400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Оқуда озат боламыз!" Мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге қажет деп ойлаймын. Мектепалды даярлық сыныппен қоштасушы балдырғандардың қоштасу кешін жақсы өткізу үшін құрылған сценаий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 21.05.2019 ж.
Тақырыбы: « Оқуда озат боламыз »

Мақсаты:

1. Білімділік: Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау.

2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Өзінен үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Өткізілетін орын: АКТ залы

Көрнекіліктер: Балалар суреттері, құттықтау сөздер, шармен безендіру, балалардың,
ата – аналардың жұмыстарынан көрме.

Тәрбиеші: Армысыздар, мұғалімдер қымбатты, 
Біздер үшін ашатын сан жұмбақты. 
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді 
Шәкіртіңнің қылықтары тым тәтті. 
Қош келіпсіз, әкелер мен аналар, 
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар 
Алдарыңа жауқазындай құлпырған 
Келіп шығар балғын шақты балалар 
“Мереке”,- деп көңіл шіркін тасады, 
Ән менен күй көңіл сырын ашады 
Бүгінгі келген қонақтарға мың рахмет 
Ақ жаулықты әжеміз мерекелік шашуын да шашады. 
Әже сөзі: 
Шашу, шашу шашайық 
Ақ сандықты ашайық 
Бұл мереке, бұл тойдың, 
Бастаңғысын жасайық..
 
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобында алғашқы түлектері өмірге араласпақшы. Бұлар көк байрағың желбіретіп, ән - әнұранын асқақтатын Еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі той иелерін, мектепалды даярлық тобын ортаға шақырайық. Балаларымыздың осы алтын ұяға қадам басуына білім алуына ең алғаш септігін тигізген Ә. Кекілбайұлы атындағы орта мектептің директоры Маркиза Мүрсенқызын ортамызға балаларымызбен қоса шақырамыз. (Балалар ортаға кіреді.)
Мектепалды даярлық сыныбын аяқтағалы отырған бүлдіршіндеріміз
Қайрат Қайсар Тимурұлы
Калык Әсем Арыстанқызы
Жасұланұлы Диас
Мұратқызы Айсана
Шалқарұлы Асылжан
Сидегали Айзере Русланқызы
Құттықтау сөз өзіңізге жолданады.
Келесі сөз кезегін алғаш білім ошағына келгенде алдарына күлімдеп қарсы алып, білім нәрімен сусындатқан Нұргүл Қармысқызын шақырамыз
Амангелді Шыңғыс Абзалұлы
Абройқызы Арай
Муканбетұлы Райымбек
Исламгали Айкөркем Абзалқызы
Бүркітқлы Бақдәулет
Бердіғали Асанәлі Қанатқалиұлы
Нұргүл Қармысқызы көңіл – күйіңіз қалай? сөз кезегі өзіңізде.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар армысыздар

Бәріңіз де есен – аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманың

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Дей отырып бүгінгі «Оқуда озат боламыз» атты сыныптан тыс мерекелік ертеңгілігімізді бастағым келеді!

Тәрбиеші: Айналайын, балалар,
Сендерде ой сана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар даналар.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Хор: « Бала – бақша»
Тәрбиеші: Бүгін біздің бір жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектепалды даярлық топпен шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Қанекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Балалар қараңдаршы бізге біреу әдемі ағаш қойып кетіпті. Қараңдар қасында хаты да бар екен, тыңдаңдар мен сендерге оқып берейін.
Хат: Сәлеметсіңдер ме балалар? Қалдерің қалай? Бұл сыйлық сендерге арналған ол да сендер секілді әлі де кішкентай сендермен бірге әдемі болып өссін. Сендерге ақ жол тілеймін білмді де ақылды саналы болыңдар, ата – аналарыңды қуантудан жалықпаңдар, мерекелерің құтты болсын. Сонымен қатар балалар сендерге арналған аздаған тапсырмаларым бар, өте жақсы орындарсыңдар деген ниеттемін.Тапсырманы толық орындасаңдар сыйлықты өздеріңмен бірге 1 – сыныпқа әкетулеріңе болады. Сәттілік балалар! Сәлеммен сәттілік тілеуші аға – апаларың.
Тәрбиеші: Рахмет сіздерге. Балалар тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық
Қандай тапсырма болса да,
Шешпей оны қоймайық!
1- тапсырма: «Кім жылдам сөз айтады»

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптерді ұстап тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.
Жарайсыңдар балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар!
Тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән: «Біз тәртіпті баламыз»
Орындайтын: Жасұланұлы Диас

Тәрбиеші: Ал енді балалар қараңдаршы келесі тапсырма
2 – тапсырма: Сұрақтарға жауап беру. Кәне бәріміз жауап берейік!

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Сабаққа ерте тұрамыз ба?

7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

Жарайсыңдар! Олай болса балалар мен де осы «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» тапсырмасын ата – аналармен жалғастырғым келіп тұр

1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

3. Тамағын уақытында бересіз бе?

4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

5. Сериал көріп жатасыз ба?

6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Тәрбиеші: Рахмет көп – көп. Балалар олай болса келесі тапсырмамызға көшейік.
3- тапсырма: Ағылшын тілінде ән немесе көңілді би орындап берулеріңді сұраймын.
Балалар бұл тапсырма бізге қиын ба?
Балалар: - жоқ
Тәрбиеші: Олай болса би билеп берейік. Ортаға шыға қойыңдар. Жарайсыңдар балалар. Келесі тапсырманы қарайық
4 – тапсырма: Ойын: «Тез тұратын сандар»

Шарты: 10 бала керек. Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек. Тура және кері санау. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санау.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
Өтті қызық көп күндер,
6
жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

Хор: «Топ – топ балақан »
Тәрбиеші: Балалар мұнда соңғы тапсырма қалпыт қәне тапсырманы орындап сыйлықты өздеріңмен бірге ала кетесіңдер ме?
5- тапсырма: Қоштасу кешіне арнап өлең шумақтарын, тақпақ жатқа айтып беріңдер.
Балалар тақпақтары:
Айсана: Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен.
Таныстырған ең алғаш,
Әріптер мен суретпен,
Тәрбиеші мұғалім.
Мектепке ертең барамыз
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Апайға келіп тұрамыз
Асанәлі: Биыл күзде мектепке, 
Біріншіге барамын. 
Мақтанбаймын мен текке, 
Дайын дәптер, қаламым.
Қайсар: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.

Шыңғыс: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Айзере: Ән салайық бас қоса, 
Даярлықпен қоштаса. 
Қалам, дәптер, өшіргіш, 
Кітаптармен достаса.
Нағыз білім ырыс  бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз  дұрыстап.
Райымбек: Бар әдемі қаламым, 
Соны қолға аламын. 
Жазуды да жазамын, 
Суретті де саламын.
Әсем: Әріптерді үйреткен, 
Жамандықтан жиренткен. 
Ұстаз-біздің анамыз, 
Жарқыраймыз, жанамыз.
Өстік біздер мінеки,

Жаттап талай тақпақты.

Бала күнім балдәурен,

Ұмытылмас шақ тәтті.

Арай:  Біз-оқушы боламыз,
Өсіп оймен санамыз.
Өмірге жол саламыз, 
Біз мектепке барамыз.
Асылжан: Елдің атын жазамыз. 
Жердің атын жазамыз, 
Туған тілге тазамыз. 
Біріншіге барамыз.

Бақдәулет: 5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Айкөркем: Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.

Диас: Біз балауса баламыз,
Жетілді ой – санамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Олай болса, тентек болмауға, сабақта жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер.

Бәрі: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!

Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!

Әсем ән: «Оқуда озат боламын»
Орындайтын:
Русланқызы Айзере

Тәрбиеші: Өсті ақыл - ойларын,

Өсті міне бойларын.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.
Мұндай мереке қоштасу вальсінсіз қызық болмас, балалардың орындауында
 
Би «Қоштасу вальсі».

Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Міне құрметті ата- аналар біздің сәби түлектеріміз осылайша өздерінің қимас ұялары Мектепалды даярлық сыныбымен қоштасты, сіздерге тілеріміз балалардың әрі қарай жақсы- жаманды айыра білуі, денсаулықтарының мықты, берік болу сіздердің қоларыңызда, әр кез баламен бірге болып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, тек қуанышқа бөлене берулеріңізді тілей отырып, балаларымызды мадақтағымыз келіп тұр. Мадақтама тарату.

Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

Дендеріңіз аман есен мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!

Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз.
Қорытынды: Білім ошағы мектеп. Білім - теңіз, мектеп - кеме. Бүгін тарыдай болғанмен, ертең ақ таудай болып мына мектепті бітірсеңдер. Білім мен өнер жиып, үлкен азамат боласыңдар. Жол ашқан бүлдіршіндеріміз даярлықпен қоштасып, 1 - сынып қадам басқалы отыр. Қадамдары құтты болсын деп қорытынды сөз кезегі Ә. Кекілбайұлы атындағы орта мектебінің тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Мұстахима Мұқанқызына сөз кезегін береміз.
Осымен «Оқуда озат боламыз» атты сыныптан тыс мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

Сөз кезегі ата – аналарда.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі