400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Математикалық калейдоскоп" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал математика пәні мүғалімдеріне көмегі тиеді. Бұл материалда анимацияланған слайдтар, жеңіл әрі қызықта тапсырмалар жинақталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.

Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.

 

 Сайыс барысы: Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.

Ғылымдардың патшасы атанған, Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған Төзбейтін өтірікке жалғандыққа Ақыл ойды тәртіпке келтіретін Нағыз пән ғой математика, – дей келе, «Математикалық калейдоскоп » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.


Командаларды ортаға шақырайық.

1 топ - _______________________

2 топ -_______________________  


Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан сыналар ақыл-ойың,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,

Анықталмас жеңімпаздар бағасыз

Ел сенімін ақтай білген әрқашан ,

Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, сайыстың әділ бағасын берер әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:

1. 

2. 

3. 

Ендігі кезекте сайыс жоспарымен таныс болайық

1. Қас қағым сәт
2. «Бинго»
3. Байқап қал
4. «Ғажайып төрттік»
5. «Қолтырауын» ойыны


1-кезең. «Қас-қағым сәт»

1-топқа:

1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Шыныбеков)

2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады? (7)

3. Үш сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш)

4. 1/10 санының кері саны? (10)

5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? (12)

6. у=х 3 функциясының графигі. (кубтық парабола)

7. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем? (аксиома)

8. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6 адам)


2-топқа:

1. у=х 2 функциясының графигі. ( парабола)

2. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

3. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

(өйткені бір бала қоянды тормен бірге алды)

4. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)

5. 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?  (2 сағат)

6. Ең үлкен хорда (диаметр)

7. 35 -тің квадраты (1225)

8 . Кесіндінің ұзындығын өлшейтін құрал (сызғыш)


Екі топқа ортық:

  1. Рационал және иррационал сандар жиындары (нақты сандар)

  2. Түбірлері бірдей, тек қана коэффициенттері әртүрлі қосылғыштар (үқсас қосылғыштар)

  3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан. (нөл саны)

  4. Барлық сандардың көбейтіндісі көп пе, қосындысы көп пе? (қосындысы)

  5. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөл)

  6. Өзіне, бірге бөлінетін сан қалай аталады? (жай сандар)

  7. «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)

  8. 1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/

  9. Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім? /Қ.Сатпаев/

  10. α сүйір бұрышына қарсы жатқан катет? / сүйір бұрыштың синусы/

  11. Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы. /1879ж. Ы.Алтынсарин/

  12. Отырардан шыққан ұлы ойшыл. (әл-Фараби)

  13. Кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (бірге)



2-кезең «бинго»

1. Кездейсоқ тәжірибеде екі ойын сүйегі тасталды. Қосындыда 6 ұпай шығу ықтималдығы қандай? (5/36)

2. Ойын сүйегін екі рет лақтырғанда 5 саны түсу ықтималдығы? (1/18)

3. Мұғалім оқушыларды дөңгелек үстелге отырғызып 1-ден 18-ге дейін нөмірледі. Нөмірі 4-ші оқушыға қарама-қарсы отырған оқушының нөмірін табыңыз. (13)

4. Төрт қауынды екі-екіден өлшегенде массалары 11 кг, 9 кг, 13 кг, 14 кг, 18кг және 16 кг болды Барлық қауындардың массасын табыңыз. (27 кг)

5. Еркін үш таңбалы сан жазды. Осы санның 1 цифрынан басталып 6 цифрына аяқталу ықтималдығы қандай? (1/90)

6. Қорапта 5 ақ, 13 қара шар бар. Қораптың ішінен қарамай бір ақ және бір қара шар алғаныма сенімді болу үшін кем дегенде қанша шар алуым қажет болады? (6 шар)


3-кезең «Байқап қал»

Төмендегі сұрақтардың жауабын табыңдар!

1. Осы лагерге қанша турист демалуға келген?

2. Олар қашан осында келді: бүгін бе, әлде бірнеше күн бұрын ба?

3. Олар мұнда немен келді? Автомобильдер ол кезде жоқ.

4. Жел қай жақтан соғып тұр: солтүстіктен бе әлде оңтүстіктен бе?

5. Қазір күннің қай мезгілі?

6. Шура қайда кетті?

7. Кеше кім кезекшілік еткен? (Аты бойынша атаңыз.)


Жауаптар:

1. Төрт, 4 адамның тізімі, қоқыстарда - 4 қасық және 4 табақша.

2. Бірнеше күн бұрын. Шатыр тігіліп тұр. Демек, түнеген

3. Қайықпен. Ағаштың жанында ескектер бар.

4. Ағаштың оңтүстік жағындағы бұтақтары солтүстік жағындағыға қарағанда ұзын болады. Ал өрттің жалынына қарап, оның солтүстікке қарай созылғанын көреміз. Осыдан жел оңтүстіктен екенін білеміз.

5. Таң, себебі көлеңке батысқа қарай шығып тұрады, күн шығысқа қарай жарқырайды.

6. Шура көбелектерді ұстауға барады. Көбелектерді ұстайтын тормен бұталардың артынан көбелек ұстап жатқанын көруге болады.

7. Мәселен, Шура көбелектерге кетіп қалды, Коля «К» әрпі бар сөмкесінің жанында отыр. Үшінші бала – фотограф Вася. Біз ішінде штативі бар «В» әрпімен белгіленген рюкзакты көреміз. Сондықтан бүгін кезекші Петя. Ал кеше Коля кезекші болды.




4-кезең «Ғажайып төрттік»

Анықтамалар:

10: Үшбұрыш дегеніміз не? (Үшбұрыш деп бір түзудің бойында жатпайтың үш нүктеден және оларды қосатын үш кесіндіден құралатын тұйық геометрикалық фигураны атайды)

20: Арифметикалық прогрессия дегеніміз не? (әрбір келесі саны (2-саннан бастап) алдыңғысына бір тұрақты d санын қосқанда шығатын сандар тізбегі.)

30: Функция ұғымына анықтама бер (A нақты сандар жиынында жататың кез келген x саны үшін В жиынынан тек бір ғана y санын сәйкес қоятын ереже, сәйкестік Яғни, y=f(x)   )

Формулалар:

10: Пифагор теоремасынан шыққан екінші формула ()

20: Логарифмдік теңдеулерді шешу алгоритмі қандай?

(формула түрінде көрсетіңіз)

30: Скаляр көбейтіндінің алгебралық және геометриялық формулаларын көрсет

Фигуралар сыры

10: Суретте неше төртбұрыш бар? (18 төртбұрыш)

20: Суретте неше үшбұрыш бар ? (35)

30: 6 түзу арқылы жазықтықты ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болады, көрсетіңіз (22)

Заңдылықты тап:

10: (45) 20: (10)

30: (2)


5-кезең «Қолтырауын»


1. аудан 1. көлем

2. транспортир 2. сызғыш

3. функция 3. айнымалы

4. теңдеу 4. биссектриса

5. координата 5. Гипотенуза

6. косинус графигі 6. Парабола графигі

7. интервал 7. Диагональ

8. бұрыш 8. жанама



1. аудан 1. көлем

2. транспортир 2. сызғыш

3. функция 3. айнымалы

4. теңдеу 4. биссектриса

5. координата 5. Гипотенуза

6. косинус графигі 6. Парабола графигі

7. интервал 7. Диагональ

8. бұрыш 8. жанама











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
5 қазан
1093
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі