400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Киім үлгісін дұрыс таңдай аламыз ба?!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Киім үлгісі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Сырым ауданы, Қоңыр ауылы,

ЖББ А.Жұмағалиев атындағы

Жосалы ОМБК тәлімгері Н.Ихсанова


Тақырыбы: «Киім үлгісін дұрыс таңдай аламыз ба?»
Мақсаты: Жалпы сән туралы жан - жақты түсінік беру. Жалпы түс үйлесімділіктері мен киім кию мәдениетін қалыптастыру.
Білімділік: Оқушыларды «сән», «стиль», «костюм», «силуэт» ұғымдарымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушыларды талдау жасауға және киім стилінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Әдістері:
• Суретті - түсіндірмелі (әңгіме, дидактикалық материалдармен жұмыс, үлгілерді көрсету)
• Репродуктивті (зертханалық жұмыс, өз бетінше жұмыс)
• Жартылай ізденісті
Көрнекілік және құрал - жабдықтар: суреттер, сән журналдары, оқулық, дәптер, қарындаш, қайшы, желім.
Жүргізуші:

Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.
Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Костюм ( франц. Costume – киім - кешек ) – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, әр түрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі. Киім үлгілерінің пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.
Стиль ( лат. Stylus) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.
Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.
Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді.
Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі.
Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді.
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда. Көненің құндылықтарын біздің заманымызға жеткізуге тырысады.

Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл - күйді көтеріңкі етіп көрсететін қанық түстермен және спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.
Оқушылар түстер үйлесімділігін көз алдына келтіріп, елестете алуы керек. Үйлесімді түстер: Қара - қызыл, қара - ақ, жасыл - сары, қоңыр - сары, ақ - сары т. б.
Оқушылар арасында өзара пікірталас.

Сұрақтар:

1. «Сән», «стиль», «костюм» ұғымдарына анықтама беру.
2. Классикалық стиль дегеніміз не?
3. Спорттық стиль дегеніміз не?
4. Романтикалық стиль дегеніміз не?
5. Фольклорлық стиль дегеніміз не?

Оқушыларға топтық тапсырма берілді

І топқа «Киімнің үйлесімін табу» берілген киім үлгілерінің суреттері арқылы үйлесімдерін келістіру.

ІІ топқа «Киім үлгісін топтастыру» берілген киім түрлерін классикалық, спорттық, фальклерлық, еркін стиль топтастыру.

ІІІ топқа «Жаңа сән үлгісін жасаңыз» берілген маникенге

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі