400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Отбасыммен біргемін!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Сырым ауданы, Қоңыр ауылы,

ЖББ А.Жұмағалиев атындағы

Жосалы ОМБК тәлімгері Н.Ихсанова


Тақырыбы: «Отбасыммен біргемін!» отбасылық спорттық сайыс

Қатысушы: мектеп оқушылары мен ата - аналары

Мақсаты: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі: отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары: кедергілер, кубиктер, шеңбер, арқан, кіші доптар, үлкен доптар.

Өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Негізгі бөлім.

- Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Отбасыммен біргемін!» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 5 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз барлық отбасыларға сәт сапар тілейміз!


Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)


Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар сарапшылармен таныстырып өтейік.

1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мерлан Марксұлы

2. мектеп тәлімгері Назерке Біржанқызы


Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 4 турдан тұрады:

1-тур: «Шаңғы тебу»
2-тур: «Шанамен сайысу»

3-тур: «Арқан тартыс»

4-тур: «Аққала жасау»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт - сапар!

Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

1-тур:

«Шаңғы тебу» сайысы

Шарты: Отбасы мүшелері белгіленген межеге дейін шаңғы теуіп келеді. Құламай бірінші келген отбасы жеңімпаз атанады.

  • Рахмет!

  • Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!


Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Олай болса, екінші турымызға өтеміз.


2-тур: «Шанамен сайысу»

Шарты: Топ мүшелері кезекпен кезек балаларын шанамен сүйреп, белгіленген жерге дейін барып келуі тиіс. Бірінші келген отбасы жеңімпаз атанады.

  • Рахмет!

  • Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

3-тур: «Арқан тартыс»

Шарты: Екі отбасы мүшелері арқан бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

  • Рахмет!

  • Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

4-тур: «Аққала жасау»

Шарты: Отбасы мүшелері түгелдей қатысады. Бірігіп қардан аққала жасайды. Үздік әрі әдемі шыққан аққала жасаған отбасы жеңімпаз атанады.

  • Рахмет!

  • Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!


III. Қорытынды бөлім.

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! - дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау. (Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

(Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.)


Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
425
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі