жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара "Жанында жүр жақсы адам"
Тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам!»
Мақсаты:
1. Лицей басшысының өскелең ұрпаққа біліммен тәрбие беруде, 40 жыл ұстаздық етудегі тыңғылықты жұмысының жемісін, кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу.
2.Ұстаздар бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға, өзіне ғана тән адами қасиеттерін әріптестеріне дәріптеу
1 ж:-Қайырлы күн ,құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!
2 ж: «Жаныңда жүр жақсы адам» атты мерекелік кешімізгеқош келдіңіздер!
А. Е:Балалар көңіл –күйлеріңіз қалай?
Кешіміздің құрметті қонағын асыға күтіп отырған боларсыздар. Бүгінгі жанымызда жүрген жақсы адам кім екенін сіздерге жасырамын.
Ол
сендерді «ұлым менің, қызым» дейді,
Естісе
олар жайлы елеңдейді.
Отырар
тілекшің боп, есейсең де,
Қайырылып
қалмасыншы «кемең» дейді.
-Бұл кім екен?
- Әрине. Ол ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген, саналы ғұмырын табан аудармай жас ұрпаққа білім беріп, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсететін, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие беретін, лицей рәміздерінің, бірнеше тәлім мен тағылымы мол кітаптардың авторы, ҚР білім беру ісінің үздігі, Құрмет орденінің иегері, лицейіміздің директоры Таңатқан Қалибекұлы.
Қошемет көрсетіп қояйық.
Енді назарымызды видеороликке берейік.
3 ж: Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген мақал бар. Әр шаңырақтың өз иесі бар болса, әрбір білім ордасының да тұғырының мықты болуы білікті басшыға байланысты.
4 ж: Бүгінде біздер үшін 40 жыл білім саласында енбек етіп, Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейінің осындай дәрежеге жетуіне еңбегін сіңірген лицей диреторы, құрметті ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері Түменбаев Таңатқан Қалибекұлының дара жолына арнап, «Мектебім-мақтанышым» әнін 4 сынып оқушыларының орындауында қабыл алыңыздар! Бұл әннің дүниеге келуіне де себепші Таңатқан Қалибекұлы.
Хор:«Мектебім-мақтанышым»
1 -ж: Әділдік, бірлік, ынтымақтастық орнаған ордамыздың жыл сайын гүлденуіне атсалысып жүрген ұстаздарымыздың бір кісідей жұмыла еңбек етіп жүргеніне әрине, лицей өз алдына дербес білім ордасы болып ашылған 21 жылдан бері басқарып отырған лицейіміздің директоры Түменбаев Таңатқан Қалибекұлының еңбегі өте зор.
2-ж: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
3 ж: Таңатқан аға! Бүгін сіздің 40 жыл бойғы абыройлы, қажырлы ұстаздық еңбегіңізбен таныссын деп сізбен сұхбаттасуға лицей оқушылары келіп отыр. Сұхбат беруге әзірсіз бе?
А.Е.:Ісім
оңсын десеңіз,
Сол
істің маманы болыңыз.
Даңқым
шықсын десеңіз,
Көпшіліктің
адамы болыңыз, — деп Әл-Фараби атамыз
айтқандай, өз ісінің маманы бола білген,
көпшіліктің адамы бола білген, ұстаздардың
ұстазы, лицейімізді көп жылдардан бері
басқарып, біздің балаларымыздың азамат
болып, өз орындарын табуға үлесін қосып
жүрген бүгінгі
сыр сұхбаттың қонағы, қара шаңырақтың
ұйытқысы, бізге әкедей, сендерге атадай
болған лицей
директоры Таңатқан Қалибекұлын ортаға
шақырып, қонақ етейік. Ортаға келіңіз,
төрге жайғасыңыз!
- Қош келдіңіз! Шақыртуымызды қабыл алып, алтын уақытыңызды бөліп келгеніңіз үшін сізге үлкен алғысымызды айтамыз! Бүгінгі кеште сізбен сұхбат жүргізу бақыты маған бұйырып отыр екен. Сондықтан да осы сәтті пайдаланып, бұрыннан көкейімде жүрген бір-екі сұрақтарды қойсам.
- Таңатқан Қалибекұлы, «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық жолда қаншама қыруар істер атқардыңыз. Қаншама жетістіктерге жеттіңіз. Лицейді облыстағы алдынғы қатарлы деңгейге жеткіздіңіз, ең алғаш бірыңғай мектеп формасын сонау 1999 жылы және лицей рәміздерін 2000 жылы енгізіпсіз. Сонымен қатар лицейімізді республикалық «Үздік 100 мектептердің» қатарына кіргіздіңіз. Айта берсек, осындай сіз жеткізген жетістіктер баршылық. Бұл үлкен қажырлықты талап етері сөзсіз. Осы орайда сізге осындай ерен еңбек пен жетістіктерге жету жолында қандай қиындықтар болды? Осыған жету жолында қандай ұйымдастырушылық қасиетіңізді алға қойдыңыз және ұжымыңызға қандай талап қоя білдіңіз?
- Таңатқан Қалибекұлы, оқушылар сізге сұрақ қоюға асығып тұр. Кезекті оқушыларға берейік.
Оқушылар сұрақтарын қояды.
Құрметті Таңатқан Қалибекұлы, бүгінгі сыр сұхбатымыз аяқталып қалды. Бағанадан бері әр түрлі сұрақтар қойылды. Сол сұрақтардың ішінен өзіңізге ой салған немесе ұнаған сұрақтар болса сұрақ иесіне мына кітапқа қолтаңбаңызды жазып, беруіңізді сұраймын.
Бүгінгі кездесуден өзіңіздің көңіл-күйіңізді осы смайликтердің біреуін таңдау арқылы көрсетсеңіз.
Сонымен бүгінгі кештің қонақтары! Біздің жанымызда жүрген ағамыздың көп қырын үлкендер білгенімен бастауыш сынып оқушылары біле бермейтін еді. Бүгін Таңатқан Қалибекұылының да есіне көп нәрселер түсіп, бізге жақсы - жақсы әңгімелерін айтты, жақсы бір сұхбаттың куәсі болдық.
Солай ма, балалар? Бүгінгі сұхбат ұнады ма сендерге?
Енді сұхбатымыздың соңында оқушыларға дайындап келген тосынсыйыңызды тамашаласақ.
Ән «Сәби болғым келеді». (Жаңыл Рахметоллақызының сүйемелдеуімен)
Таңатқан Қалибекұылы сізге рахмет. Сіз сияқты үлкен тұлғамен кездесу, бүгінгі болған сұхбаттың өзі тарих деп ойлаймын.Сізге тағы да рахмет. Енді 4 сынып оқушыларының сізге арнап әзірлеген концертін тамашалауға шақырамыз!
2-бөлім:
1 ж: Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қасиетті де қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған»немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Осындай қазақи тәртіппен алған білім әрқашан сапалы болатыны анық.
2 ж:Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн өзіңізге арналады.
3 ж:Құтты болсын бүгінгі,
40 – жылдық тойыңыз.
Орындалсын ниетпен,
Арман тілек ойыңыз.
4 ж:Арналсын сізге тілектер,
Елжіреп соқсын жүректер.
Ұяңыздан ұшты қаншама,
Қанатын қағып түлектер.
1 ж: Олай болса лицейіміздің басшысы Таңатқан Қалибекұлына арналған «Арнауымызды» қабыл алыңыздар.(оқушылар тақпақтары)
Арнаулар
2 ж:Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз.4 «Б» сынып оқушылары Бақытжанов Нұржас пен Құмарбекова Аяужанның орындауында «Ұстазым» әнін, Таңатқан аға,сіздің құрметіңізге шырқайды.
Ән «Ұстазым»
2 ж: Ұстаздарымыздың құрметіне келесі алдарыңызда өнер көрсететін 4 сынып оқушыларынан құрылған мың бұралған бишілер тобын «Гүлдер»биімен қарсы алыңыздар!
Би «Гүлдер»
1 ж: 4 «В» сынып оқушысы Омурзақова Дана «Мерекеңізбен» әнін әншашу етіп жолдайды.
Ән «Мерекеңмен».
2 ж: 4 «В» сыныптың гимнасты Алмасқызы Айзараның өнерін тамашалайық
Гимнастикалық би
1 ж: 4 «А» сынып оқушыларының орындауында әсем ән шашауды қабыл алыңыз!
Ән «Отырардағы той»
2 ж: 4 «Б»сынып оқушысы Түменбаева Адэманың орындауында «Ағажаным» әнін қошеметпен қарсы алайық!
Ән «Ағажан»
1 ж: 4 «В»сынып оқушысы Қайырханова Аяжанның орындауында халық әнін қабыл алыңыздар.
Ән «Саған халқым-ай».
2 ж: 4 «А» сынып оқушыларының орындауында әсем биді тамашалайық.
Би «Латино-американский».
Ән «Ұстазым», жүрекшелермен би.
А.Е: Ұстаз есімі әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Сіз осы ұстаздық жолды таңдадыңыз. Білімді, алғыр, тәрбиелі, саналы ұрпақ тәрбиелеуде өткізген баға жетпес 40 жыл - алтын уақытыңыз босқа кетпегеніне талай мәрте куә болдық! Біздер, осындай қажырлы еңбегіңізді бағалаймыз!
1 ж: Таңатқан аға, ұстаздықпен бірге білім ордасына басшылық жасау үлкен жауапкершілікпен, қажырлы еңбекті талап ететінін жақсы білеміз. Бүгінгі күн, сіздің осы еңбегіңізді бағалап, атап өту біз үшін тәрбиелік мәні бар үлкен мереке тәрізді.
2 ж: Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз, мақсатымыз.
Әрдайым ашық болып аспаныңыз,
Еңбекпен шыға берсін жақсы атыңыз.
3 ж:Халқыңа бар байлықты иіп бер де,
Шығаберабыройменбиіктөрге.
Қарасаң, алтын ордам киеліекен,
Самғай бер, биіктерденбиіктерге!
4 ж:40 жылеселіеңбекқұттыболсын,
Табыс пен сәттілікке орта толсын.
Жетейікжылданжылғажақсылыққа,
Алтын ордам, шаңырағыңмықтыболсын!
10) «Ұстазым әні» «Жүрекшелер» биімен.
А. Е.:Осымен, құрметті көрермен, Таңатқан Қалибекұлының білім саласында 40 жыл қажырлы еңбегі мен ұстаздық етудегі тыңғылықты жұмысының жемісін атап өтумақсатында 4сыныптары ұйымдастырған «Жанымда жүр жақсы адам» атты сазды бағдарламамызды аяқтаймыз.
Кешіміздің соңында шаңырағымыздың ұйытқысы Таңатқан Қалибекұлы балаларға жылы лебізіңіз бен ақ батаңызды беруіңізді сұраймыз!
Амандықпен жүздескенше! Қош сау болыңыздар!
Хор «Мектебім»
Арнаулар(тақпақтар)
Ән «Ұстазым» - Аяужан
Би «Гүлдер»
Ән «Мерекеңмен» - Дана
Гимнастикалық би - Айзара
Ән «Лицейдегі той» - 4 А
Ән «Ағажан» - Адэма
Ән «Саған халқым-ай» - Аяжан
Би «Латино-американский» - 4 а
Ән «Ұстазым», жүрекшелермен би.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген