының қыл сымның ұштарындағы кернеу 2В, ток күші 0,4А.Қыл сымының кедергісі қандай?
Әр команда берілген қағазға белгілі бір уақыт ішінде білетін барлық физикалық шамаларын жазады. Жауаптары қазылар алқасына беріледі,әрбір физикалық
шама үшін бір ұпайдан беріледі.
«Физикалық шамалар» ұзындық, уақыт, көлем күш, қуат, жұмыс, тығыздық, масса, жылдамдық, үдеу.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда деп келесі бөлімімізді бастайық!
6-бөлім: “Қызықты жұмбақтар” сайысы. Бұл бөлімде экранда көрінген жұмбақтардың жауабын табады. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай. Оны әділқазы алқасы өзі бағалайды.
Физика пәні бойынша
І – топ:
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2. Жылдамдықты өзгертеді,
Қоғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қоғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді.(Үдеу)
3.Көп болса асықпайсың,
Мезетте қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
4. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
ІІ- топ.
1.Шаңға толған тамағы
Қоқыр – соқыр тамағы. (Шаңсорғыш
2.Ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында
Түрлі – түсті жарық шоқтарына
Жіптелуінен пайда болған тамаша көрініс. (Кемпірқосақ)
3. Пайдаланады мені жұрт
Отын және жарыққа
Қызмет етемін әрқашан
Түсіне білген адамға
4. Біз, біз, біз едік,
Бірегей жарқын қыз едік.
Тамашада көп болдық-
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)
Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз."Физикалық турнир" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Қорытынды. Әділқазылар алқасы екі топты бағалайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген