жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара Гүлдер шеруі 8-10 сыныптар
«К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ
(сайыс)
8-10-сыныптар
Биология пәні мұғалімі: Жаманкулова Г.Т.
2018-2019 оқу жылы
Мерзімі:________________
Тексерген:______________ ОІЖО Кишанова Б.С.
Сайыс тақырыбы: «Гүлдер шеруі».
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: гүлдің түрлері, гүл ерекшеліктері, гүлдің пайдасы туралы оқушылардың білімдерін тереңдету;
Дамытушылық: гүл туралы ғылыми білімдерін кеңейту, таным қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, әдемілікке деген құштарлықты оятып, елімізді жасыл желекке айналдырып, гүлденуіне үлес қосуға тәрбиелеу, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, электронды көрсетілім.
Сайыстың өту барысы:
Мұғалім:
Жер жүзінде гүлдердің жүздеген түрлері
өседі. Солардың ішінде сакура –
жапонияның, лотос – Үндістанның белгісі
болса, қызғалдақ қазақ елінің белгісі
боларлық. Мұсылмандардың таным-түсінігінде
қызғалдақ – жұмақ гүлі. Қазақ жеріндегі
археологиялық зерттеулердің нәтижесінде
«Теңдік» (Жетісу) қорғанынан біздің
заманымызға дейінгі сақ патшалары мен
көсемдерінің киімдерінен қызғалдақ
үлгісіндегі оюмен әшекейленген жалпақ
алтын тіліктердің табылуы, Қожа Ахмет
Иассауи (Түркістан, ХІV ғ.) кесенесін
жұқа кірпіштердің, Отырар жазирасындағы
ортағасырлық қыштардың гүл пішіндерімен
әшекейленгендігінің анықталуы адамдардың
байырғы заманнан-ақ гүлдерге ерекше
сезімде болғандығын айғақтайды. Кезінде
қызғалдақтың Шығыста, Кіші Азияда,
әсіресе Еуропада гүл патшасы деп
дәріптелуі, қызғалдаққа табыну дәстүрін
де өмірге әкелді. Содан сұлулық,
сүйіспеншілік, ізгілік, құрмет символы,
ең қымбат, ең қастерлі сыйлық ретінде
гүл шоқтарын тарту ету халықтардың
дәстүріне айналды. Халқымыздың қаһарман
батыры Бауыржан Момышұлы Сұлулық
дегеннің тамыры табиғаттану деген
нәрседе жатыр. Мысалы, гүлді алайық, ол
табиғаттың жасаған сұлулығы”, - деп
жазған. Ендеше, біз бүгін гүл патшалығына
саяхат жасаймыз.
«Гүлдер шеруі» атты
сайыс кезеңдерімен және мақсатымен
таныстыру:
Гүл сыры (таңдалған гүлді жан-жақты таныстыру).
Гүлдер ертегілер әлемінде.
Ақындар гүлдерді жырлайды (жатқа өлең оқу).
Үй тапсырмасы: «Жасанды гүлдер әлемі» (оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорғау).
Сен білесің бе?
а) Сұрақ-жауап;
ә) Мақалдың жалғасын тап;
б) Суретті тапсырмалар
1-жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші: «Гүлдер шеруі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,
Кейде оны жұлуға да қимаймыз.
Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,
Әр адамға шын жүректен сыйлаймыз!
2-жүргізуші: Табиғаттың ажары көркемі бір
Шежіресі секілді ертегі жыр
Ал тыңдаңдар, гүлдерге сөз береміз
Өзі жайлы өздері шертеді сыр.
Сайысқа қатысатын топтарды қошеметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы сыныптар:
8-сынып
9-сынып
10а-сынып
10ә-сынып
1-жүргізуші: Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Биология пәнінің мұғалімі: Давлетбаева Роза Нағашбайқызы
2-жүргізуші: География пәнінің мұғалімі: Касаинова Р.Г.
1-жүргізуші: Гүл - әдемілік өлшемінің шыңы. «Гүл — өмірдің көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі.
2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Ендеше сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық. Бұл туралы сайыскерлеріміз не айтар екен?
1-кезең «Гүл сыры». Сыныптар ортаға шығып өздері алып келген гүлдерін таныстырады.
1-жүргізуші: Дала көркі сан алуан гүлімен,
Құстың көркі сайрайтұғын үнімен.
Табиғаттың тарылтпайтын тынысын,
Жердің көркі жарық сәуле Күнімен.
2-жүргізуші: екінші кезең: «Гүлдер ертегілер әлемінде» Сыныптар гүлге байланысты көрністер көрсетеді.
1-жүргізуші: Жасыл әлем басты байлық ырысым,
Ол тұрғанда тарылмайды тынысым.
Туған жерде өсіп тұрған әр ағаш,
Ақындардың жүрегінің жырысың.
Гүлді көрсек жадырайды жанымыз,
Гүлдерменен салтанатты сәніміз.
Қызыл, сары, көк гүлдер бар сан алуан,
Сол гүлдерге арналады жырымыз.
2-жүргізуші: Сабыржан, сен өзің ақын болып кеткенбісің?
1-жүргізуші: Жоқ, Нұрбек. Мен емес, ақындар жырлайды.
Сайысымыздың үшінші кезеңі «Ақындар гүлдерді жырлайды».
1-жүргізуші: Әркімнің талғамына байланысты сүйікті гүлдері болады. Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсың?
2-жүргізуші: Оны бүгінгі сайысқа қатысушыларымыз айтсын.
Төртінші
кезең: Үй тапсырмасы: «Жасанды гүлдер
әлемі»
(оқушылардың шығармашылық жұмыстарын
қорғау).
Бесінші
кезең: Сен білесің бе?
1-тапсырма:
Сұрақ-жауап.
2-тапсырма: Мақалдың жалғасын тап.
3-тапсырма: Суретті тапсырма.
Әділ-қазылар алқасына сөз беру.
Марапаттау.
Қорытынды:
Мұғалім: Гүл - өмірдің сәні, бүгінгі іс-шарада біз гүлдің сырын білдік. Көптеген гүл туралы қызықты мәліметтермен таныстық. Табиғат падишасы гүлге деген сүйіспеншілігіміз арта берсін. Табиғатты аялайық! Еліміз гүлдене берсін! Сендердің де өмірлерің гүлдей жайнап құлпыра берсін! Іс-шарамызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
«Гүл»
дегенің жүрегі ғой даланың.
Сұлулығы туған жердің, қаланың,
Жан тербейтін нәзік сұлу
гүлдерді,
Күтіп-баптап аялайық, қарағым.
Бәріміз бірге:
Жердің көркі – жасыл әлем саялы.
Қамқоршы бол алақанмен аялы.
Қиын-қыстау күн түссе егер басыңа
Жапырағын көлеңке етіп жаяды.
«Гүлдер шеруі» атты сайыстың ұпай сандарын есептеу парағы
№ |
Сайысқа қатысатын сыныптар және топтарының аты |
Сайыс кезеңдері және әр кезең бойынша алған ұпайлары
|
Барлық ұпай сандары |
||||
1-кезең: Гүл сыры |
2-кезең: Гүлдер ертегілер әлемінде |
3-кезең: Ақындар жырлайды |
4-кезең: Үй тапсырмасы |
5-кезең: Сен білесің бе? |
|||
1. |
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
|
|
4. |
|
|
|
|
|
|
|
Сайыс:
«Гүлдер шеруі» 2015-2016
оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген