1 - 4 сынып оқушыларына
арналған шара
Тақырыбы:
«Күз
кереметі»
Безендірілуі: түрлі –түсті шарлар, күзге
байланысты суреттер,жапырақшалар
астында жасырылған жұмбақтар,
ребустар.
Мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын,
табиғатқа қызығушылығын,
ой – өрісін кеңейтіп, арттыру.
Табиғат сұлулығын сезе білуге,оны аялай
білуге
тәрбиелеу.
Күз мезгілінің ерекшелігін
молшылық, береке туралы түсініктерін
кеңейту.
Күзде атқарылатын жұмыстар
туралы, адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт – дәстүрін
біліп, бойларына үлгі - өнеге қалыптастыруға
бағыттау.
-
жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті
ұстаздар, оқушылар!
Табиғат – күллі тіршілік
атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы
табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігімен есте қалатын айнала сары
түске боянып, сары алтындай жалтырап, көздің жауын алары сөзсіз.Бұл
қай мезгіл деп
ойлайсыздар балалар? Ия, дұрыс
айтасыңдар - күз мезгілі.
Олай болса, «Күз кереметі»
атты шарамызды бастаймыз!
2-жүргізуші:
Не қасиет бар дейсің, осы
күзде –
Деп айтқаны әркімнің
есімізде.
Ет майымен тоқашын қолтықтап
ап,
Байлық, ырыс әкелген осы
бізге.
Талай – талай басынан таңды
асыра,
Алтын дәнін тиеп ап
арбасына
Қараңыз өзі бастап кеткен жоқ
па,
Отанның берекелі қамбасына, -
деп ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бүгінгі мерекемізде
күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға
салайық.
1-жүргізуші:
Міне, сары алтындай күзіміздің
қуанышты бір күні. Күз айы ерекше берекелі, мерекелі
ай.
Алтын күздің жемісі дәмді
болсын,
Көңіліміз жайнасын, әнге
толсын.
Жас бүлдіршін өнерпазымыз
жетігенші Салтанатты ортамызға шақырайық.
«Күзге
шашу»
2-жүргізуші: Ендігі
кезекті тамаша ойынға
береміз. «Алтын
күз» тақырыбында жапырақтарда
жұмбақтар жасырылған. Соны тауып көрейік.
Жапырақтар
(жұмбақтар)
1.Жерге қазық
қақтым,
Басына айдар
тақтым. (сәбіз
2.Жеп көріп ем өзін
мен,
Жас шығарды
көзімнен. (жуа)
3.Бүрі, бүрі, бүрі
бар,
Күн келбетті түрі
бар. (
Күнбағыс)
4.Піспегенде сырты қара, өзі
қатты,
Ал, піскенде ерекше дәмі
тәтті. (картоп)
5.Түсі қызыл қан
екен,
Тәттілігі бал
екен.
Қызыл, қара
ішінде
Қыруар тас бар
екен. Жауабы:
Қарбыз
6.Гүл
секілді
Қызарады,
көктейді,
Күн
секілді,
Бірақ нұрын
төкпейді. Жауабы:
Күнбағыс
7.Жайқалады өріліп шашы
жасыл,
Топыраққа көміліп басы
жатыр. Жауабы:
Пияз
8.Ешкім де
жемейді,
Тәтті екен
демейді.
Сарғайып
піседі,
Үзіліп
түседі. Жауабы:
Жапырақ
9.Қауын, қарбыз дей
алмайсың,
Піскенмен, жей
алмайсың.
Жарғаныңмен,
қап-қатты,
Ал асқанда,
тәп-тәтті. Жауабы:
Асқабақ
10.Ашулы қонақ бұл
анық
Тонын шешсе
жыладық (Пияз)
11.Жерде жатып
желіндейді
Күз түскенше
желінбейді (Қауын)
12.Жасыл боп жыпырлап
өнеді
Сары боп үзіліп
түседі (Жапырақ)
1-жүргізуші:
Осындай дәулетті тасқан
еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да, ән де болады. Олай
болса, Алтын күзіміздің керемет көріністеріне куә болайық.
Суретшілер әлемін саяхаттап қайтайық (Балалар өз қиялдарымен күзгі
табиғат,күзгі дәнді дақылдардың суреттерін
салады
2-жүргізуші:
Қуандырып
біздерді
Келді жемісті алтын
күз,
Өлкемізге күз келіп,
Кемелденсін халқымыз!
Қане балалар, кімнің ойы ұшқыр
екен? «Ребус шешу» айдары
1-жүргізуші: Ал
балалар, «Алтын күзіміздің» жапырақтары
арқылы жұмбақтар жауабын таптық, ребус шешімдерін
шештік.
Ендігі, кезекте көкөністеріміз
бен жемістерімізге байланысты ойын ойнап,
серігіп
алайық.
Ойын
шарты: ағашта өсетін жемістерді
атағанда қол шапалақтайды (алма, банан, алмұрт, шие,
қараөрік, лимон, анар, сарыөрік,мойыл. Жерде өсетін көкөністерді
атағанда аяқты тарсылдатады. (картоп, жуа, сәбіз,
қарбыз-қауын, қызылша, шалқан, қияр-қызанақ, қырыққабат, бүлдірген,
баялды(баклажан)
2-жүргізуші:
Жемісі мол
теретін
Күз дос екен
бізбенен,
Бәрін тауып
беретін
Жомарт екен күз
деген!
Қане, балалар барлығымыз бірге
!
Би:
«Флешмоб»
1-жүргізуші. Осымен шарамыз аяқталды жыл
айналып, келесі « Алтын күз
кереметі» келгенше амандықпен
тағы да қауышайық. Келгендеріңізге көп – көп
рахмет!
(Шараның соңында балалар
белсене қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен
мараппатталды.)