жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара "Қазақшаңыз қалай?" 7-сынып
Тақырыбы:
Қазақшаңыз қалай? танымдық
ойыны
Мақсаты:
Оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін,
қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін
жетілдіру, мемлекеттік тілге деген
қызығушылығын арттыру. Отанын, туған
жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін
сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі:
танымдық ойын
Көрнекілігі:
суреттер, интерактивті тақта, кеспе
қағаздар.
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
1.
Оқушылардың назарын танымдық ойынға
аудару.
ІІ.
Негізгі кезең.
1-жүргізуші:
Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі
«Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық ойынды
бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын
өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт
өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен
қарауын, сонымен қатар, теледидарда
жүргізілетін қазақша хабарға
қызығушылықтарын арттыру.
2-жүргізуші:
Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ
даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері
бір шаңырақтың астында татулықта,
сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге
мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр
адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін
білу және оларды қастерлеу қасиетті
борышы екенін сезіну қажет. Осындай
мақсатпен біздің мектебіміздің 4"В"
сынып оқушылары арасындағы «Қазақшаңыз
қалай?» атты танымдық ойынды
бастаймыз.
1-жүргізуші:
Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден
тұрады.
Сайыс
кезеңдері:
1.
Таныстыру.
2.
Дода.
3.
Сөз мәйегі-мақал.
4.
Кім жылдам?
5.
«Өнерпаз болсаң...»- үй жұмысы.
6.
Көрермендер көрімдігі (бағаланбайды)
2-жүргізуші:
Сайыскерлердің білімін таразылап,
өздеріне баға беруші әділ қазылар
алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
1-жүргізуші:
Беташарын
сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді
бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын
сайыскерлер өздерін.
Өнеріне
ду қол соғып қостайық.
2-жүргізуші:
Әрбір
тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана
тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер
балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ
тілі жасау керек мәңгілік!
1-жүргізуші:
І
кезең. Таныстыру. Алғашқы
болып бастайтын «Жасқыран» тобы.
І-топ.
«Жасқыран»
Қалықтап
көкте жас қыран,
Халықпыз
сөзге тоқтаған.
Тілімен
топты жаратын.
Тобымыз
біздің - «Жасқыран» (топтың
әрбір оқушысы өздерін таныстырып,
қазақша бір сөйлемнен айтады).
(Мысалы:
Мен - Котлярова Екатирина. Қазақша
сөйлегенді ұнатамын.)
2-жүргізуші:
Сөз кезегі «Топжарған» тобына беріледі.
ІІ-топ.
«Топжарған»
Шығарар
намыс топты алдан,
Дуалы
ауыз тілге арман.
Сайысқа
келдік біліммен,
Тобымыз
біздің - «Топжарған»
1-жүргізуші:
ІІ
кезең. «Дода»
Бұл
кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады.
Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс
әрі жылдам жауап беру керек.
Алғашқы
10 сұрақ "Топжарған" тобына
беріледі:
1.
1 жылда неше күн бар?
2.
Жыл мезгілдерін ата?
3.
Күз айларын ата?
4.
Бір тәулікте неше сағат бар?
5.
Жылқы сүті қалай аталады?
6.
Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай
нешеге бөлінеді?
7.
Үнді дауыссыздарды ата?
8.
Жалғау нешеге бөлінеді?
9.
Адамды
емдейтін кім?
10.
"Повар" сөзін қазақ тіліне аудар
2-жүргізуші:
Келесі
10 сұрақ "Жас қыран" тобына
беріледі:
1.
Бір жылда неше ай бар?
2.
Апта күндерін ата?
3.
Қыс айларын ата?
4.
Бір айда неше күн бар?
5.
Түйе сүті қалай аталады?
6.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай
нешеге бөлінеді?
7.
Қатаң дауыссыздарды ата
8.
Жұрнақ нешеге бөлінеді?
9.
Адамға білім беретін кім?
10.
"Шьет" сөзін қазақ тіліне аудар
1-жүргізуші:
ІІІ
кезең. «Сөз мәйегі-мақал».
Сайыскерлер
Отан, тіл, білім, достық туралы мақалдар
айтудан жарысады. Ортаға
топ мүшелерін шақырамыз. Кезекпе-кезек
мақалдарды айтасыздар, тоқтап қалғаны
жеңіліске ұшырайды.
2-жүргізуші:
ІҮ
кезең. «Кім жылдам?» бөлімі
бойынша сайыскерлер
берілген
шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау
керек. Әр
топқа 4 сөйлем құру керек. Құрған
сөйлемдеріңізді қағаз бетіне
желімдейсіздер, әділқазыларға
тапсырасыздар. Дұрыс әрі жылдам тапқан
топ жоғары бағаланады. Сәттілік тілейміз!
Бастаңыздар!
(сөздер
топқа беріледі)
"Топжарған"
тобына:
1.
Әжем, менің, жаста, 70 - Менің әжем 70
жаста.
2.
Салады, биік, үйлер, құрылысшы. - Құрылысшы
биік үйлер салады.
3.
Жұмыс, істейді, кітапханашы, кітапханада
- Кітапханашы кітапханада жұмыс
істейді.
4.
Мектепке, барасың, сен, атаңмен. - Сен
мектепке атаңмен барасың.
"Жас
қыран" тобына:
1.
Әкең, жаста, сенің, 30. - Сенің әкең 30
жаста.
2.
Жұмыс, істейді, аспаз, асханада - Аспаз
асханада жұмыс істейді.
3.
Қарындасың, 2-сыныпта, сенің, оқиды. -
Сенің қарындасың 2-сыныпта оқиды.
4.
Балалармен, Асан, ойнады, футбол. - Асан
балалармен футбол ойнады.
1-жүргізуші:
Ү
кезең. «Өнерпаз болсаң...» Оқушылардың
дайындап келген өнерін тамашалайық.
2-жүргізуші:
ҮІ
кезең "Көрермендер көрімдігі". Көрермен
оқушылар сайыскерлерге өнерлерін
көрсетеді. Ал әділқазылар алқасы бүгінгі
сайыстың 5 кезеңі бойынша қорытындысын
шығарып, жеңімпаздарды анықтайды.
(Концерттік
номерлер)
1)
Сахнаға алғаш болып 8 «б» сынып оқушыларының
көрермендері шықпақ. Қарсы
алыңыздар! Потякина
Кристина мен Осетрова Ксеняның орындауында
Абайдың
әні «Желсіз түнде жарық ай».
2) Сахнада «Егемен Қазақстан» әнімен 5 «г» сынып оқушысы Казика Виктория. Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
«Қазылар
орнықтырар әділдікті,
Кімдердің
жауаптары кәміл шықты.
Білім
мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске
жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей,
сайыскерлерімізді бағалау үшін
әділқазыларымызға сөз берейік.
ІІІ.
Қорытындылау
2-жүргізуші:
Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қазақшаңыз қалай?» танымдық ойынымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысқа қатысушыларға және сайыс қонақтарына алғыс білдіреміз.
Сау болыңыздар!
ІІ кезең - «Дода»
"Топжарған"
тобының сұрақтары:
1.
1 жылда неше күн бар?
(365
күн)
2.
Жыл мезгілдерін ата? (қыс,
көктем, жаз, күз)
3.
Күз айларын ата? (қыркүйек,
қазан, қараша)
4.
Бір тәулікте неше сағат бар? (24
сағат)
5.
Жылқы сүті қалай аталады? (қымыз)
6.
Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай
нешеге бөлінеді? (еріндік-езулік)
7.
Үнді дауыссыздарды ата? (й,
л, м, н, ң, р, у)
8.
Жалғау нешеге бөлінеді? (жалғау
төртке бөлінеді: көптік, септік, жіктік,
тәуелдік жалғаулар)
9.
Адамды
емдейтін кім? (дәрігер)
10.
"Повар" сөзін қазақ тіліне
аудар (аспазшы)
"Жас қыран" тобының сұрақтары:
1.
Бір жылда неше ай бар? (12
ай бар)
2.
Апта күндерін ата? (дүйсенбі,
сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма,
сенбі, жексенбі)
3.
Қыс айларын ата? (желтоқсан,
қаңтар, ақпан)
4.
Бір айда неше күн бар? (30
күн бар)
5.
Түйе сүті қалай аталады? (шұбат)
6.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай
нешеге бөлінеді? (екіге
бөлінеді: жуан-жіңішке)
7.
Қатаң дауыссыздарды ата? (к,
қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ)
8.
Жұрнақ нешеге бөлінеді? (екіге
бөлінеді: сөз тудырушы - сөз түрлендіруші)
9.
Адамға білім беретін кім? (мұғалім)
10.
"Шьет" сөзін қазақ тіліне
аудар (тігеді)
ІҮ кезең - «Кім жылдам?»
"Топжарған" тобына:
1.
Әжем, менің, жаста, 70 - Менің әжем 70
жаста.
2.
Салады, биік, үйлер, құрылысшы. - Құрылысшы
биік үйлер салады.
3.
Жұмыс, істейді, кітапханашы, кітапханада
- Кітапханашы кітапханада жұмыс
істейді.
4.
Мектепке, барасың, сен, атаңмен. - Сен
мектепке атаңмен барасың.
"Жас
қыран" тобына:
1.
Әкең, жаста, сенің, 30. - Сенің әкең 30
жаста.
2.
Жұмыс, істейді, аспаз, асханада - Аспаз
асханада жұмыс істейді.
3.
Қарындасың, 2-сыныпта, сенің, оқиды. -
Сенің қарындасың 2-сыныпта оқиды.
4.
Балалармен, Асан, ойнады, футбол. - Асан
балалармен футбол ойнады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген