Сыныптан тыс шара "Көркейе бер,Қазақстан!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Көркейе бер,Қазақстан!

Материал туралы қысқаша түсінік
Елінің ,жерінің Отанның қадыр қасиетін түсіндіру.Ұлттық салт-дəстүрлерін дəріптеу арқылы келешек ұрпаққа жол қалдыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Көркейе бер-Қазақстан

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын,туған жерін қорғай білуге,оның салт-дәстүрін ,әдеп-ғұрпын сақтап ,оны дамытуға үйрету.


Күтілетін нәтиже: Қазақстан туралы толық түсінік алады.

Ел рәміздерін қастерлейді.

Туған елге сүйіспеншілігі артады.


Көрнекілігі: Қазақстан рәміздері, суреттер, мақалдар, слайдтар


Барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі: (оқушылармен танысу)

Психологиялық дайындық

Барлығы щеңберге тұрып , бір-біріне жүрек беру арқылы туған еліне тілектер арнайды. Мыс: Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылсын...

Екі түрлі түс тандау арқылы топқа бөлінеді.


ІІ кіріспе : Оқушылар ,біз қай Республикада өмір сүріп жатырмыз?

-Балалар,Отанымызды сүйіп аялау үшін еліміздің,туған жеріміздің тарихын өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

Сондықтан да «Көркейе бер Қазақстан» атты тәрбиелік шара өткізуді жөн көрдім.

(Әнұран орындалады)

Жоспар бөлімі:

1Тәуелсіздік-тұғырым

2Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

3Елін сүйген ,Елбасы

4Астана-арман қала

5 «Патриоттық тәрбие,пәрменді болсын» сайыс

І-Бөлім Тәуелсіздік

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан алды?

(1991ж 16-желтоқсан) (Оқушылар тақпақтарын айтады)

1986ж 16желтоқсан оқиғасы Отанын сүйетін ,Отаны үшін оққа түсетін жастарымыздың қанымен бірге елімізге егемендік ,тәуелсіздік әкелді. «Тәуелсіздік керек ,қазақ халқының өз көсемі сайлансын »деген ұранымен шеруге шықты.(слайдтар көрсетіліп тұрады)

(бейне сюжет көрсетіледі)



ІІ-бөлім Рәміздер

-Рәмізге нелер жатады? (оқушылар жауаптары тындалып ,тақпақтар айтады)

К ез-келген мемлекет өз елтаңбасмен еңселі,әнұранымен айбатты,туымен тұғырлы болады. (слайдтар көрсетіледі)


ІІІ-Елбасы

-Елін сүйген,елі сүйген адам қандай болу керек?

(Ұлтжанды,тапқыр,ақылды,алғыр,еңбекқор,мейірімді,дара тұлға)

Н.Ә.Назарбаевты бүкіл әлем мойындаған дара тұлға.(слайдтар көрсетіледі) (оқушылар елбасына арналған өлең жолдарын айтып өтеді.)



Тапқыр,ақылды

Shape1 Алғыр,еңбекқор

ҰShape3 Shape2 лтжанды

Shape4 Shape6 Shape5 Елбасы

Мейірімді Дара тұлға

мейірімді





ІҮ- Астана

Ал,асқақтаған Астана келбеті еліміздің өркендеуінің айғағы.Мұның бәрі елдің ауыр жүгін арқалаған сенімді де алғыр басшы Н.Ә.Назарбаевтың көр

егенділігі мен қырағылығының арқасы.(оқушылар Астана туралы тақпақтар айтады)





Ү-«Көркейе бер Қазақстан» сайыс

1)Қазақстан -алтын бесігім (Сұрақтарға жауап сұралады)

І-топ

1 ҚР тәуелсіздігін қашан алды? ( 1991 ж 16-желтоқсан)

2 Тәуелсіз сөзін қалай түсінесін ?( Зайырлы,егеменді)

3 .ҚР ның тұңғыш президенті қашан сайланды? ( 1991 ж 1-желтоқсан)

4 ҚР сы қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

5 ҚР ның мемлекеттік тілі қай тіл? (Қазақ тілі)

6 Біздің туымыздың түсі қандай? (Көгілдір)

7 Рәміздердің авторларын атап шық? (ту-Шәкен Ниязбеков,елтаңба-Шота-Аман

Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков.Әнұран- Шәмші Қалдаяқов,Нұрсұлтан Назарбаев)

8 Астана қай өзен бойында орналасқан?

9 Қазақстан ақшасы қалай аталады?

ІІ-топ

1.Рәміздерді ата? (Ту,Елтаңба,Әнұран)

2 Қысқаша сипаттама бер?

3 Біздің президентіміз кім? (Н.Ә.Назарбаев)

4 Елордамыз қай қала? (Астана)

5 Елбасымыздың туған жері? (Алматы обл,Шамалған ауылы)

6 Астанада қандай басты мұражай бар? (Елбасы мұражайы)

7 Қыран құс бейнесі мен шаңырақ бейнесін қай рәмізден көре аламыз?

8 Астана символы не? (Бәйтерек)

9 Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т.Әубәкіров,Т Мүсабаев)


2 )бөлім: « Кім тапқыр? »( отан,туған жер туралы мақалдың жалғасын табу)

І-топ

1 Ел іші........(алтын бесік)

2 Отан үшін отқа түс-................(күймейсін)

3 Туған жердің күні де ыстық

........де...........................

4 Туған жердей жер болмас

5 Туған .... .... болмас

6 Отан-оттан..................

ІІ-топ

1 Отансыз адам

.......... .........

2 Отан- қуат, отан-.........

3 Егемен елдің ...... .........

4 Отан от басынан ...........

5 Бірлік болмай,

........ .............

6 Батамен ел көгерер,

........ ....... ..............


3) бөлім: « Мен елімді сүйемін ,өйткені...»әр оқушы сөйлемін жалғастыру керек

(оқушыларға Көркейе бер-Қазақстан тақырыбына сай шығармашылық жұмыс )


Қорытынды:Осылай еліміздің көк аспанда әрқашан күн сөнбей,күн нұры елімізге тарай берсін Ендеше еліміздің ертеңін сөз ете отырып,еліміздің ертеңі кейінгі ұрпақ екенін ұмытпағанымыз жөн.Сондықтан еліміздің көрейіп асқақтауына бүгіннен бастап үлес қосайық

Ортақ меке- жер шары,

Төбемізде бір аспан .

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.























































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі