Сыныптан тыс шара. "Күзгі бақ" кеш бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара. "Күзгі бақ" кеш бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал орта буын оқушылары арасында алтын күз мерекесін өткізуге арналған.Бұны сынып жетекшілер қолдана алады.Кештің негізгі басты мақсаты оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін бақылау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК

ӘҢГІМЕНІ ДАМЫТУ ТИІМДІЛІГІ»


Кошерханова Лаззат Нурмагамбетовна

математика пәні мұғалімі

ШҚО Курчатов қаласы

«№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ


Жоба тақырыбы: Математика сабағында диалогтік әңгімені

дамыту тиімділігі.

Жоба мақсаты: Диалогтік оқытудағы зерттеушілік әңгімені математика сабағында қолдану әдісімен тәжірибе бөлісу.

Міндеттері:

Ұстаздарға оқушыларды өздігінен оқып үйренуге диалогті оқытуды пайдалану тиімділігімен таныстыру.

Диалогті әңгіме барысында оқушыларға зерттеушілік тапсырма беру арқылы дамыту жолдары.

Оқушы бойында өзіне деген сенімділікті және жауапкершілікті қалыптастыру жолдары.

Болашақты бүгіннен қалыптастыру керек демекші, болашақ ұрпақты оқытып, білім беріп, келешегіне бағыт беріп отырған бүгінгі күннің мұғалімі.

Выготскийдің сөзімен айтсақ, «оқыту бала ертеңіне бағытталуы тиіс». «Мәселе нені үйретуде емес, қалай үйретуде» деген халық даналығы мұғалім балаға дайын білімді емес, соны игеретін әдіс-тәсілдер мен құралын беру керектігін ескертеді. «Қайда баратынын білмейтін кеменің бағытына сәйкес жел соқпайды» демекші кез-келген мәселені шешуге оқушыларды ұйымдастырып, танымдылық іс-әрекеттерінде ұжымдық істерінің ұйтқысы бола біліп, баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамыту бұл мұғалімнің басты міндеті. «Оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүре отырып, осының негізінде оқушының білім алуы жүретін өзара байланысты үдеріс» деген Александер сөзін математика сабағында диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай білімді бірлесіп алу немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болуына ықпал жасаймыз. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Математика сабағында диалогтік оқыту ұжымдық және өзара білім алмасу арқылы оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай жасайды. Математикалық дәлелдеулер мен шығармашылыққа берілген есептерді диалог құру арқылы өзара пікірлесу барысында шешу жолын табуға жетелейді. Жұптық жұмыс ретінде де, топтық жұмыс ретінде де алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушылар арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, математикалық тілін дамытады және сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейтеді, оқушылар - диалог жүргізу арқылы бірін - бірі үйретуші, ал ұстаз - сол білімді реттеуші, бағыт бағдар беруші. Топ құру барысында да өзара диалог жүргізу арқылы дұрыс шешім қабылдауға тырысады. Оқушыларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болады. Нәтижесінде, диалог барысында оқушылар белгілі бір нәтижеге жету үшін пікір алмасу арқылы қызығушылығын арттыра отырып, негізгі білімді пысықтай алады және берілген тапсырмалардың орындалуын өзара талқылай отырып математикалық тілде сөйлеуге дағдыланады. Өмір ағымына өзіндік пікірмен ілісе алатын, өзіне сенімді болып, жаңа нәрсеге тәуекелшіл, өмірді жаңаша көзқараспен қарайтын, математикалық тіл байлығы мол оқушылардың болашақ мамандығына да үлкен әсер етеді деп сенеміз. Болашақта студент болса да, оларға ғылыми жобаларды қорғау барысында да көмегі болады деген сенімдеміз. Бұның барлығы сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлауды диалогтік оқыту арқылы іске асыруға бағытталады. Күнделікті сабақта тақырыпқа байланысты көрнекілік құралдар, кестелер, диаграммалар қолдана отырып электронды оқулықты пайдалану барысында да пәнаралық байланысты үнемі қолдана отырып,оқушының математикалық тілде сөйлей білу дағдысын дамытуға болады. Қазақтың Ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» дегенін басшылыққа алу қажет деп білеміз. Диалогтік оқытуда пәнаралық байланыс үлкен роль атқарады. 5-6 сыныптарда «Сан бойынша пайызын табу» және «Пайыз бойынша санды табу» тақырыптарын қайталау барысында оқушыларға Ертіс өзенінің бір сағасы Шаған өзені екенін айта келе, Шаған өзенінің «Атом» көлі арқылы өтіп, Ертіс өзеніне құяды, экологиялық есептеулерді пайыздық мөлшерін анықтауды және бұл тапсырманы шағын топтарға бөлініп жоба ретінде қорғау берілді. Бұл тізбектелген сабақтар топтамасының үшінші сабағы. Бұл сабақты таңдаған себебім оқушылардың туған елдің табиғатына деген қызығушылығын ояту болды. Білімдерін өмірмен ұштастыра білді. Үйге берілген тапсырма негізінен оқу сабағының мақсаттарының бірі тек оқулықпен шектелу емес, сол себепті қаламыздағы зерттеу институттарына барып мәлімет жинап, жобаларды есеп щығаруды қолдана отырып қорғау. Қорғау барысында оқушылар диалогті оқытудың зерттеушілік әңгіме жүргізуді іске асырады. Бұл дегеніміз әркімнің мәліметін пайдалана отырып есеп құру барысын қорғайды. Бір –біріне сұрақтар қоя отырып толықтырады, айтқандарын математикалық тілде дәлелдей біледі. Осылайша әр топқа берілген тапсырманы әңгіме барысында «дәлелдемесін» басқа топтарға түсіндіреді. Оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылығын қалыптасытыру мақсатында шағын топтарға «дүние жүзілік экономикалық кризис кезіндегі біздің қаламыздың бүгінгі жағдайы» шығармашылық жобалар тапсырмасын мына тақырыптар бойынша өздеріне таңдау құқығын беріп, оларды диалог арқылы оқушылар арасында қорғауға ғана емес осы арқылы ғылыми шығармашылық жұмыс бере отырып зерттеушілік жұмысқа бағыттадым. Тақырыптар:

Тұрмысқа қажетті тағамдардың әр тамақ дүкеніндегі бағаларының салыстырмалы өлшемі

Коммуналдық төлем ақының мөлшері мен зейнетақы мөлшерінің салыстырмалы өлшемі

«Таза ауыз су» бағдарламасы бойынша қаламыздағы «водоканал» шағын кәіпорнының халыққа қызмет ақысы мен тұтынатын су мөлшерінің салыстырмалы өлшемі

«Көкеніс пен жеміс жидек» дүкендеріндегі жыл мерзіміне байланысты бағаның салыстырмалы өлшемі

Электр энергиясын үнемдеуге арналған шаралар және ұсыныстар

Бұл тақырыптар бойынша біріншіден оқушылар халық арасында сауалнамалар жүргізеді, әр мекемелерге, дүкендерге барып баға мөлшерін анықтайды сосын барып өздерінің есептеулерін жүргізіп, сабақта әр топ өзіне берілген жобаны қорғайды. Қорғау барысында өздерінің жобаларындағы есептеулерді қай тақырыпқа сәйкес жасағанын дәлелдейді. Яғни оқушылар арасында зерттеушілік әңгіме туындайды. Олар тек кітапта берілген есептерді ғана шығарып қана қоймай, өздері жасаған жобадағы есептеулерін барлық оқушыларға түсіндіріп, дәлелдей алады. Бұндай жұмыстар оқушылар арасында өзара әңгімеге, пікір талас тудыруға, өз ойын дәлелдей алуға, әр оқушыға өзіндік көз қарас қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар көбінесе математика сабағында есеп шығару барысында «оқшауланып» оқиды, ал бұндай тапсырмалар топтамасы оларды жұпта, топта диалог жүргізу арқылы бірін бірі түсінуіне әкеледі және математикада да диалог арқылы есептер шығаруға болатынын түсінеді. Диалогтық оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Жұптық жұмыс ретінде де, топтық жұмыс ретінде де алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, математикалық тілін дамытады және сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейтеді. Яғни ендігі ретте оқушылар диалог жүргізу арқылы бірін-бірі үйретуші, ал ұстаз - сол білімді реттеуші, бағыт бағдар беруші. Топ құру барысында да өзара диалог жүргізу арқылы дұрыс шешім қабылдауға тырысады. Оқушыларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың

оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болады.

Нәтижесінде, диалог барысында оқушылар белгілі бір нәтижеге жету үшін пікір алмасу арқылы қызығушылығын арттыра отырып, негізгі білімді пысықтай алады. Өмір ағымына өзіндік пікірмен ілісе алатын, өзіне сенімді болып, жаңа нәрсеге тәуекелшіл, өмірге жаңаша көзқараспен қарайтын, тіл байлығы мол тұлға болып қалыптасады деген сенімдемін. Оқушыларды өмірде болып жатқан жағдайдан да хабардар болсын деген мақсатпен әртүрлі газеттердегі экономикалық жаңалықтарды оқуға беремін, «егер сен болсаң қандай пайда табар едің...» тақырыбын беріп, математика сабағында өткен тақырыптарға байланысты зерттеу жүргізуді ұсынамын.Бұл өз кезегінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз білімдерін кез келген жағдайда пайдаланып, қолдана білуге жетелейді.

Сабақта «Блум таксономиясының» барлық қадамдарына өтеді, Берілген тапсырманы білу және түсіну қадамында оқушылар топта тапсырманы талдай отырып оның негізгі мақсатын біледі және ол тапсырма бойынша қандай тақырапқа сай келетіні түсінеді. Біле және түсіне отырып жұмысты орындау барысында өтілген тақырыпты қалай қолдану қажеттілігін талқылап, тапсырманың орындалуына қысқаша жоспар жасайды, яғни қолдану қадамын жүзеге асырады. Әр топ мүшелері өз тапсырмаларын әртүрлі орындауы мүмкін: бір топ постер арқылы, екінші топ кесте бойынша, келесі топ диаграмма бойынша немесе тірек сызбаны яғни өздеріне қолайлы түрін таңдап алады. Бұл деңгейде көрсеткен іс әрекеті: тағайындау, орындау, суреттеу, пайдалану. Қолдану қадамында қалай қолдандыңдар, қандай негізгі идеяны суреттедіңдер деген сауалдың төңірегінде жауап іздейді. Әр топ мүшесіне тапсырмалар бөлінеді, әркім өзіне берілген тапсырмаларды орындап, топта оны талқылайды. Өз пікірлерін дәлелдейді және оның қандай математикалық тақырыпқа сай келетінін талдайды, бұл талдау қадамы. Талдау барысында топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы талқылап, яғни бұл жерде диалог арқылы берілген тапсырмадағы негізгі мәселені талқыға салып, білімді бірлесіп, түсінік пен дағдыны қалыптастыру арқылы білімдерін тиянақтайды. Топ мүшелері әр оқушының тапсырмаларын талдай отырып, ортақ бір тиімді жолын анықтайды, бұл жинақтау қадамы. Барлық топ мүшелері өздерінің мәліметтерін есептеулерін тақырыпқа сай болуын қадағалап жинақтайды. Берілген тапсырманың негізгі идеясын төрт не бес сөйлеммен қысқа мәлімдеуге бағыттай отырып нақты зерттеудегі идеяны анықтауға бағыттаймын. Топ оқушылары бір біріне сұрақ қою арқылы өз ойларын жинақтайды. Оқушылардың орындаған жұмыстарын басқа топ мүшелеріне таныстару кезінеде негізгі ойдың, зерттеудің жинақталуына мұғалім бағыт бағдар беру міндетті. Бағалау қадамында топтардың орындаған жұмыстарына талдау жасалып бағаланады. Топ мүшелері берілген тапсырманың орындалуына, оның өтілген тақырып бойынша сәйкес келуіне, есептеулердің нақтылығына талдау жасай келе әр топтың шығармашылық жұмысына қысқаша бағалау береді.

Диалогтік оқытудын тиімділігін осындай жұмыстардың барысында әр оқушы бойында көріне бермейтін шығармашылық қабілеттерінің көзін ашуға болады. Сабақта оқушылардың газет жаңалықтарын оқу, интернет желісінен қызықты деректерді және танымдық ақпараттарды тауып басқалармен бөлісуге, бірін –бірі оқытуға, өзінің білгенін басқаның пікірімен салыстыруға, есептеулерді талдауға тырысады және мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнайды. Оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгіштік, танымдық іс – әрекетін, өмірге көзқарасын қалыптастырдым. Алдағы уақытта мен мынадай мақсат қойдым: әрбір тақырыпты өзі түсініп, талқылауға қатысуға, оқып – үйренгенін өмірде қолдана білуін одан әрі жетілдіру. Қабілетті оқушыларды талантты оқушылардың қатарына қосу. Бағалау критерийлерінің нақты болуы, әрі қол жетімді жасау. Бағалау критерийлерін белгілі тапсырмалар жиынтығын орындауға қоя білуге үйрету. Өйткені өзін-өзі және басқаны оқыту қажеттілігін, «өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін», өзара білім алмасуды түсінген оқушы жоғары нәтижеге жетеді деген сенімдеміз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І, ІІ, ІІІ деңгейге арналған.

2. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері – Алматы, 2013.

3. С. Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде», Қарағанды, 2011







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
737
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі