400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Информатика ақпараттар ғылымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні бойынша апталыққа өткізуге болатын сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі







Тақырыбы:«Информатика – ақпараттар ғылымы»

(сыныптан тыс шара)





Өткізген: А.С Қуантаева









2017 - 2018 оқу жылы

Күні: 14.11.2017

Сабақтың тақырыбы: «Информатика – ақпараттар ғылымы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.

Көрнекілігі: Слайд презентация.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен амандасу,танысу.

2.Сайыс барысында тренинг өткізу;

3. Сайыс жоспарын таныстыру.


«Жылы импульс » тренингі

Мақсаты: оқушылар арасында жағымды қарым- қатынас орнату, коммуникативті өрісті дамыту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Жүру барысы:

Күлім қағып қолымды

1,2,3-деп соғайын

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлаймын

Амандасып өзіңмен

Қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен


Тренинг өтеді. Содан кейін оқушыларды топқа бөлемін.Топқа бөлу үшін үшбұрыш,төртбұрыш,элипс фигураларын оқушыларға беремін.Қалауындағы фигураны таңдайды,бірақ негізгі ой фигурада емес, фигуралардың түсінде.Демек оқушылар фигураға емес, фигуралардың түсіне қарай бөлінеді.(сары түс Паскаль тобы,қызыл түс алгоритм тобы,жасыл түс диплей тобы)

Топқа бөлінгеннен кейін оқушыларға сайытың кезеңдері түсіндіріледі.

II.Жарыстың кезеңдері.

1.Таныстыру (әр топ өздерін таныстырып отырады)

2.Сіз білесізбе? (топтарға 5 сұрақтан қойылады)

3.Мозайка(топқа үш түрлі тақырыпта анықтама беріледі, анықтаманың сөздерінің орны ауысқан)

4.Іскер топ (топтарға компьютерде орындалатын бірдей практикалық тапсырма беріледі, сол тапсырман қатесіз және дұрыс шешіммен орындау керек )

5.Аквариум балықтары (сұрақтар қойылады)

6.Адасқан әріптер(Әріптер беріледі, сол әріптерден информатикаға байланысты сөздер құрау )

7.Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте (топтарға сұрақ қойылады, жауап үш тілде болуы керек)

8.Қорытынды

Сайысымызды бастамас бұрын ең алдымен сайысымыздың әділқазыларымен таныстырып өтейін:

1._________________________________

2._________________________________

3._________________________________

I кезең.


1.Таныстыру (әр топ өздерін таныстырып отырады)

Әр топ өздерін таныстырып, топ басшысын айтып өтеді.

ІІ кезең

2.Сіз білесізбе? (топтарға 5 сұрақтан қойылады)

Сіздерге информатика пәні бойынша сұрақтар қойылады әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I топ.Паскаль тобы (сары)

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

4. Компьютердің басты бөлігі, миы  (процессор)

5. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

ІІ.Алгоритм тобы.(қызыл)

1. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см?  (60-70)

2. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).

3. Буып-түйілген файл (архив)

4. Енгізу пернесі? (enter)

5.. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)

ІІІ.Дисплей (жасыл)

1. Пернетақтада қанша функционалдық перне бар? (12)

2. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)

3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

4.Paint қандай редактор (графикалық)

5. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)

Оқушылар жауап береді. Осымен екінші кезеңіміз аяқталды.Әділқазылар топтарлың бағаларын берсеңіздер.

ІІІ кезең

Келесі 3 кезеңіміз Мозайка(топқа үш түрлі тақырыпта анықтама беріледі, анықтаманың сөздерінің орны ауысқан) мен сіздерге сөздер беремін сіздер осы сөздерден дұрыс анықтама құрастыруларыңыз керек.


I топ. Паскаль тобы

Блокнот – мәтінмен жұмыс жасауғаарналған ең қарапайым программа.

ІІ.Алгоритм тобы

Калькулятор стандарттық программа – сандық ақпараты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі.


ІІІ. Дисплей

Paint – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

ІV кезең

Келесі кезеңіміз төртінші Іскер топ (топтарға компьютерде орындалатын бірдей практикалық тапсырма беріледі, сол тапсырман қатесіз және дұрыс шешіммен орындау керек ) деп аталады. Есептер беріледі сол есептерді алдымен блакнотқа жазып кейін калькуляторда есептеп жауабын блакнотқа жазады.Берілетін уақыт 3 минут.

I топ.Паскаль тобы

1. 88+56+269=413

2. 45+67-27=85

3. 869+123-269=723

4. 265+369-135=499

5. 56+44/2=50

ІІ топ Алгоритм тобы

1.78+68+45=191

2.54+23+96=173

3.23+696-59=660

4.12+369-23=358

5.86+14/2=50


ІІІ топ Дисплей тобы

1.63+98+75=236

2.13+63+87=163

3.54+89-32=111

4.64+57-30=91

5.36+64/2=50

V кезең

Бұл кезеңде аяқталды бағалау бестік балл бойынша бағаланады.Келесі бесінші кезеңіміз аквариум балықтары топтарға алпылама 10 сұрақ қойылады. Жауап беру парағын қай топ бірінші көтерсе, сол топ жауап береді.

Сұрақ-жауап

1.Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

2.Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)

3.Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)

4.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

5.Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (вирус)

6.Калькуляторды қалай іске қосамыз? (Пуск-все прог-станд-калькулятор)

7.Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )

8.Бит қандай цифрлардан тұрады? (0 және 1)

9.Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

10.Бас әріп режимін іске қосатын перне? (CapsLock)

Бұл кезең бойынша дұрыс жауапқа 5 балл қойылады.

VI кезең

6.Адасқан әріптер(Әріптер беріледі, сол әріптерден информатикаға байланысты сөздер құрау )

1.Нимотор ----------- Монитор

2.Пьюромтек ------- Компьютер

3.Енрепатқат -------- Пернетақта

4.Лайф ---------------- Файл

5.Рльоукятакл ------ Калькулятор

6.Атқсуа -------------- Сақтау

7.Лүкжейі олкб-------жүйелік блок

8.Токналб---------Блакнот

9.Нашқты------тышқан

10.тресу-сурет

Бұл кезең бойынша топтарды сөздерінің дұрыс жазылуына қарай бағалау әрбәр дұрыс сөзге 1 ұпай


VII кезең

Келесі жетінші кезеңіміз Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте (топтарға сұрақ қойылады, жауап үш тілде болуы керек).

Сұрақ-жауап:

1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?          ( ақпарат , информация, information)

2. Сақталған құжатты ашу командасы?         /Файл – ашу, файл-открыть, file-open/

3. Windows – дегеніміз не?                             /ОЖ, операционная система, Operationsystem/

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы    / Тышқан, мышь, Mouse/

5.  Қажет емес символды алып тастау пернесі -  (өшіру, удалить, delete)                                                   

6.Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.      (себет-корзина - basket)

7.Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)

8.Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

(кітапша-блокнот-notebook)

9.Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ                   (пернетақта-клавиатура-keyboard)

10.Биологияда паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты өлшер.                                

(бит-бит-bit)

Келесі кезекті әділқазыларға береміз бүгінгі информатика көшбасшылары атанған топты хабарлағанша оқушылар бүгінгі сайстын алаған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер. Оқушылар мен сіздерге өзімнің ұялы телефонымды алып келдім, енді сіздер бүгінгі сайыстан алған әсерлеріңізді маған смс арқылы жіберсеңіздер.Жеңімпаз топ анықталады.Оқушыларға тәтілер үйлестіріледі.

Осымен бүгінгі «Информатика – ақпараттар ғылымы» атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды.Белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
3030
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі