Материалдар / Сыныптан тыс шара "Кел Жаңа Жыл, Жаңа Жыл" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Кел Жаңа Жыл, Жаңа Жыл" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Жаңа жылдың қуаныштарымен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
1030
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кел төрлет Жаңа жыл! жаңа жылға арналған сценарий

Флешмоб

Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.

Жігіт: Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

Қыз: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Жігіт: Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ мақтаны жапқандай!

Бүкіл әлем – бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай.

Қыз: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде - әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Жігіт: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Ит жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Кулсарина Маншук Коканбаевнаны ортаға шақырамыз!

Қыз: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек Келдібай Дәуреннің орындауындағы Жаңа жыл әні. Қарсы алыңыздар!

Жігіт: Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіртіп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақшақар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Дәуреннің әсем әнін есіткенде олар бізге қарай жолды адаспай тауып алады деп сенген едім!

Қыз: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар!

АязАта келедіАқшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

/осы кезде асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./

Аяз ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,

Нарына нарық заман мінгескен ел.

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

Жігіт: Ассалаумағалейкум, Ата!

Аяз ата: Уағалейкумассалаум, балам!

Қыз: АрмысызАта! Армысың Ақша қар.!

Аяз ата: Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?

Жігіт: Бұл,ата, тоғыз жолдың торабында орналасқан,киелі Қарабұтақ өлкесі

Аяз ата: Бәрекелді, балам!


Қыз: Өздеріңіз алыс жерден шаршап келгендеріңіз білініп тұр ата, ентігіңізді басып дастарханға отырып ,демалып, дәмнен ауыз тиіп,рахаттанып жас өрендердің мерекелік шарасын тамашалаңыздар!

Жігіт: Жаңа жылды қалай қарсы алсаң жылды солай өткізесің деген қағида бар емес пе,Ата ?

Аяз–ата: Дұрыс айтасың, балам! Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

Қыз: Әрине, ата!

Жігіт: Ортамыз нұрға толып,

Төрт құбыламыз түгел болды.

Аяз ата,Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

Қыз: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып басып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Мың бұралған биші қыздарымыз Данагүл мен Ұлжанды қарсы алыңыздар!

Жігіт:

Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл- шуылдаған жаңа ормандар.

Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар

Бердібаев Нұрдаулеттің орындауындағы« __________________________ » әнді тамашалаңыздар.

Қыз:Айналаға қарашы байқадын ба?Бәрінің көңіл күйлері көтерінкі емес,тұңжырап отыр.

Жігіт:Достар,қане барлығымыз көңіл күйлерімізді көтереміз!Қане,Қане!Қазір ойын ойнаймыз!Гүлдана білесінбе өткенде біз ұстаздардың көңіл-күйін дәл осы ойынмен көтергенміз!Енді осы «Сәтті сурет» атты ойынды достарымыз ға ойнатсақ қайтеді!

Қыз:Иә,не деген тапқырлық!Ендеше ортаға 7 оқушы шықса ұялы телефондарымызбен бірге

Аяз ата:Әәә,балалар бұл қандай ойын?

Жігіт:Ата бұл ойын өте қызықты.Мен қазір шартың сіздерге түсіндіре өтейін.Біз қазір бір адаммен немесе затпен суретке түс дейміз олар суретке түсіп келіп,мына орындықтарға отыруы керек.

Ақша қар: Ата,қызық секілді тамашалайық!

Ойын ойнатылады

Қыз: Ал, халайық, тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық!

Даурен мен Асетті қарсы алайық!

Жігіт: Есімнен шығып кетіпті ғой!Біздің ортамызда сиқыршы Абылай хан!Қарсы алайық!

Қыз: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр

Құт болып береке бер халқымызға

Мерейін мәртебесін биікке асыр. –дей келе ортаға мың бұралған биші қыздарынызды қабыл алыңыздар!

Аяз Ата: Уа, балаларым барлығында бір-бірінен асып түсер өнерлі екенсіңдер! Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең жақсы қала –салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл. 365 ашық күндер, жақсылықпен, кездесулер әкелсін.Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын.Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсін!

Ақшақар: Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Міне жаңа 2018 жыл да келіп қалды. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын!

Аяз ата:Біздің кетуіміз керек келесі жылы кездескенше.Сау болыңдар!

Жігіт: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!

Қыз: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді аяқтаймыз!Біз сіздермен қоштаспаймыз!Жай ғана келесі кездескенше,сау-саламатта болыңыздар!

Бірге: Жаңа жыл Құтты болсың!

«Мерекем» әні барлығы қосылып шырқайды!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!