400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Жас Ұлан аламан!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық интеллектуалдық ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Сырым ауданы, Қоңыр ауылы,

ЖББ А.Жұмағалиев атындағы

Жосалы ОМБК тәлімгері Н.Ихсанова

«Жас ұлан - аламан!» (спорттық ойын - сауық)

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Барысы: Шаттық шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)

- Құрметті ойыншылар, бүгін
«Жас ұлан - аламан!» көңілді старт эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (төрт топқа бөлініп тұрады)
Қатысушы командалар:

«Жалын» командасы

Абылайхан, Айжан, Нұрболат, Айназ, Асылжан, Ақбота, Ералы, Мақсат.

«Сұңқар» командасы:

Нұртілеу, Бақыт, Әлихан, Фарида, Әлішер, Аяулым, Ерәмір, Әсемгүл.

«Жас Ұлан» командасы:

Нұрболат, Шұғыла, Ибрагим, Мақпал, Әсет, Балым, Әлішер, Аруза.

«Қыран» командасы:

Ырыс, Аяулым, Айдын, Гүлназ, Диас, Ару, Саят, Саят.


Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)
Жарыстың шарттары:
1. Таныстыру.
2. «Жалауды тез жеткізу».
3. «Акробатика».
4. «Кедергілер» сайысы.
5. «Кім шапшаң?»
6. «Епті де, жүйрік» сайысы.
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!
1. Таныстыру.

2. «Жалауды тез жеткіз»
Ойын шарты: Топ мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы жалауды белгіленген орынға апарып тігеді.

3. «Акробатика»
Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап - аттап жүгіріп, матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.

4. «Кедергілер» сайысы
Ойын шарты: Бағдаршам көздерінің үстінен қоянша секіру, тақтай үстімен еңбектеу. Құрсау арасынан өту. Тікен төсеніш үстінен тепе - теңдік сақтап өту.

5. «Кім шапшаң?»
Шарты: Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, доға астынан жорғалап өту.

6. «Епті де, жүйрік» сайысы.
Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу.

7. «Қырықаяқ»
Ойынның шарты: Балалар топ мүшесінің артына тіркесіп кедергілерді айналып, кері қайтып келеді.
Әділқазылардың бағасы.

- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1098
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі