Материалдар / Сыныптан тыс шара Қызықты сағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара Қызықты сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын ережесі: Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады. Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
942
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 27.11.2021

Сынып: 6 «А»


Тақырыбы: «Қызықты сағат»
Мақсаты: оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс шара
Қатысушылар: 6 «А» сынып оқушыларынан 2 команда (5 оқушыдан).
Командаға қажетті құралдар:
• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж, шарлар, сапалақ

Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу. Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.

Ойын ережесі: Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады. Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі.

Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі, ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады. Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.

Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.
Әділ қазылар алқасын таныстыру


Көрермендермен ойын:

Ойын басында көрермендерге есеп беріледі. Дұрыс шығарса, өзінің сүйікті тобына ұпайын сыйлыққа бере алады.


Теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қойып шық таңбаларын пайдаланып:

Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 111-11=100

Бес бестіктің көмегімен 100 санын жаз: 5*5*5-5*5=100

Алты үштіктің көмегімен 1000 санын жаз: 3 3 3 3 3 3 = 333*3+3/3=1000

Сегіз төрттіктің көмегімен 500 санын жаз: 4 4 4 4 4 4 4 4=444+44+4+4+4=500


Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма? Ойынды бастайық!!!


1 ТУР


Әдебиеттегі сандар

100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
300. Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)

Ойлан, тап
100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)
200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
400. Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)

Бөлшектер

100. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
300. Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)

Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
300. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)

Төртіншісі артық
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр (төбесі)
400. Төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)

2 ТУР
Балалар
100.Үлкен ағасында 2 кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
200.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар. Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды. Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
300.Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
400 Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)

Қызықты сұрақтар:
100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
200. 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
300 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)


Логика
100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
200. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
400. 4 пен 5 тің арасына қандай таңбаны қойғанда 4 тен артық 5 тен кем сан шығады? (үтір)


Сандар
100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
200.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
300.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар)
400.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта: 0, 3, 8, 15, ? (24)

Көрермендермен ойын:

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)


2.Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? ( он екі, двенадцать, twelve)


3.Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen)


4.Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fifty)


5.Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, тридцать, sooty)


6.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book)


7.Егер Т-дан бастасаң, санмын.

Т-ны алып тастасаң жаумын. (төрт, четыре, four)


8.Уақыт бірлігі. (сағат, часы, clock)


Ойынның нәтижесін шығару. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздарды марапаттау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!