400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақта" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бектенова Асем Халыбековна

Казталовка ОЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы

Тақырыбы: «Қазақстан болашағы-білімді ұрпақта»

Мақсаты: Оқушылардың білімдерінің жан-жақты, ой-өрісінің кең болуына жетелеу, алған білімдерін саралау, өз білімдерін көрсете алуға үйрету, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, музыка.

 Сабақтың барысы:
Мұғалім:

-Армысыздар, ұстаздар,

Бармысыздар, болашақтың бастауы

Балғын шақты балалар!

Бүгін сіздер 3 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Қазақстан болашағы-білімді ұрпақта» атты сайысына қош келдіңіздер!

Мұғалім:

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жұптаспай,

Тәлім-тәрбие алар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік болса, сол алда,- дегендей, ой мен білім жарысын бастаймыз.

Мұғалім: Ал оқушы, ұстаздар,

Бәрің бермен қараңдар.

Білімділер ортада

Қол соғып бір қойыңдар,- деп барлық сайыскерлерге бір қол соғып қояйық.

Мұғалім: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл.

Сайыскерлеріміздің білімін сараптап, әділ баға берушілермен таныстырып өтейін.

(Әділқазылар алқасымен таныстыру)
Мұғалім: Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру.

  2. Бәйге

  3. Мақал-сөздің мәйегі

  4. Жорға

  5. Тапқыр болсаң, талас жоқ

  6. Ойлы болсаң, тауып көр

Мұғалім: Ал, кәнекей, сайысты біз бастайық,

Өзімізді таныстырып тастайық.

Топтар өздерін таныстырып өтсін. Ең жоғары баға -5.

1-бөлім.«Таныстыру». Мақсаты:өз тобының атын,ұранын  таныстыру.
(топтар өздерін таныстырады)

Мұғалім: Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Білімді біраз тексеріп,

Тез жауап беріп көріңдер.

2-бөлім: «Бәйге» 

1-топқа:

  1. Апта күндерін ата.

  2. Өсімдіктің өмір сүруіне не қажет?

  3. Екі көзің не үшін керек?

  4. Өрнек түрлерін ата.

  5. Қосарлы дыбыстар

  6. Елтаңбада не бейнеленген?

  7. Қосудың компоненттерін ата.

  8. Суда да, құрлықта да жүреді

  9. Имаштың немересі, Момыштың ұлы

  10. Етістік дегеніміз

2-топқа:

  1. Жыл мезгілдерін ата.

  2. Екі қолың не үшін керек?

  3. Көбейтудің компоненттерін ата.

  4. Кез келген санды 1-ге көбейткенде

  5. Сын есім дегеніміз

  6. Алғашқы ұстаз

  7. Абайдың шын есімі

  8. Адамда неше сүйек болады?

  9. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

  10. Өз есімін қайталайтын құс?

3-топқа:

  1. Жыл басы

  2. Құлақ деген не үшін керек?

  3. Бөлудің компоненттері

  4. Кез келген санды 0-ге көбейткенде

  5. Мәтін түрлері

  6. Қазақтың тұңғыш зерттеуші-ғалымы

  7. Сәкен Сейфуллиннің шын есімі

  8. Адамда неше жұп қабырға болады?

  9. Не оттан да ыстық?

  10. Монолог деген не?

Мүғалім:

Сырлары көп білімнің,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне.

3-бөлім «Мақал-сөздің мәйегі»

  1. Наданмен қас болғанша, (кітаппен дос бол)

  2. Ақыл-жастан, (асыл-тастан)

  3. Аз сөз-алтын, (көп сөз-көмір)

  4. Ексең-егін, (ішерсің тегін)

  5. Көлдің көркі-құрақ, (таудың көркі-бұлақ)

  6. Көз жетпегенге (сөз жетеді)

  7. Досы көпті жау алмас, (ақылы көпті дау алмас)

  8. Қарты бар үйдің (қазынасы бар)

  9. Тіл тас жарады, (тас жармаса, бас жарады)

4-бөлім «Жорға»

Математика

10 балл: Ұзындық, масса бірліктерін ата.

20 балл: Шаршы қандай фигура? Периметрі мен ауданының формуласын айт.

30 балл: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт.

40 балл: Көлемді қандай әріппен белгілейді? Текшенің көлемін қалай табады?

Қазақ тілі

10 балл: Қазақ тілінде неше дыбыс,неше әріп?

20 балл: Қосымша түрлерін ата. Анықтамасын айт.

30 балл: Сөз таптарын ата. Ережесін білесің бе?

40 балл: Тұрлаулы мүшелерді ата.

Әдебиеттік оқу

10 балл: Мысал деген не?

20 балл: 1 жаңылтпашты жатқа айт.

30 балл: Өтірік өлең айт.

40 балл: Абайдың бір өлеңін жатқа айт.


Мұғалім: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз, - дей келе


5-бөлім «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

(Әріптерді дұрыс орналастыр)

1.ШЫҰМОЛМАЫ

2.ӘИХАНВУБЛО

3.АТЕВҚСЕА

4.ҰСАЙЕАВМБ

Мұғалім: Қағаз қисаң зерлеп, бұның аты-еңбек.

Сабағыңды жөндеп, әзірлесең –еңбек.

Қиындықтың бәрін, еңбек қана жеңбек.

6-бөлім. «Ойлы болсаң, тауып көр» бөлімін бастаймыз.

(Суреттердегі тарихи тұлғаларды атау, мәлімет айту)

Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Ахмет Байтұрсынов

Мұғалім: Сайыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау,-дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

(марапаттау)

Мұғалім: Ал, балалар, көркейе бер, өсе бер,

Өмір жолы еңбекпенен шешілер.

Шыңға шығар шынар болып шынайы,

Еңбектеніп білімді болып өсіңдер!

Егеменді еліміздің білімді ұрпақтары болыңыздар!

Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі сайыстарда  кездескенше  сау- саламатта болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі