БҚО, Сырым ауданы, Қоңыр
ауылы,
ЖББ А.Жұмағалиев
атындағы
Жосалы ОМБК тәлімгері
Н.Ихсанова
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының
сценарийі
Өтетін күні:
14.12.2017
Өтетін орны:
Мектеп Акт Залы
(Спорт зал ҚР
мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп,
ілінеді).
Шақырылатын
қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі,
ардагер ұстаздар
І жүргізуші:
Қайырлы күн оқушылар, ұстаздар және келген
қонақтар! ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне
орай ұйымдастырылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош
келдіңіздер!
ІІ
жүргізуші:
Бүгінгі жас азаматтарды
еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын,
еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын,
өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең
тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына
мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты
жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
І жүргізуші:
Түсініп
терең, өмірдің мәнін, Жалынды жастар, сендерсің сәнім Беретін бойға
күш-қуат, жігер Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
/Әнұран ойналады/
ІІ
жүргізуші:
Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты –
оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту
және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып
табылады.
«Жас Ұлан» биі
/6-7-8-сыныптар/
І жүргізуші:
Мектебіміздің Ұланбасы Кәкім
Нұрболаттың рапорт тапсыру рәсіміне береміз.
Кәкім
Нұрболат «Біз ...»
Оқушылар: «Жас
Ұлан»
Кәкім
Нұрболат - ұранымыз
Оқушылар: «Қазақстан –
Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет
Кәкім
Нұрболат: Жас Ұлан, түзел, тік
тұр!
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар
мен жасөспірімдер ұйымына қабарына қабылдануға
дайын.
Мектеп
тәлімгері: «Жас Ұлан» мен «Жас қыран» қатарына
қабылдануға рұқсат.
І
жүргізуші:
Құрметті қонақтар
және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға
туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау рәсімін
тамашалайсыздар.
Ізімғали
Ерәмір Ерболұлы 5-сынып
оқушысы
Сапин
Саят Амангелдіұлы 5-сынып
оқушысы
Сайынова
Аруза Сансызбайқызы 5-сынып
оқушысы
Алғашқы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушыларға
төсбелгілерді және галстуктерді табыстау рәсімін Жосалы
ауылдық округі әкімі Ғабдешов Қобыланды Ғабдешұлына
беріледі.
Тілекқабыл Айдос Алтынбекұлы 5-сынып
оқушысы
Мұқанбетқалиев Саят Серікұлы 5-сынып
оқушысы
Жамбыл
Алишер Дамирұлы 5-сынып
оқушысы
Келесі «Жас Ұлан»
ұйымына қабылданушыларға төсбелгілерді және галстуктерді
табыстау рәсімін мектебіміздің директоры Тажгалиев Әскербек
Серікқалиұлына беріледі.
Ізімғали
Ералы Ізімғалиұлы 5-сынып
оқушысы
Талапов
Мақсат Арматұлы 5-сынып
оқушысы
Гусманова
Әсемгүл Рустамқызы 5-сынып
оқушысы
Келесі «Жас Ұлан»
«Жас қыран» ұйымына қабылданушыларға төсбелгілерді және
галстуктерді табыстау рәсімін ата-аналар комитетінің төрайымы
Есболова Сәуле Маратқызына беріледі.
ІІ
жүргізуші:
МАДС Хор: «Тәуелсіз ел
ұланы»
МАДС тақпақтары
Ән «Көңілді күн!» орындайтын Ерболқызы
Гүлден
Аманжолқызы Аяулым 2-сынып
оқушысы
Бауыржан
Мәдина Әсетқызы 2-сынып
оқушысы
Балуаш
Айқын Айдарұлы 2-сынып
оқушысы
Келесі «Жас қыран»
ұйымына қабылданушыларға төсбелгілерді табыстау рәсімін
мектебіміздің Ұланбасы Кәкім Нұрболат Болатұлына
беріледі.
Бекмұхамбет Мейрамбек Темірбекұлы
2-сынып
оқушысы
Гусманова
Айымгул Рустановна 2-сынып
оқушысы
Келесі «Жас қыран»
ұйымына қабылданушыларға төсбелгілерді табыстау рәсімін «Жас
Ұлан» ұйымының беделді мүшесі, мектебіміздің түлегі Қылышбаев
Серікбол Ерболұлына беріледі.
Исатайұлы
Мәдениет 2-сынып
оқушысы
Сансызбай
Дәулет Бақтыбайұлы 2-сынып
оқушысы
Келесі «Жас қыран»
ұйымына қабылданушыларға төсбелгілерді табыстау рәсімін «Жас
Ұлан» ұйымының беделді мүшесі, мектебіміздің түлегі Қамидолла Алтын
Бекқызыны беріледі.
Бүгінгі жиынның ең
жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына
қабылданушы оқушы Мұханбеткалиев Саятқа береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді,
қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет
қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, Мұханбеткалиев Саят
Серікұлы, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан
Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды
мақтаныш етуге;
Ата-анамды
қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсетуге;
Білімге табандылықпен
ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты
аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін
бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант
етемін.
Біздің жерлестеріміздің
даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз
қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ
ЕТЕМІЗ!
І жүргізуші:
ФЛЕШМОБ 9-сынып
оқушылары
ХОР «Жас Ұлан»
әні
ІІ
жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына
қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі
азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
МАДС Хор: «Қазақстан
бақытты»
І
жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық
шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық
атқа.
Келеміз егеменді ел төріне
өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын
қақпа.
ІІ
жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас
Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты
қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп
жариялаймыз. Келесі кездескенше күн жақсы
болсын!