Сыныптан тыс шара "Күз кереметі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Күз кереметі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мерекесіне арналған шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Сырым ауданы, Қоңыр ауылы,

ЖББ А.Жұмағалиев атындағы

Жосалы ОМБК тәлімгері Н.Ихсанова

«Күз кереметі» ертеңгілік

1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді қауым!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Әскербек Серікқалиұлына береміз.

1-жүргізуші: Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігімен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боянып, сары алтындай жалтырап, көздің жауын алары сөзсіз.

2-жүргізуші: Не қасиет бар дейсің, осы күзде –

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай – талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқ па,

Отанның берекелі қамбасына, - деп ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бүгінгі мерекемізде күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салайық,

1-жүргізуші: Міне, сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні. Күз айы ерекше берекелі, мерекелі ай.

Алтын күздің жемісі дәмді болсын,

Көңіліміз жайнасын, әнге толсын.

Ән: «Алтын күз» 2 сынып оқушылары, ән: «Болайықшы осындай»

1-жүргізуші:

Разговор пора кончать –

Спорить безполезно;

Чтоб здоровым, сильным быть,

Надо овощи любить

Все без исключенья,

В этом нет сомнения.

МАДС өнерін тамашалайық

2-жүргізуші: Кезекті тамаша ойынға береміз. «Алтын күз» тақырыбында жапырақтарда жұмбақтар жасырылған. Соны тауып көрейік.

Жапырақтар (жұмбақтар)

  1. Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (сәбіз)

  1. Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен. (жуа)

  1. Бүрі, бүрі, бүрі бар,

Күн келбетті түрі бар. ( Күнбағыс)

  1. Піспегенде сырты қара, өзі қатты,

Ал, піскенде ерекше дәмі тәтті. (картоп)

  1. Түсі қызыл қан екен,

Тәттілігі бал екен.

Қызыл, қара ішінде

Қыруар тас бар екен. Жауабы: Қарбыз

  1. Гүл секілді

Қызарады, көктейді,

Күн секілді,

Бірақ нұрын төкпейді. Жауабы: Күнбағыс

  1. Сары қозы, көк қозы,

Қарындары тоқ қозы.

Күздігүні көп қозы,

Қыстыгүні жоқ қозы. Жауабы: Қауын-қарбыз

  1. Жайқалады өріліп шашы жасыл,

Топыраққа көміліп басы жатыр. Жауабы: Пияз

  1. Ешкім де жемейді,

Тәтті екен демейді.

Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі. Жауабы: Жапырақ

  1. Қауын, қарбыз дей алмайсың,

Піскенмен, жей алмайсың.

Жарғаныңмен, қап-қатты,

Ал асқанда, тәп-тәтті. Жауабы: Асқабақ

1-жүргізуші:

Осындай дәулетті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да, ән де болары сөзсіз. Олай болса, Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық. Ортаға 1-сынып оқушылларын шақырамыз (ортаға 1-сынып оқушылары жемістер шығып тақпақтарын оқиды)

2-жүргізуші:

Кезекті тамаша әнге берсек.

2-сынып оқушысының орындауында ән: «Бесік жыры», «Ойыншықтар»

1-жүргізуші:

Күздің қазан айында

Қауын, қарбыз, асқабақ,

Алма, алмұрт піседі,

Дүкендерге түседі.

Көрініс: «Көкөністер дауы» 3 сынып оқушылары

2-жүргізуші: Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістер мен көкөністерді таптық. Осы көкеністеріміз бен жемістерімізге байланысты ойын ойнап, серігіп алайық.

Ойын шарты: ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (алма, банан, алмұрт, шие, қараөрік, лимон, анар, сарыөрік, т.с.с.) жерде өсетін көкеністерді атағанда аяқты тарсылдатады. (картоп, жуа, сәбіз, қарбыз-қауын, қызылша, шалқан, қияр-қызанақ, қырыққабат, баялды(баклажан) т.с.с.).

Қамба толы астыққа

Алғыс саған, алтын күз

Бір уыс шашықтық та

Аппақ тоқаш жедік біз

1-жүргізуші:

Ягоды, фрукты и овощи – основные источники витаминов и минеральных веществ. Болшинство витаминов поступает в организм только с пишей. Вот почему их нужно есть постоянно. Основные группы витаминов: С, В, А. Витамин А- это витамин роста. Ещё он помогает сохранять зрение. Его можно найти в молоке, моркови, зеленом луке. Витамин С прячется в чесноке, луке, капусте, во всех овощах, фруктах, ягодах. Ребята! Кушайте овощи и фрукты всегда и не будете болеть никогда!

2-жүргізуші:

Енді 4сыныптың өнерін тамашалайық.

Би: «Флешмоб»

2-жүргізуші: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды жыл айналып, Алтын күз келгенше амандықпен тағы да қауышайық.

1-жүргізуші: До новых встреч!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
629
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі