15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара "Жас эрудит"
Көктемгі демалыс кезінде 7 кластар арасында өткізілетин
интеллектуалды ойын
Тақырыбы: «Жас эрудит»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлға тәрбиелеу.
Барысы:
1. Ойынның мақсатымен таныстыру.
2. Ойыншылармен таныстыру.
3. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
4. Жеңімпазды анықтау.
5. Жеңімпазды марапаттау.
Жүргізуші ойынның мақсатын түсіндіреді.
- Қайырлы күн қымбатты ұстаздар және оқушылар. Бүгін сіздерге арнап өткізгелі отырған «Жас эрудит» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер.
- Балалар,«Эрудит» деп кімді айтады?
- Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша эрудицияға бай адамды эрудит дейді. Ал эрудиция деген жан-жақты терең білім. Сондықтан біздің ойынның мақсаты білімі терең, озық ойлы оқушыны анықтау. Сонымен ойыншыларға сәт сапар тілейміз!
Әділқазылар алқасын таныстыру
Мына ғасыр білімдінің
ғасыры,
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан өркениет ел болса,
Заңды елімнің қуаныштан тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік
талабы.
І тур.“Қас – қағым
сәтте” деп
аталады.
Бұл сайыста әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр
сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра,
ойынымызды бастаймыз.
1топ
-
Көлікті күтетін жер (Аялдама)
-
Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/
-
Күрішті аймақ?(Қызылорда)
-
Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары)
-
Жартылай тұщы, тұйық көл ( Балқаш)
-
Күй атасы. /Құрманғазы/
-
Жарық түспейтін кеңістік /Көлеңке/
-
Ақ алтын. /Мақта/
-
Заттың санын білдіретін сөз табы. /Сан есім/
-
Орта жүздің биі / Қазабек би
2топ
-
Ең үлкен жануар? (кит)
-
Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір)
-
Нағашы кімнің туысы? (Ананың ағасы)
-
Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)
-
Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)
-
Үш жүздің басын қосқан хан ? / Тәуке хан
-
Жансыз заттардан құралған үйлесімді көркемсурет./Натюрморт/
-
Ұя салмайтын құс. /көкек/
-
Заттың сынын білдіретін сөз табы. /Сын есім/
-
Ең жас дін / Ислам діні
3топ
-
Сөз басы не? / сәлем/
-
Кіші жүздің биі / Әйтеке би
-
Семіздікті көтеретін жануар. /қой/
-
Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? / Бәйтерек
-
Карта жинағы? ( Атлас)
-
Абайдың әжесі /Зере/
-
Балалар туралы жазылған Б. Соқпақбаевтың повесі./Менің атым Қожа/
-
Әр адамның шағын Отаны /отбасы/
-
Қуанышты жаңалықты хабарлау /сүйінші/
-
Тарихтың атасы /Геродот
4топ
-
Ұлы жүздің биі / Төле би
-
Киіз үйдің төбесі / шаңырақ
-
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. / Т Әубәкіров/
-
Абылай ханның шын есімі / Әбілмансұр
-
Елбасымыздың мамандығы / Инженер- металлург
-
Қара алтын. /мұнай/
-
Алғаш қағазды ойлап шығарған ел. /Қытай/
-
Жылдан құр қалған жануар. /түйе/
-
Тауықтың түсіне кіретін дән. /тары/
-
Қазақстанның ең биік шыңы /Хантәңірі
Әділқазылар алқасына сөз бериледи : 1-і турды қорытындылайық
II тур. -«Жалғасын тап» бойынша мақал оқылады, сол мақалдардың жалғасын тез, әрі қатесіз жалғастырасыздар.
1. Жеті жұрттың тілін біл,
/жеті түрлі білім іл.
2. Білекті бірді жығар, /білімді мыңды жығар.
3. Екі жақсы қас болмас, / екі жаман дос болмас.
4. Досыңды үш күн сынама, /үш жыл сына.
5. Бір елі ауызға, /екі елі қақпақ.
6. Білгенің бір тоғыз, / білмегенің тоқсан тоғыз.
7. Отыз күн оразаның /бір күн айты бар.
8. Елу жылда /ел жаңа.
9. Бір кісі қазған құдықтан, / мың кісі су ішеді.
10. Алты жыл аш болсаң да, /ата - салтыңды
сыйла
11. Бір әрип уйреткенге, / қырық жыл сәлем бер
12. Жалғыз ағаш уй болмас, /жалгыз жигит би болмас.
Әділқазылар алқасына сөз бериледи : 2-і турды қорытындылайық
III тур. Полиглот
1-топ:
Қолы менен қаламы
жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз-
)
2-топ:
Қоймасын қыс
ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег-
)
3-топ:
Бірін-бірі
қоштаған,
Бір үйден
көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква -
)
4-топ:
Жолбарыстан
аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка-
)
Әділқазылар алқасына сөз бериледи : 3-і турды қорытындылайық
IVтур - Жекпе-жек
Әр топ қарсыласына сурақ дайындайды (ребус)
Әділқазылар алқасына сөз
бериледи. Кезек сарапшыларда 4
турды қорытындылап
берсеңіз.
Қорытынды:
Сайысқа қатысқандарыңызға көп - көп рахмет. Әрдайым білімімізді
шыңдап жүрелік.
Бұлаңдаған
құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі –
лиса)
Әттең, даусым, тілім
жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап –
книга)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген