15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара "Қазақстан - қызғалдақтың отаны"
БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы
«Жалпы білім беретін А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан - қызғалдақтың отаны»
/фестиваль/
Мұхтарова Ж.С
Жәнібек – 2016 ж
Тақырыбы: Қазақстан - қызғалдақтың отаны
Мақсаты: Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның ішінде Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталу себебін ұғындыра отырып, қызғалдақ гүлін сақтау, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қызғалдақты қорғау, насихаттау жұмыстарын жүргізу.
Көрнекілігі: Қызғалдақ гүлінің макеті, фотосуреттері, нақыл сөздер, шығармалар.
Түрі: Фестиваль
Өту барысы:
Кіріспе.
Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі. Тамаша қызғалдақ гүлінің біздің жерімізде 34 түрі кездеседі. Оның 12-сі эндемикалық, яғни, тек қазақ жерінде ғана өсетін түр болып саналады. Осыдан болар, Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы. Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде көзі қарақты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған себеп, жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі. Қызғалдақты қорғау, насихаттау жұмыстары тек сөз жүзінде емес, нақты іс, түрлі шаралар арқылы жүзеге асса игі. Осы мақсатта биыл бірінші рет "Қазақстан - қызғалдақтың отаны" атты фестиваль өткелі отыр. Қош келдіңіздер. Фестивальді бағалайтын әділ- қазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Әділ қазы алқасының төрағасы:Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мусинов Т.Қ
Мүшелері:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожасова А.М
Физика және технология пәні мұғалімі Кабиева Ж.Ғ
Қызғалдақтар қызарып,
Өсіп тұр ғой аулада.
Қуаныш сыйлап бәріне,
Өседі ол тау да да.
Фестивалдің І бөлімі "Қырдың қызыл қызғалдағы" үздік реферат байқауы. уақыты 5 минут (жеребе бойынша)
Жүргізуші: Биотүрліліктің халықаралық
жылы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі, Ғаламдық
Экологиялық Қор мен БҰҰ Қазақстандағы Дамыту Бағдарламасының
«Қазақстанның таулы агробиологиялық алуантүрлілігін in situ сақтау»
жобасы «Алматыкітап баспасы» ЖШС және Қазақстан Республикасындағы
Нидерланды Корльдігі Елшілігінің қолдауымен Қазақстанда, біздің
елімізде өткізіліп жатқан осы табиғатты қорғаудың халықаралық
акцияларының маңыздысының бірі болған, «Қазақстан қызғалдақтары»
атты фотоальбом дайындалды және үш тілде (қазақша, орысша және
ағылшынша) басылып шығарылды.
Гүлдеп тұрған қызғалдақтар – көктемгі дала мен сахараның ең бір жарық көрінісі. Ал Қазақстан болса –әлемнің тек ең бір жазиралы елі ғана емес, сонымен бірге жабайы қызғалдақтарды жақсы көрушілердің нағыз Эльдорадосы. Қызғалдақтар лала тәрізділер тұқымына жатады. Бұл шөп басқан жуашықты көп жылдық өсімдік.
Қыр сұлуы, сыр сұлуы өздерің,
Талай ақын арнаған тың сөздерін.
Әр аулада өсіп, өніп, жайқалған,
Алаулатқан сан адамның жүздерін.
ІІ бөлім "Қыр сұлуы қызғалдақ" оқушылардың қызғалдақ гүліне арнаған шығармалары мен өлеңдерін тыңдаймыз.
Жүргізуші:
Әдетте, қызғалдақты гүл біткеннің падишасы
деп те атайды.Жауқазын қауашағын ашқанда қызғалдақ расында да патша
тәжіне ұқсап кетеді.Парсы тілдес елдердің «тәж» сөзінде қызғалдақ
ұғымы да бар.Еуразияның кеңбайтақ жазираларын еркін мекендеп,
арттарына «аңдар стилі» сынды өшпес мәдениет қалдырған сақтар
сөзінің этимологоиясы дала қызғалдақтары атауымен сабақтас та
болар. Әйгілі сақ ханшайымы Тұмар ханым Кир патшамен шайқасқа
түсердің алдында әскерін жинап,: «Артымызда ата-бабаларымыздың
зираттары мен даламыздың қызғалдақ гүлдері.Осынау қасиетті топырақ
пен оған өскен гүлдерді таптатып, ар-намысымызды аяққа
басқызбауымыз керек. Жаумен айқаста ажал құшатын болсақ, көктемде
рухымыз сол алау гүлдер болып, туған жер бетіне шығады. Алға,
сарбаздарым»- деген екен ханшайым. Сөйтіп, көптеген батырлардың елі
үшін құрбан болуымен, қазақ даласына ұлы жеңіс келген екен.
Қызғалдақ ғұмыры да, адам өмірі сынды баға жетпес құндылығымен
әспетті. Сондықтан, табиғаттың ерекше сыйы - қызғалдақты
еркіндіктің,азаттықтың гүлі ретінде қасиет тұтуға
тиіспіз.
Адам қолының жылуынан қуат алып, Ұлы Жібек
Жолымен ғасырлар бойына талай сапарларды басынан кешіріп, өзінің
сұлулығымен, жұпар иісімен жолаушының да, ғашығын аңсаған жас
өреннің де жанына қуаныш сыйлап, ғажайып көркімен барша жаһанның
жұрттарын таң-тамаша қалдырған біздің қызғалдақ гүліміз ондаған
елдердің миллиондаған адамдарының көктемді аңсаған армандарына
қанат, жігерлеріне от берді. Сөйте жүре, махаббаттың сырлы
жыршысы-қызғалдақ гүл өзінің алау жүрегін осында-Қазақ жерінде
қалдырумен болды. Неге десеңіз, жанарға- жалын, жүректерге - нәрін
тарту ететін қызғалдақ гүлдің тұңғыш тамыр тартқан атажұрты -Қазақ
жері, бүгінгі қасиетті Қазақстан
елі!
Көктем келсе көгеріп,
Жер бетіне сән беріп.
Көздің жауын тұр алып,
Шоқтай болып қызарып.
ІІІ бөлім "Қызғалдақ гүлі" макетін жасап таныстыру

Жүргізуші:
Әсем сұлу қызғалдақ,
Теңейді сені қыздарға.
Қызғалдақ пен бозғалдақ,
Ұнатпайтын қызбар ма?
ІVбөлім қызғалдақ бөлімінің фото суреті 2 дана
Жүргізуші:
Десек те, алуан түстері мен
хош иістері үшін голланд жауһазынын қаншалықты ұнатсақ та, оның
қасиет жағынан қазақ даласында өсетін қызғалдақ гүлге жете алмасы
анық. Неге десеңіз,дала қызғалдақтары еркіндік перзенттері.Олар
бізге осыдан миллион жылдар бұрынғы табиғаттың тұмса көркін сый
етеді.Сандаған ғасырлар жолындағы небір қияпаттарға шыдас беріп,
Алатау баурайларының құбылмалы ауа-райы жағдайларында да қадірі мен
қасиеттерін жоғалтпаған жауһазындар адам баласына туған жер
топырағына деген адалдықты тағылым еткендей. Қазақ жерінде өсетін
қызғалдақ атаулы өзінің табиғаттың құшағында ғана тербелетін қысқа
ғұмырында өмір қадірін түйсіктеуге үндейді.Осыны пайымдау арқылы
табиғаттың мәңгі жасай береріне көз
жеткізесіз.
Әлбетте, Қазақстандықтар үшін қызғалдақ гүлі
Отанымыздың қасиетті бір рәмізі, һәм, рухани әлеміміз бен ерекше
діліміздің
белгісіндей.
Әр көктем сайын дала төсін жауып кететін сан
бояулы алау гүлдерге қарап, еліміздегі этникалық және мәдение алуан
түрлілік ойға оралып,осынау қоғамдық құрлысқа арқау болып тұрған
адами асыл қасиеттеріміз-толеранттылығымыз бен өзгені сыйлай
білуіміз қанымызда қашан да болғанын және сақтала берерін
зерделейсіз. Бәлки, сабағынан үзілердей көрінетін нәзік
қызғалдақтар өмірдің мән-мағынасын терең түйсіктеуімізге,
тіршіліктің әр сәтін қасиет тұтуға үйреткен де болар.Ұлы даланың
сандаған бояулы, жұпар шашқан және тазалыққа үндеген жауһазындары
мен қызғалдақтары көп ұлтты және терең түсіністіктегі қоғам
арқауындағы әр қайсымыздың жетілуімізге жол ашатын елдік
қасиетіміздің күш алар қайнары да
шығар.
Ендеше бүгінгі фестивалді бағалаған әділ -
қазы алқаларына сөз кезегін береміз. Марапаттау
сәті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген