жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара «Көшбасшы - математик» зияткерлік сайысы 6-7-8 сыныптар
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының математика пәні мұғалімі
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы
Сыныптан тыс шара
«Көшбасшы - математик»
зияткерлік сайысы
6-7-8 сыныптар
Пән мұғалімі: Неткалиева Назерке Ертаевна
Сабақтың
тақырыбы: «Көшбасшы
- математик» зияткерлік сайысы
Сыныптар: 6-7-8
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру. Белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау, білімдерін жинақтау.
Сабақтың түрі: интелектуалды- зияткерлік сайыс
Сабақтың әдістері: сайыс, сұрақтар, тапсырмалар;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім:
Жүргізуші: -Армысыздар, бүгінгі «Көшбасшы - математик» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым!
Бүгінгі сайысымызға 6-7-8 сынып оқушыларынан 8 оқушысы қатысып отыр.
1. Еділбай Асылхан– 6 сынып оқушысы
2. Рамазан Сандуғаш – 6 сынып оқушысы
3. Өмірболат Сезім – 6 сынып оқушысы
4. Рахметолла Жанару – 6 сынып оқушысы
5. Нұрболат Нұржол - 7 сынып оқушысы
6. Амангелді Ұлан- 7 сынып оқушысы
7. Акколов Әділет – 8 сынып оқушысы
8. Тұрақбаева Фаида – 8 сынып оқушысы
Сайысымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.
Сайыс шарттары:
1. Бәйге.
2. Көкпар.
3. Жорға
4. Дода
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. ______________________________________________________________________
2. ______________________________________________________________________
3.______________________________________________________________________
1. Бәйге.
Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған 5 сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға уақыт беріледі.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
6-сыныптар
Сан аралығының неше түрі бар. Оларды ата?
(5, интервал, кесінді, жартылай интервал, сәуле, ашық сабақ)
Ең кіші екі таңбалы тақ сан? (11)
75 пайыз санның қандай бөлігі? (3/4)
4. 2-нің алтыншы дәрежесі? (64)
5. Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айында)
Ең үлкен екі таңбалы жұп сан? (98)
Кері сандардың көбейтіндісі ? (1)
9-ға қарама-қарсы сан? (-9)
25 пайыз санның қандай бөлігі? (1/4)
Айырашылығы тек таңбасында болатын сандар? (қарама-қарсы)
Алымы бөлімінен кіші бөлшек? (дұрыс бөлшек)
-7-ге қарама-қарсы сан? (7)
Бір айнымалысы бар теңсіздік дегеніміз не?
(Құрамында бір ғана айнымалысы бар теңсіздік)
4. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
5. 3-нің төртінші дәрежесі? (81)
1. -7-ге қарама-қарсы сан? (7)
2. Сағаттың бестен бір бөлігі неше минут? (12 минут)
3. Ең үлкен бүтін теріс сан? (-1)
4. Нанды 5 бөлікке кесу үшін неше рет кесу қажет? (4 рет)
5. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс бөлшек)
7-сыныптар
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым? (теорема)
Координаталық жазықтық неше ширектен тұрады? (төрт)
Үшбұрыштың ішік бұрыштарының қосындысы? (1800)
Күн көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)
Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым? (аксиома)
Қабырғасы 8 см квадраттың ауданы нешеге тең? (64)
Заттарды санау үшін қолданылатын сандар? (натурал сандар)
Шаманың 1/100 бөлігі? (пайыз)
«Геометрия» сөзі грекше қандай мағынаны білдіреді? (жер өлшеу)
8-сыныптар
1. 256 нешенің квадраты? (16)
2. y=x3 функциясының графигі? (кубтық парабола)
3. Бұрыштың төбесінен шығып оны қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
4. Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер? (айқас)
5. Барлық қабырғалары тең параллелограмм? (ромб)
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (диаметр)
Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? (12)
Геометрияның жазықтықты зерттейтін бөлігі? (планиметрия)
Қандай түзудің ортақ нүктесі жоқ? (параллель)
y=x2 функциясының графигі? (парабола)
2. Сиқырлы ұяшықтар. Қатысушыларға математика пәнінің салаларынан 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.
10 ұпай мат-қ сауаттылық: 1 мен 30-дың арасындағы жай сандар нешеу? (10)
20 ұпай мат-қ сауаттылық: 1 мен 100 сандарының арасындағы барлық натурал сандардың ішінде 1 цифры неше рет кездеседі? (21 рет)
30 ұпай мат-қ сауаттылық: 5; 15; 13; 52; 48; 240; ? тізбегі қандай да бір заңдылыққа сәйкес ұқрылған. Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды табыңыз. (234)
40 ұпай мат-қ сауаттылық: 5, 8, 3 және 1 төрт цифрмен жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын табыңыз. (7173)
50 ұпай мат-қ сауаттылық: 7-ге бөлгенде 1 қалдық қалатын, ал 8-ге бөлгенде 2 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз. (50)
10
ұпай теңсіздік:
20
ұпай теңсіздік:
30
ұпай теңсіздік:
40
ұпай теңсіздік:
50
ұпай теңсіздік:
10
ұпай формулалар: Үшбұрыштың
периметрі формуласы?
20 ұпай формулалар: Квадраттың периметрі мен ауданының формуласы?
30 ұпай формулалар: Екі өрнектің айырмасының квадраты?
40
ұпай формулалар: Тіктөртбұрыштың
ауданы мен периметрінің формуласы? (
мен
)
50 ұпай формулалар: Екі өрнектің қосындысының кубы?
10 ұпай логикалық есептер: Ең үлкен алма ағашы қайда өседі? (ағашта)
20 ұпай логикалық есептер: 5 жер қазушы 5 сағатта 5 метр жер қазады. Неше жер қазушы 100 сағатта 100 метр жер қазады? (5)
30 ұпай логикалық есептер: Кабинетте бір розетка және үш ұзартқыш бар, әрбір ұзартқышта токты пайдаланудың 5 ұяшығы бар. Бірдей уақытта ең көп дегенлде неше телефонды зарядкалауға қоюға болады? (13)
40 ұпай логикалық есептер: Жиырма төрт спортшы дөңгелек үстелді айнала бір-бірінен бірдей арақашықтықта отыр. Олар отырған орындары бойынша 1-ден 24-ке дейін нөмірленген. 9-шы спортшыға қарсы отырған спортшының нөмірін анықтаңыз. (21)
50 ұпай логикалық есептер: Үстел үстінде бір қорап кәмпит жатыр. Саян кәмпиттің жартысын алды, ал қалған кәмпиттің жартысын Кәусар алды. Арай қалған кәмпиттің жартысын алды, сол кезде қорапта 3 кәмпит қалды. Қорапта басында қанша кәмпит болғанын табыңыз. (24)
Бұл кезеңнен кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады.
3. «Жорға»
Бейнесұрақ
Экранда бейнесұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Бұл кезеңнен кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады.
4. «Дода»
Слайдта сөздер жазылады. Қалған екі оқушы осы сөздерден математикалық термин сөз құрастыруы керек. Әр дұрыс жауап берген оқушыға 5 ұпайдан беріледі. 1 минут ішінде көп сөз құрастырған оқушы сайыс жеңімпазы болып табылады.
Гияоермте (геометрия)
Тирпсоранрт (транспортир)
Үбршыұш (үшбұрыш)
Леларпаль (параллель)
Дамипира (пирамида)
Лунатар (натурал)
Рфиц (цифр)
Диркотаона (Координата)
Аышқақты (қашықтық)
кемотрли (километр)
5. Қорытынды
6. Марапаттау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген