Тақырыбы:
«Мың мамандық бәрі бар,
Таңдап,
талғап бірін ал!»
Мақсаты: оқушыларға
болашақ мамандық және оқу бағдарын
таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және
оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын
кеңейту;мамандықтар туралы көзқарасын
дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда
дұрыс жолда болуына себепкер болу
Кіріспе
сөз:
Қайырлы
күн, құрметті қонақтар, ұстаздар,
оқушылар!
Бүгінгі
ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық
бәрі бар,
Таңдап,
талғап бірін ал!» атты пікір алмасу
сағатына қош келдіңіздер!
-
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім
оңсын десеңіз,
Сол
істің маманы болыңыз.
Даңқым
шықсын десеңіз,
Көпшіліктің
адамы болыңыз.
Адамның
қоғамда толық қанды өмір сүруі оның
таңдаған мамандығына байланысты. Дұрыс
таңдаған мамандық, адам өміріне жағымды
әсерлер қалдырып, өзін-өзі құрметтеу,
өміріне деген құлшыныс сезімдерін
арттыра түседі,дұрыс
таңдалған мамандықтың көмегі зор.
Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына
мамандықты дұрыс таңдау өте
маңызды. Әлемде
50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл
сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып
отырады екен. Олардың ішінен өзімізге
қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз
олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық
таңдауда нені бағдар ретінде алуға
болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім
боласың?» деген сұрақтарға мектеп
оқушыларының көбісі нақты жауап бере
алмайды. Шындығына келгенде мамандық
таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз
нарықтық қатынасқа көшіп отырған
жағдайда өте күрделі мәселе.
Көптеген
жоғары сынып оқушылары өздерінің
іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс
тани алмай, мамандық таңдауда көптеген
кедергілерге ұшырайды.
9,11-
класс оқушыларының алдында тұрған басты
мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Ал
мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының
сәттілігінің негізі.
Мамандық
таңдау дегеніміз не? Осы сұраққа жауап
беру үшін біз бүгінгі пікір алмасу
сағатымызды
ұйымдастырып отырмыз
«Қонақпен
сұхбат»
-БҚО
ӘББ «А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі»
МКҚК тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Гулмира Рашидовна
Ж.Досмұхамедов ат.жоғ педагогикалық
колледж маманыЛяззат Сайкомовна.
-Республикалық
жоғары техникалық колледжінің кәсіби
бағдар беру бөлімінің бас маманы Венера
Маратовна
а)
кәсіпті тап
1.
Менің кәсібім сендерге оңай болып
көрінуі мүмкін, бірақ оған бүкіл ұжымның
жұмысы тәуелді болады. Бұл кәсіп үнемі
қозғалыста болуды және мықты жүйкені
талап етеді. Мені адамдар ылғи да өңімнен
тани білмейді, өйткені көбінесе арқамды
ғана көреді. (Дирижер)
2.Мен
пропандық жанарғымен жұмыс істеймін.
Пештің жанында
60-900 –
тық температурада аяғымнан тік тұрып
еңбек етуге тура келеді. Бұл кәсіпті
ешбір оқу орны оқытып үйретпейді .(Шыны
үрлеуші).
1.Менің
кәсібіме көп талаптар қойылады. Оның
негізгі кемшілігі –денсаулыққа жағымсыз
әсері. Кәсіптік ауруы – гипотония, яғни
артериялдық төменгі қысым. Маған жеке
өмірімді жоспарлау қиындау, өйткені
мен жерде көп болмаймын. (әуе
жолсерігі)
2.Кел,
балалар, оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық
Оқысаңдар,
балалар,
Шамнан
шырақ жағылар.
Тілегенің
алдыңнан
Іздемей-ак
табылар.
Бұл
жолдарды жазған адамның мамандығын
атаңдар (Ақын)
Тапсырма: Өзің
келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып,
ойыңды дәлелде
-
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
-
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына
байланысты
-
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп
мамандық таңдауға болады
-
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
-
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына
түсу керек
-
Ақша болса, мамандық қажет емес
-
Мамандық таңдауда психологтің көмегі
қажет
-
Мамандық таңдаудағы басты өлшем –
қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
-
Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым
анықтайды
-
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
Қорытынды:
Мамандық
таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ
КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ
КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат
пен мүдденің, ынта мен ықыластың
кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ
АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың,
денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ
КЕРЕК – Сұраныстардың,
аймақтағы әлеуметтік - экономикалық
проблемалардың, әлемдік экономикалық
даму тенденцияларының кеңістігі.
Ж.
Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ,
бірақ мұның кез келгеніне икемділік
қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың
ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген
екен.
“Отанның
болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың
қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан
олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды
тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің
арқасында биік белестерге жетеді”
деген Н. Ә. Назарбаев
Жасанова
Б Ж
БҚО
Орал
қаласы
37
жалпы орта мектебінің тәрбие орынбасары