Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта
мектебінің тарих пәні мұғалімі Қорықбасова Жанар
Жолдыбайқызы
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы- Мәңгілік
ел!
Сабақтың мақсаты:
Жалпыұлттық идеяның құндылықтарын жүзеге асыру,
бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы,
азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер
әрі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
1- жүргізуші: Егеменді дамудың 23 жылында барша
қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған
басты құндылықтар жасалды.
2- жүргізуші: Бұл құндылықтар- уақыт сынынан
өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
1- жүргізуші: Біріншіден, бұл- Қазақстанның
тәуелсіздігі және Астанасы.
2- жүргізуші: Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы
ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
1- жүргізуші: Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және
жоғары руханият.
2- жүргізуші: Төртіншіден, бұл- индустрияландыру
мен инновацияларға негізделген
экономикалық өсім.
1- жүргізуші: Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ
Еңбек Қоғамы.
2- жүргізуші: Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет
пен тілдің ортақтығы.
1- жүргізуші: Жетіншіден, бұл- еліміздің ұлттық
қауіпсіздігі және бүкіләлемдік,
өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан
қатысуы.
2- жүргізуші: Осы құндылықтар арқасында біз
әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық,
ұлы жетістіктерімізді еселедік.
-
жүргізуші: Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің
идеялық негізі осы мемлекет
құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда
жатыр.
Ән: «Елім менің»
-
жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Президен
Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы
Ассамблеясына «Қазақстан- 2050» жалпыұлттық
қозғалысымен бірлесіп,
«Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеп,
қабылдауды ұйымдастыруды тапсырды.
1- жүргізуші: Барлық саяси партияларды, қоғамдық
бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды
2050 стратегиясының басты мақсатына жету
жөніндегі жұмысқа белсене
қатысуға шақырды.
-
жүргізуші: Біз үшін ортақ тағдыр- бұл біздің
Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
Мәңгілік ел- жалпы қазақстандық ортақ
шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың
арманы.
Мұғалім: Олай болса, біздің бүгінгі кластан тыс
шарамыздың тақырыбы: «Қазақ Елінің Ұлттық
Идеясы- Мәңгілік ел!» деп
аталады.
Жоспары:
1. «Мәңгілік ел» сөзіне ассоциация
жасау.
2. Топтық жұмыс. 1-топ: «Қазақстан- 2030»
стратегиясы.
2-топ: «Қазақстан-2050»
стратегиясы.
3. Презентация. 1-топ: «Қазақия дамыған 30 елдің
қатарында»
2-топ: «Дамыған Қазақ елі»
4. «Мәңгілік ел- Қазақстан» тақырыбына эссе
жазу.
1- жүргізуші: Мәңгілік ел- ата-бабаларымыздың сан
мың жылдан бергі асыл арманы еді.
2- жүргізуші: Ол арман- әлем елдерімен терезесі
тең қатынас құрап, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану
еді.
1- жүргізуші: Ол арман- тұрмысы бақуатты, түтіні
түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты Ел болу
еді.
2-
жүргізуші: Біз арманымызды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің
іргетасын
қаладық.
Ән: Туған жер
1- жүргізуші: Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз
Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
2- жүргізуші: Біз еліміздің жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі- Мәңгілік Елордамызды
тұрғыздық.
Ән: Астана
-
жүргізуші: Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың
Мәңгілік Болашағын баянды
етуге арналады.
-
жүргізуші: Ендігі ұрпақ- Мәңгілік Қазақтың
Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің
Ұлттық Идеясы- Мәңгілік
Ел!
Ән: Жаса, Қазақстан!
Қорытынды: Бұл
әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи
шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай
елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай,
жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер
қаншама.
Біздің өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан
сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана- Мәңгілік
Ел болу біздің өз қолымызда.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз
керек.
«Қазақстан- 2050»- Мәңгілік Елге бастайтын ең
абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымауымыз қажет. Әрбір
күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Осымен кластан тыс
шарамыз аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рахмет!
Ән: Атамекен