жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара ХХІ ғасыр электиригі
СМЖ.08.ПТ.01
9-қосымша жалғасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Сыныптан тыс мерекелік шара дайындамасының
тақырыбы:
«ХХІ ғасыр электригі»
Орал-2019ж.
Сабақтың мақсаты: Арнайы пәндерді байланыстыра отырып балалардың білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру
Жүргізушілер шығады: Жұмашжан Баубек және Исентаев Нұрбақыт
Баубек:
- Армысыздар, ұстаздар, студенттер, әділқазылар алқасы! «XXI ғасыр ЭЛЕКТРИГІ» атты сайысымызға жиналған қауым.
Нұрбақыт:
- Дәл бүгін «XXI ғасыр ЭЛЕКТРИГІ» деген атақты кім жеңіп алатындығы анықталады
Баубек: Ғұлама білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Жазушыдан, ақыннан
Ел қорғаған батырдан
Оқыған жас кәріден
Осы жарыста ұтам деген
Студенттерге мың сәлем!
Нұрбақыт: Салтанатты жиынға келген құрметті әділ-қазылар алқасымен таныстырып кетсек:
Арстанов Қонысбай Бактыгулович
Умаров Мурат Алимжанович
Мұханбеткали Гаухартас Қайырбекқызы
Баубек:
- бүгінгі тәрбие сағатымыздың жетекшісі Тасбулатова Сара
Кайырғалиқызына және Кенжебаева Индира Болатқызына сөз берсек.
Сара Қайырғалиқызы:- Құрметті оқушылар, оқытушылар, сабағымыздың қонақтары, бүгінгі ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Осы апта техника апталығы. Соған орай бүгін 223К тобының ұйымдастыруымен әрі қатысуымен «XXI ғасыр ЭЛЕКТРИГІ» атты тақырыпта сабығымызды сайыс түрінде өткізгелі отырмыз. Бүгінгі сайысқа қатысушы оқушыларға күнге ұшқан тұлпардай үлкен жетістікке жетулеріне тілектеспін. Жеңіске жету міндет емес, тек алған білімдерінді көрсетіп осы сабақтан өздеріне керектерінді алуларынды тілеймін. Сәттілік!
Нұрбақыт:- Ал енді осындай жалынды сөздерден кейін жарысымызды
бастаймыз. Дәл қазір біздің қолымызда он конверт бар. Конверттердің ішінде
сұрақ берілген. Қазір қатысуға тілек білдіруші оқушыларға үлестіреміз.
Кімде кім дұрыс және бірінші жауап беретін болса сол оқушылар жарысқа
қатысады. Алғашқы дұрыс және тез жауап берген бес адам өтеді.
Баубек: - біздің шешіміміз бойынша, тез және сұрақтарға дұрыс жауап бойынша осы жарысқа өткендерді ортаға шақырамыз.
Нұрбақыт:- Ал енді ойынымызды бастаймыз. Біздің бүгінгі ойынымыз бес турға бөлінген. Әрбір турдың өз қиындық деңгейі бар. Осы турларда сұрақтарға мүдірмей дұрыс жауап берген оқушы «XXI ғасыр ЭЛЕКТРИГІ» деген атаққа ие болады. Ойынның турларын атап өтсек:
І тур: Кім жылдам?
ІІ тур: Ұшқыр ой
ІІІ тур: Ойлан тап
ІV тур: Блиц опрос
V тур: Супер финал
Баубек:- Ал,енді алғашқы турымызды бастаймыз. Бірінші тур «Кім жылдам» деп аталады.Тур ережесімен таныстырып өтейін:
Әр оқушыға 4 сұрақтан қойылады.
Оқушы өзіне қойылған сұрақтарға толық қанды жауап беруі тиіс.
Егер ойынға қатысушы оқушының қарсыластары сұрақтың жауабын жүргізушінің белгісінсіз айтылып қойған жағдайда, оқушының балы шегеріледі.
Тур соңында балы аз болған 1 оқушы ойыннан шығады
Нұрбақыт:
Кабель дегеніміз не?
Кабельдердің құрылысы
Ашық электр тартылымы дегеніміз не?
Жабық электр тартылымы дегеніміз не?
Автоматты ажыратқыш дегеніміз не?
Рубильник дегеніміз не?
Магниттік жүргізгіштің қызметі қандай?
Кабельдік желіні неше процент артық орналастырады? (1-2)
Қысқаша тұйықталу дегеніміз не?
Сақтандырғыш не үшін қажет?
Қандай материалдан жасалынған өткізгіш токты жақсы өткізеді?
Электр есептегіш дегеніміз не оның неше түрі бар?
Электр қозғалтқыш дегеніміз не?
Жоғары кернеулі ажыратқыштың түрлерін атаңыздар?
Доға сөндіргіштің құрылысын атаңыздар?
Майлы, элегазды ажыратқыштардың бір бірінен айырмашылығы неде?
Баубек: - Бал есептелінді. Енді осы тур қорытындысы бойынша ең аз бал жинаған оқушыны ортамыздан қошеметпен шығарып саламыз. Ол бізде ----------------
Нұрбақыт: Келесі турымыз «Ұшқыр ой» деп аталады. Бұл тур ережесін айта кетсек:
Әр оқушыға 3 сұрақтан қойылады.
Оқушы өзіне қойылған сұрақтарға толық қанды жауап беруі тиіс.
Оқушы сұрақ жауабын білмеген жағдай да, жүргізушінің қарсыластар деген сөзінен кейін басқа ойынға қатысушылар сұрақтың жауабын айта алады
Егер ойынға қатысушы оқушының қарсыластары сұрақтың жауабын жүргізушінің белгісінсіз айтылып қойған жағдайда, оқушының балы шегеріледі.
Тур соңында балы аз болған 1 оқушы ойыннан шығады
Баубек: 1. Электр қозғалтқыштың төлқұжатында қандай параметрлер көрсетіледі?
2. Электрқозғалтқыштың күтіміне сипаттама беріңіздер?
3. Электрқозғалтқыштың құрылысын атаңыз?
4. Электрқозғалтқыштың құрылысын ағылшын тіліне аударыңыздар?
5. Жоғары кернеулі ажыратқыштардың жөндеу түрлерін атаңыздар?
6. Доға дегеніміз не?
7. Реленің қандай түрлерін білесіздер?
8. Амперметр құралын сипаттап беріңіз?
9. Амперметр, вольтметр және ваттметрмен өлшеу тәсілдерін атаңыздар?
Нұрбақыт:- Ал, енді осы тур қорытындысы шыққанша, 223К тобының студенті, Тлек Диасты «Электриктер» атты өлеңімен қошеметпен ортаға шақырайық.
Диас:
Нұр төгіп ұяның үйіне,
Электриктер жүргізеді жарықты.
Жарық берген бұл өмірге сүйіне,
Электриктер қуантады халықты
Өмір көзі жарық деген халқымыз,
Сыйлаңыздар бұл нұр берген адамды,
Электриктер ұлы адам нарымыз,
Қадірлеңіз жарық берген маманды.
Баубек:- Ал, енді осы «Ұшқыр ой» турының қорытындысы бойынша ең аз ұпай санын жинаған_____________ студентімізге осы сайысқа қатысқанына үлкен рахмет айта отырып, ортамыздан шығарып саламыз.
Нұрбақыт: -Келесі үшінші турымыз «Ойлан тап» деп аталады
Баубек: Осы тур шарттары:
Әр оқушы берілгені бойынша сұлба сызады
Cұлба сызуға 2 минуттан беріледі.Сызып болғаннан кейін ,сол сұлбаны түсіндіреді
Тур соңында баллы аз болған 1 оқушы ойыннан шығады
Нұрбақыт:
1.Сырттан үйге келіп тұрған токты электр есептегішке, автоматқа жалғау сұлбасын сызыңыз?
2.Коробка ішіндегі розетка, шам және ажыратыштың жалғану сұлбасын сызыңыз?
Баубек: - ойыншылар сұлбаны сызып болғанша «Сен білесін бе» атты шағын видеоролигімізге назар аударуларыңызды өтінеміз. Назар аударып қарағандарыңызға үлкен рахмет!
Нұрбақыт: - осы тур қорытындысы бойынша сайысымыздан шығады.
---------- батылдық танытып, сайысқа қатысқанына рахмет айта отырып, ортамыздан шығарып саламыз.
Баубек: - Біздің келесі турымыз «Блиц-опрос» деп аталады.
Нұрбақыт: Бұл сайыстың мақсаты: ойдың ұшқырлығы мен шапшандықты көрсету, сонымен қоса ағылшын тілін жетік меңгергенін дәлелдеу.
Тапсырманы орындауға 2 минут беріледі
Интерактивті тақтада суреттер көрсетіледі, назар аударайық!
Баубек: Осы тур қорытындысы бойынша ________ жеңімпаз аталады.Ал, ____________ сен мойыма,асар асуың, алар биігін әлі алда.Осы сайысқа ерекше жігерінмен қатысқаның үшін үлкен рахмет!
Нұрбақыт: - ____________ сен «XXI ғасыр ЭЛЕКТРИГІ» атағына ие болдың.Енді біз осы атақ иегеріне арнап Супер финал турын жасадық. Супер финалда жеңіп шығатың болсаң сен нағыз «XXI ғасыр ЭЛЕКТРИГІ» деген атаққа ие боласын. Супер финалға дайынсыңба?
Нұрбақыт: Ал, енді дайын болсан Супер финалымызды бастаймыз. Бұл турда саған белгілі бір тақырып, яғни сұрақ қоямыз. Сол сұрақ жауабын сен барынша ашып,иөз ойыңды айтуға тиіссін. Саған ойлануға 2 минут беріледі.
Баубек: «ҚР электр энергетикасын дамыту» үшін не істер едің? Дайын болсан ойлануға рұқсат. _____________ойланғанша
Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған
дей отырып ортаға әншіміз Бисембаев Ерболатты «Мен электрикпін» атты әнімен шақырамыз
Нұрбақыт: - Зор қошеметпен ортамыздан жас әншімізді шығарып саламыз.
«ҚР электр энергетикасын дамыту» үшін не істер едің тақырыбында _____ __ дайын болсаң, сөз кезегі өзінде.
Финалист қорғайды
Баубек:- Бүгінгі сабағымызды қорытындылау мақсатында әділ қазыларға сөз берейік.
Нұрбақыт: - Осымен біздің ашық сабағымыз аяқталды. Ден қойып тыңдағандарыңызға, ашық сабақтан тыс шарамызға ат салысқандарыңызға үлкен рахметімізді айта отырып, ашық сабағымызды жабық деп жариялаймыз!!!
- Мен ҚР электр энергетикасын дамыту үшін сарқылмайтын энергия көзін пайдалануды ұсынар едім. Ол күн энергиясы. Күн біздің планетамыздың алғашқы және негізгі энергия көзі болып табылады. Күн жер-әлемнің бәрін қыздырады, судың ағуың, желдің үруін келтіреді. Сонымен қатар экономиканы өсіріп, экологияны жақсартатын энергия көзі.
Бұл энергия көзі көрші елдер мен шалғай елдерде қолданысқа ие. Бұл энергия көзін жарық көзі ретінде ғана емес белгілі бір двигательді іске қосып жұмыс атқара алады. Мысалы көлікті жүргізу, калькулятормен жұмыс жасау, теледидар, компьютер, тоңазатқыш сияқты техникаларды іске қосу.
Электр энергиясысыз күнделікті қолданылатын суды су батареялары арқылы жылытады.
Америка елі Ай мен Марс планетасының бетінде арнайы күн энергиясы арқылы жүретін пилотсыз көлігімен зерттеу жұмысын атқарды. Бұл энергия көзі тек күнделікті қолданысқа ғана емес зерттеу жұмысын атқару үшін де өте қажет.
Күн энергиясының Қазақстан Республикасын экономикасын көтеретін, жер планетасын ең аз ластайтын сарқылмайтын энергия көзі. Сондықтанда осы энергия көзін елімізге енгізудің маңызы зор.
Баубек: - Дархан сен бүгін нағыз «XXI ғасыр ЭЛЕКТРИГІ» атты атаққа ие болдың, шың жүректен құттықтаймыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген