400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара (Өсімдіктер әлемі) 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған көмікші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыс: Өсімдіктер әлемі


Түрі: танымдық сайыс

Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,табандылықпен шешім қабылдауға,оны дәлелдеуге үйрету,биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.


Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар

Жүсіп Баласағұн

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ»атты жаратылыстану апталығында өткелі отырған «Биология әлемі» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер.

Сайысқа қатысушы оқушылармыз 6- сыныптар оқушылары.Сайысымыз мына кезеңдерден тұрады.

САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ:

1. "БӘЙГЕ" КЕЗЕҢІ

2. "КІМ ШАПШАҢ" КЕЗЕҢІ

3."ОЙЛАН ТАП" КЕЗЕҢІ

4. "КІМ ӨНЕРЛІ" КЕЗЕҢІ

5. "КІМ ТАПҚЫР" КЕЗЕҢІ

Сайыскерлерімізге реттік номерін беру үшін фигураларды таңдап, сол бойынша 1-ші,2-ші ,3-ші , 4-ші, 5-ші болып ретімен тұрады.

Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:

1. география пәні мұғалімі-Ахметова К.Ч.

2. биология пәні мұғалімі –Мұңсызбаев Е.Қ.

Сайыскерлерімізді таныстырып,олардың әрқайсысына көңіл-күйлерін көтеру мақсатында мынындай сұрақтар қойылады:

-сүйікті пәнің?

-сүйіп жейтін тағамың?

-сүйікті әншің?

-ұнататын кино аты?

-қай мұғалімді ұнатасың?

Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып,сайысымыздың 1–ші кезеңін бастаймыз.


"БӘЙГЕ " КЕЗЕҢІ

Бұл кезеңде әр сайыскерге 5 сұрақтан қойылады,әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі

1 ойыншыға:

1.Ағаш қабығының қабаттары? (тоз,тін,өң)

2. Аналықтың ең негізгі бөлігі? (жатын)

3. Бидай дәнегінің едәуір бөләгән алып жатады? (эндосперм)

4.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым? (ботаника)

5. Біржасушалы талшықты жасыл балдырлар. (хломидоманада)

2 ойыншыға

1.Балдыр жасушасындағы хлоропласт? (хромотофор)

2.аналықтың құрылысы? (аузы, мойыны, жатыны)

3.Мүктерді зерттейтін ғылым? (бриология)

4.Өте ұсақ заттарды үлкейтіп көөрсететін құрал? (микроскоп)

5.Өсімдіктің жер аст мүшесі? (тамыр)

3 ойыншыға

1.Жапырақтың сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі? (сағақ)

2. Аталықтың құрылысы? (жіпше, тазаңқап)

3.Гүлдің бөлімдерін ата? (табан, сағақ, тостағанша, күлте, аналық, аталық)

4.Ғарыштық процесс? (фотосинтез)

5.Шымтезек мүгінің латынша атауы? (сфагнум)

4 ойыншыға

1.Плаунтәріздестердің кең тараған өкілі? (шоқпарбас плаун)

2.Шымтезек мүгінің қанша түрі бар? (350)

3.Бунақденелілерді еліктіретін гүл бөлігі? (күлте)

4.Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар? ( жарық, жылу, ылғал (су), ауа)

5.Ең алғаш жасушаны ашқан ағылшын ғалымы? (Роберт Гук)

5 ойыншыға

1. Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік? (төбе бүршік)

2.Аталық тозанының аналықтың аузына түсуі? (тозаңдану)

3.Балдырлардан не алынады? (йод, спирт, сірке қышқылы, агар-агар)

4.Жасыл мүкті тағы қалай атайды? (көкек зығыры немесе көкек мүгі)

5.Биіктігі 110-111м-ге жететін, дінінің ені 6-8 м , оған 20 адамның құшағы зорға жететін ағаш? (секвойя)


2. кезең "КІМ ШАПШАҢ"

Кезең мақсаты:

Берілген адасқан әріптерден сөздер құрастырады.Әрбір дұрыс сөзге 10 ұпай беріледі.

1

1. Р О С М И К К О П (Микроскоп)

2. Д Н Ә (Дән)

3. М А Т Ы Р (Тамыр)

4. Б Д Ы Р А Л (Балдыр)

5. Ы Қ Б Т А Қ А Ы Р Қ (қырыққабат)

2

1. А С Ж У А Ш (Жасуша)

2. Ү К М (Мүк)

3. П А Ж Ы Қ Р А (Жапырақ)

4. М Е Ж С І (Жеміс)

5. Қ А С М Ы Р С А (сарымсақ)

3

1. Р Б И О Г ОЯ Л И (Бриология)

2. Т А Қ Ы А Л (Аталық)

3. Қ Ұ Т М Ы (Тұқым)

4. Л Г Ү (Гүл)

5. С А Б Ғ Ы Н Ү К (күнбағыс)

4

1. П Ұ А Л (Ұлпа)

2. Т А Ы Ж Н (Жатын)

3. Й Т Н Ү Е К (Түйнек)

4. Б А А Қ С (Сабақ)

5. Б І С З Ә (сәбіз)

5

1. У Л П А Н (Плаун)

2. Н А Л Қ А Ы (Аналық)

3. К Ө Р Н Е (Өркен)

4. А Р Т К О П (картоп)

5. И Я З П (пияз)



3. «ОЙЛАН ТАП» КЕЗЕҢІ

Бұл кезеңде қағаз қиындыларында жазылған мақал-мітелдерді жалғастыру. (жан-жануарлар туралы)

1. Қойдың сүті — қорғасын.

2. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

3. Екі қошқардың басы, бір қазанға сыймас.

4. Айдағаның бес ешкі,ысқырығың жер жарады.

5. Ат шаппайды, бап шабады.

6. Түйенің үлкені көпірден таяқ жер.

7. Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.

8. Ит итті жұмсайды,, ит құйрығын жұмсайды.

9. Жылқы — малдың патшасы,түйе — малдың қасқасы.

10. Қарға қарғаның көзін шұқымас.

11. Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

12. Сиыр су ішкенде, бұзау мұз жалайды.

13. Есектің еті арам, күші адал

14. Түйені жел шайқаса, ешкіні көктер табарсың

15. Аттың бәрі тұлпар болмас, құстың бәрі сұңқар болмас.


4. "КІМ ӨНЕРЛІ"КЕЗЕҢІ

(әр сайыскерге бір-бір конверт,ішінде тапсырма жазылған,соны образға еніп,қимылмен көрсету керек)

1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет

2 Судан шығып қалған балық

3. Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу

4.Мысықтан қорқып қашқан тышқан

5 Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу

5. «КІМ ТАПҚЫР» КЕЗЕҢІ

Әр сайыскерге үш жұмбақтан беріледі. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1

1.Күннің нұрын сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Моншағым жоқ мойнымда,

Үлкен қалпақ киемін. (Күнбағыс)

2. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

3. Көк лағым көгенде тұрып семірген. (Қарбыз)


2

1.Алма дерсің, түсіне қарап,

Жүгері дерсің, ішіне қарап,

Татсаң тәтті, бал шәрбәтті. (Анар)

2. Үстіне тігіп көк шатыр ,

Астында қызғылт дәу жатыр . (Қызылша)

3. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)



3

1.Жер астында темір қазық. (Сәбіз)

2. Пішіні бар домалақ,

Көміп қойдым сығалап,

Жақсы болса тұрмысы,

Шығады екен қоғалап.

Бес ай тамам біткенде,

Қаптап алдым құмалақ. (Картоп)

3. Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат тоны бар. (Орамжапырақ)


4

1.Аласа талда алуан алма,

Алқызыл болмай аузыңа салма. (Қызанақ)

2. Қалтырап жап-жалаңаш,

Тұрғанда терек, қарағаш.

Көк желегін жамылып,

Құлпырар қыста қай ағаш. (Қарағай)

3. Күннен көзін алмайды,

Мойны бірақ талмайды.(Күнбағыс)


5

1.Тікен, тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

2. Шеңбер жасап өседі,

Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ)

3. Жер астында ақбоз ат,

Терісі бар он қабат.

Жалынан ұстап соярсың,

Жей бастасаң жыларсың. (Пияз)


Жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Биік-биік асулардан көрініп,тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз.Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Әділқазылар алқасы жеңімпаз оқушыны анықтап,қорытындысын шығарды.Жеңімпаз оқушы анықталды.

Қош ,сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.03.2019
1042
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі