жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара "Күз мерекем, Күз-берекем!" бастауыш сынып
Тақырыбы: «Күз-мерекем,
күз-берекем»
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің
айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше.
Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын
жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын
дамыту,сөздік қорларын байыту.
Мұғалім:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі «Берекелі
алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан
осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де
ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
«Би» -2 «А»
класы
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы
себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас
киім. Қасында көкөністер,
жемістер бар.
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіздер ме балалар!
Күз ханшайымы:
Уа,
халайық, дархан далам армысың.
Табиғатым, жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар халқымның алғысын.
Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме
қуаныштымын.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, «Күз ханшаймы» төрлетіңіз. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге «Алтын күз» дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?
Күз ханшайымы: Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық қап-қап астық, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне қараңдаршы. Далада егін де, тоғайда, сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді
Жүргізуші: Ой, рахмет сізге Күз ханшайымы. Біздің балалдар сіздің айтқан әрбір сөздеріңізді естерінде сақтайтын болады. Күз ханшайымы сіз бүгінгі біздің мерекемізге жалғыз келмеген сияақтысыз? Бұлар кім достарыңыз ба?
Күз ханшайымы: Қазір күз мезгілі түсті гой.
Жемістерде, көкеністерде пісті! Демек бұлар менің достарым! Балалар сендер күз мезгілінде пісетін көкөністер мен жемістерді білесіңдер ме?
Олай болса балалар, менің достарымды танып тұрған боларсыңдар! Бұлар, Алтын күзде пісетін көкөністер мен жемістер! Қане достарым, өздеріңді бүгінгі мерекеде әдемі киініп сүп сүйкімді болып отырған бүлдіршіндерге және де қонақтарға таныстырып кетіңіздер!
Мадина:
Пісіп тұрған
алмамын,
Тамсандырар бал
дәмім.
Жерге сілкіп
түсірме,
Ісіп кетер
маңдайың.
Жансезім:
Мені бәрі жүзім дер
Бір-бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар-қатар тізілген
Русалина:
Көкөністің ішінде
Менің атым қызылша
Денсаулығын нығайтып
Қызмет етем адамға
Алтай Інжу:
Қызара піскен бақшада
Қызанақты білерсің
Шырыныммен етіме
Тояттап-ақ жүрерсің
Ержан Кәусар:
Қызыл-сары сәбізбін
Жер бетінде бұрымым
Көзге берер күш қуат
Дәруменнің бірімін
Нұрхан:
Бақшада көп өсетін
Мен кәдімгі қиярмын
Жұлып алып жесеңіз
Қырт-қырт етіп тұрамын.
Ж. Кәусар:
Шиемін мен шиемін
Піскен тонды киемін
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін.
Сезім:
Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті шіркін – ай.
Қарай бергің келеді,
Қып-қызыл болған түріне-ай.
Күз
ханшайымы: Балалар, мен өзіммен бірге
ойын алып келдім. Кәне ойын ойнауға қалай қарайсыздар
балалар.
Ойын
.
Шарты:Балалардың көздерін байлап, қандай нәрсе екенін, сипау арқылы немесе иіскеу, дөңгелекпе, сопақпа ,қандай жеміс екенін табу.(3-4 балаға ажыратқан баланы мақтап мадақтау.)
Флешмоб: 2 «Б» класс оқушылары
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың
өнері ұнады ма?
Күз
ханшайымы: Ия, балалардың барлығы да
өнерлі екен.
Жарайсыңдар, балалар! Енді балалар, сендерге жұмбақтар жасырайын,
шешуін табыңдар.
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығыннан суырып,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)
2.Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар.
Қалай оны шешемін
Бұл не? ( Орамжапырақ)
3. Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады. (
пияз)
4. Доп – домалақ сары
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты ... (Өрік)
5. Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты ... (Шабдалы)
6. Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Оның аты ...
(Шие)
Күз
ханшайымы: Жарайсыңдар,
балалар! Жұмбақты да
шеше алдыңдар.
Жүргізуші:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерді.
Ойын: «Кім тапқыр?» Шарты: ортада
шашылған жемістер мен көкөністер. Екі бала шығып біреуі
көкөністерді, екіншісі жемістерді айырып жинайды.
( Осы кезде әуен ойналып Шалқан ертегісі басталады.) 1 «А» класс
оқушылары.
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір
мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығымен айналысыпты. Ата
есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде шалқан күннің
ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде Атай шалқанға
тамсанып қарайды.
Ата:
(Мансур) Ой бәрекелді, менің еккен
шалқаным үлкен болып өсіп қалыпты ғой.
Жүргізуші: Осылай ата енбегіне қуанып
шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады шалқанды жұла
алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата:
(Мансур) Ойбай,шаршап кеттім, белім де
ауырды. Қой көмекке, кемпірмді шақырайын.
Кемпірім, кемпірім, келші маған көмектесші. Кел екеуміз бірге
тартайық.
Кемпір: (Н.
Інжу) Ой шынында да, үлкен болып
өсіпті ғой, кел тартсақ тартайық.
Жүргізуші: Осылайша атаның артынан ұстап
әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орынан қозғалта алмайды.
Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір: (Н.
Інжу) Қызым, қызым, бізге көмекке
келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Қыз:
(Инабат) жарайды апа сізге
көмектесейін.
Жүргізуші: қыз көмекке келіп, шалқанды
рет ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен көмекке итін
шақырады.
Қыз:
(Инабат) Ақтөс, ақтөс, көмекке
келші.
Ит: (Бейбарыс) Аф, аф, аф, көмектес, десендер
көмектесейін.
Жүргізуші:Ит қыздан, қыз кемпірден,
кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ
шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты
шақырады.
Ит: (Бейбарыс) мысық, мысық бізге көмекке
келші.
Мысық:
(Мерген) мяу, мяу, көмектесіп
жіберейін.
Жүргізуші: Мысық
иттен, ит қыздан, қыз кемпірден,
кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ
шалқанды суыра алмайды.
Енді мысық көмекке тышқанды
шақырады.
Мысық:
(Мерген) Тышқан, тышқан кел бізге
көмектес.
Тышқан: (Назерке) әрине көмектесіп
жіберемін.
Жүргізуші: Олар, тарта, тарта шалқанды
суырып алады.
Күз
ханшайымы: Рахмет, балалар! Маған мереке
өте қатты ұнады. Бәрің де өнерлі, тапқыр балалар екенсіңдер. Енді
мені күтіп отырған басқа да балалар бар. Қыс түсіп кетпей тұрғанда
мен сонда жетіп алайын. Қош, сау
болыңдар!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың
алғыс. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына
күтеміз.
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте
көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге,
жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін, көп
енбек ету керек. Сондықтан сіздер енбекшіл, болуларыңыз қажет.
Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ, береке
әкелсін! Осымен «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз
аяқталды, сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген