жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара "Ойлы болсаң, озып көр"
«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ
Сыныптан тыс шара
(зияткерлік сайыс сабақ)
Тақырыбы:

10-сынып
Өткізген: Шангишбаева А.С, Болатқызы Зауре
2017-2018 оқу жылы
«Мақсаты: Оқушының білімі мен
біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін
шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: әдеби
турнир
Көрнекілік: интерактивті тақта,
слайд
Пәнаралық
байланыс: ауыз әдебиеті, өнер,халық
педагогикасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен
танысу.
Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып,
қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің
адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар
бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы
ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл
арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың
жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың
тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан
атамыздың: «Жан көріністерінің ең қымбаты– ой, ой тілі –сөз. Тіл
адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны...» деген
сөзі дәлел деуге
болады.
Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз
тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ
тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы»
күшіне енді Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз –
тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек
тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп
Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең
негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі
болмақ.Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз –
Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы
бар. Сонымен қатар өз тілі
бар.
Туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде
сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес
пе?
Сайыс
кезеңдері:
1.Зымыран сұрақтар
2. «Қызық екен»
3. «Терең-терең ойлаймын,Ақындарша жырлаймын»
4. Логика қайда?
5.»Бұл кім?»
6. «Жалғастыр»
Сөз кезегі – топтарға беріледі. Таныстыру.
-
І кезең «Зымыран сұрақтар»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)
1. Бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, алайда, сөйткенмен жалғаулықтарымен қандай салалас қ.с. түрі жасалады –Қарсылықты;
-
Одағайдың тыныс белгілері – үтір, леп белгісі;
-
Сын есімнің сұрағы – қандай?
-
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері – бастауыш, баяндауыш;
-
Жуан дауысты дыбыстар – А,О,Ы,Ұ;
-
«Мереке» сөзінің сининимі – той, думан;
-
Қосымшаның түрлері – жұрнақ, жалғау;
-
Үндестік заңына бағынбайтын септік – көмектес;
-
Буын түрлері – ашық, тұйық, бітеу;
-
Реттік сан есімнің жұрнақтары - -нші, -ншы, -ыншы, -інші;
-
Толықтауыш мағынасына қарай қалай бөлінеді – тура, жанама;
-
Етістіктің неше шағы бар? – 3
-
Ілік септігі сөйлемнің қандай мүшесі болады? – анықтауыш;
-
Бастауышы жоқ сөйлем – жақсыз;
-
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері – толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш;
-
Шығыс септігінің сұрақтары – кімнен? неден?
17.Жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты
болатын құрмалас сөйлем қалай
аталады? салалас
18. Сөз басы
неден басталады? сәлемдесуден
19. -ыл, -іл, -л
жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрін
табыңдар. ырықсыз
етіс
20. Синтаксис нені зерттейді (сөз тіркесі мен
сөйлемдерді)
|
Тіл |
Уақыт |
Сәлемдесу |
Ақындар әлемі |
|
Ән-жұмбақ |
Ол кім? |
Бес арыс |
Қандай зат? |
|
Полиглот |
Жаңғыру |
Бәрекелді! |
Сандар сөйлейді |
Тіл.1.Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақстан Республикасы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдаған бірден-бір мемлекет. Әлемде 95 тіл мемлекеттік тіл болып табылады. Ал 56 мемлекет ағылшын тілін мемлекеттік тіл ретінде таныған, ал француз тілі – 30. Бүгінгі таңда қазақ тілі сөйлеушісі бар тіл қатарында. Қазақ тілі бұл жағынан әлемдегі ірі 40 тілдің қатарына енеді. Қазақ тілі сөйлеушісі көп ең ірі бес тілдең қатарына кіріп отыр. Сұрақ бүгінгі таңда қазақ тілінде сөйлеушілердің саны қанша? (Жауабы: 16 197 000)
2.СӘЛЕМДЕСУ Әлем елдерінде сәлемдесу
рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен
сәлемдесу салтанатын өткізеді. Тибеттіктер қолданатын сәлемдесу
түрі көптеген елдерде әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде жазаға
тартылады. Бұл сәлемдесу тибет халқына жат емес, себебі, олар
бір-бірін көргенде сол әрекеттерді жасайды. Бұл рәсім 9-ғасырда
бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманға
байланысты болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз
емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде
сәлемдеседі. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
(Жауабы: Тибет халқы бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара
бастайды.)
3.УАҚЫТ. Он екі айдың бір күні қазақ
үшін, қазақ әдебиеті үшін аса қастерлі күн. Себебі бұл – әр заманда
өзіндік соны із қалдырған жазушы тұлғалар туған күн. 1897 жылы
Мұхтар Әуезов дүниеге келсе, арада 35 жыл өткенде 1932 жылы Шерхан
Мұртаза, ал одан 11 жыл өткен соң 1943 жылы Оралхан Бөкей өмір
есігін ашқан. Қазаққа үш бірдей қайталанбас тұлғалар тарту етілген
бұл күнді тегін дей алмаймыз. Ол қай күн? (Жауабы: 28 қыркүйек)
4.АҚЫНДАР
ӘЛЕМІ. Мұқағали Мақатаевтың шын
есімі Мұқаметқали екен. Ақынның алғашқы өлеңдері – «Қырман
басында», «Қойшы бала –Әкітай» деп аталған. Аңға шығуды, балық
аулауды өте жақсы көрген. Өзә «Бұхар», «Наманган» деген ат қойып,
палау басатын. Өлеңді көбінесе қыста, күзде жазатын. Мұқағали
Мақатаевтың хоббиі қандай болған? (Жауабы: үй жиһаздарыныңорнын
ауыстырып қою)
5. ӘН ЖҰМБАҚ . Бейне тыңдау сөзі, әні кімдікі екенін табу.
6. ОЛ КІМ? Қасым Қайсенов айтты: « Өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш - өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» Ол кім?.
7. ЖАҢҒЫРУ:
Қазіргі латын әліпбиі
Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, Қытай қазақтары ағарту жүйесінде бір кездерде (1929 – 40 жылдары; 1960–1970 жылдары) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. 2017 жылы қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі ұсынылды. 2017 жылдан бастап 2025 жылы аяқтау жоспарланып отырған латын әліпбиіне біртіндеп көшу басталады.. 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылды. 2017 жылдың 26 қазанында бұл алфавит ресми түрде мақұлданды. 2017-2025 жылдары жаңа алфавитке көшу жоспарлануда. Сұрақ: Латын әліпбиіне негізделген алфавит неше әріптен тұрады? (Жауап: 32 Әріп)
8.«БІЛЕСІҢ БЕ?»
М.Әуезов «Абай жолын» кітабын
үш рет кітап етіп жазып, «Телғара» деп атамақшы болған екен.
Барлығын қолмен жазып, машинкада терген. Сұрақ М.Әуезов Абайды
өмірінде көрген бе? (Жауап: 5 жасында бір рет
көрген)
9. «САНДАР
СӨЙЛЕЙДІ»
1818-1881 жылдар. Сандарды сөйлетеміз?
(Жауабы: Шортанбай Қанайұлы өмір сүрген жылдар)
10. БЕС АРЫС
Қазақ тіл білімінің атасы, халқын «маса» боп оятқан, Крылов мысалдарын аударған, оқу-ағарту, әдебиет, мәдениеттегі орны ерекше халқымыздың бес арасының бірі. (Жауабы: А.Байтұрсынұлы)
11. ПОЛИГЛОТ
Атадан жақсы ұл
туса,
Есіктегі басын төрге
сүйрер.
Атадан ... .......ұл
туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
(жаман,плохой,bad)
12. БӘРЕКЕЛДІ
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым. Синтаксистік сатылай кешенді талдау жаса!
3-кезең: «Терең-терең ойлаймын,Ақындарша жырлаймын»
Жұмбақтар беріледі. Сол жұмбақтардың шешуін топта жазып отырады. Және жұмбақтың шешуіне байланысты өлең жолдарын құрастыру.
Қабат-қабат
қаттама,
Ақылың болса
аттама.
(кітап)
Ұзын
мойны,
Екі
ішек,
Қатар-қатар
тепкішек.
Басып көрсең
бір-бірлеп,
Үн шығады
күмбірлеп.
(домбыра)
Көтеріліп
теңізден,
Аспанға биік
барамын.
Өрінен мен
түскенде,
Өңі кірер
даланың.
(жаңбыр)
Таңмен көзін
ашады,
Әлемге нұрын
шашады.
(күн)
4-кезең. «Логика қайда?»
1.Үнемі қолданылатын бірлікке шақыратын сөздер! (Біріміз бәріміз үшін)
2.Қазақтың классикалық музыкасының аты? (Желсіз түнде жарық ай)
3.Мақал-мәтел? (Отансыз адам, ормансыз – бұлбұл)
4.Ертегі аты? (Мақта қыз бен мысық)
5.Қазақ еліне танымал тұлға. (Дала қоңырауы – Ыбырай Алтынсарин )
6.Қай шығарма аты? (Жерлес жазушы О.Бөкейдің «Апамның астауы»)
7.Бұл кімнің жас кезі? (Мұхтар Шаханов)
5-кезең.
Топтарға қима қазаздар беру. Ол жердешығарма атауы мен авторы берілген. Топ мүшелері мимика арқылы басқа топқа көрсетеді. Басқа топтар қай шығарма және оның авторын анықтау керек.
-
Дулат Бабатайұлы «Еспембет»
-
М.Өтемісұлы « Ереулі атқа ер салмай»
-
Сүйінбай мен Қатаған айтысы
-
Шоқан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
6-кезең. «Жалғастыр». Сөздер мен сөз тіркестері беріледі. Сөйлемнің басы ретінде алып барлық оқушылар мәтін құрастырулары керек.
Біз. Достарым.Бүгін. Елім. Мектепте.Қызық болды. Сол сәтте. Көрдім де. Қазақ тілі. Әдебиет. Жақсы көремін. Болашақта. Рахмет!
Қорытындылау: Жеңімпаз топты анықтау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген