Материалдар / сыныптан тыс шара «Рəміздер-ел беделі!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сыныптан тыс шара «Рəміздер-ел беделі!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру, елін, жерін, тілін, қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: Рәміздер жайында тарихи мәліметтермен, термин сөздермен танысады, рәміздерді құрметтеп, авторларын жатқа білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2022
632
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Рəміздер-ел беделі!»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру, елін, жерін, тілін, қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: Рәміздер жайында тарихи мәліметтермен, термин сөздермен танысады, рәміздерді құрметтеп, авторларын жатқа біледі.

Өткізілу түрі: Сыныптан тыс шара

Көрнекіліктер: Еліміздің рәміздері жайлы слайд , қанатты сөздер, проэктор.

Жүргізушілер: Кайршин Адильхан,Турарова Линара

1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар ! Оқушылар! «Рəміздер-ел беделі!» атты танымдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

«Тәуелсіздік – алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар. Оның біріншісі - көк байрақ, екіншісі – Елтаңба, үшіншісі - әнұран, төртіншісі - қазақ тілі. Елім, жерім дейтін ұрпақтың намысын оятып, жүрегіне патриоттық сезім ұялататын осы рәміздеріміз.

Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толды Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 30 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

2 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтаған әуелеткен әнұраны. Еркіндікке ұмтылған елдердің бәрі де өз дауысымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. Сол жұлдызды сәт туған кезде өз болмысы мен тіршілік кешу мүмкіндігі пайда болғанын, саяси бостандықтан алғанын шын сезінеді.

1 жүргізуші: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

2 жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.Кезекті оқушылар дайындаған мәліметтерге берсек.

1-Оқушы:

Біз Ту туралы айтамыз.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, Ту болмады дегенге?!

2-оқушы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұзындығы 2 метр, ені 1 метр көгілдір түсті мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс, сол жақ сабының тұсынан ұлттық өнер нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Алтын күн молшылықтың, байлықтың белгісі болса, қыран құс халықтың арман – мақсатының биік екенін көрсетеді. Ою ұлттық нақыштарымызды білдіреді.

3-оқушы. Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.

Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Ленинград көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітіргеннен кейін 1960 жылы Ленинградтағы Суретшілер және дизайнерлер академиясын оқып бітірді. КСРО суретшілер одағының мүшесі.

5-оқушы. «Қазақстан Жалауы»

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан Жалауы.

Көк емес ол тектен тек.

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, Ту ары.

Бұлт баспасын күнімді,

Тартылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды

Қасиетті борышым.

С.Қалиев

6-оқушы. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тізесін бүгіп, ұлттық туымызды сүйіп тағзым етті. Содан кейін барып Ту өзінің құтты орнына қондырылды. (Слайдтан Елбасы сөзін оқыту)

«Өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін».

Н.Ә.Назарбаев

1-Жүргізуші: Ән «Көк тудың желбірегені»

2-Жүргізуші: Келесі кезекті Елтаңба жайлы мәліметтерге берсек. Қарсы алыңыздар алдарыңызға 1-топ оқушы өздерінің жинақтаған мәліметтерімен.

1-Оқушы: Біздің топ Мемлекеттік Елтаңба туралы айтады.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы. Кейбір мемлекеттер өзінің елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар суретімен бейнелейді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

2-оқушы. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының реңдік бейнесін екі түсті – алтын түс және көгілдір түс. Елтаңба 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

3-оқушы. Елтаңбаның авторлары Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков.

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор, Шығыс елдері Ха-лықаралық сәулетші академиясының академигі.

4-оқушы.Жандарбек Мәлібеков Мәлібекұлы 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген.Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрлысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші болған. КСРО сәулет саласы бойынша конкурстың лауреаты.

5-оқушы «Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жар күші.

Қара шаңырақ ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Т.Молдағалиев

1-Жүргізуші:

Көрініс . «Қасиеті елімнің» .

Автор:Сәбира мен Жүсіпәлі сабақтан үйге қайтып келе жатты . Кенет Сәбира жерден бірдене тауып алды.

Жүсіпәлі : - Сәбира , не тауып алдың ?

Жасмин: - 1 теңге ғой . Жандос: -1 теңге , оны қайтесің лақтыра сал. 1 теңгеге қазір ештеңе сатып ала алмайсың . Жасмин:- Мен 1 теңгеге ештеңе келмейтінін білемін. Мен оны ақша ретінде алып жатқаным жоқ . 1 теңгенің артында елімнің рәміздерінің бірі – Елтаңба бар емес пе ? Сен бұны білмейсің бе ? Жандос:-Кешір , Жасмин. Мен бұл жайлы ұмытып кетіппін . Жасмин:Елтаңбам қандай тамаша! Қазақтың кең даласы ,күн сәулелі шаңырағы , құс қанатты пырағы ,көгілдір нұрлы шуағы ,күн сәулелі ұраны- бәрі осында. Олардан жерімнің жұпары,елімнің рухы еседі. Сондықтан бір теңге , екі , бес , он теңгені құны жоқ деп лақтырмай ұлттық валютамызды , рәміздерімізді құрметтейік .

2-Жүргізуші: Ендігі кезекті Мемлекеттік Әнұран жайлы мәлімет дайындап келген оқушыларға берсек.Қарсы алыңыздар.

1-оқушы. Біздің топ Мемлекеттік Гимн туралы айтып береміз.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған,-деп,-Әнұран?!

2-оқушы. Гимн – мемлекеттік ресми нышан – айбары болып табылатын, елдің арман-аңсарын білдіретін, бағдарламалық мәні бар салтанатты саз.

3-оқушы. Отан Гимні – еліміздің ұлы ұраны, мемлекетіміздің дауылпаз дабылы, бүкіл мердианды тік көтерген даңқты дабысы елдіктің, ерліктің символы. Өткен жылдар өткелдерінің өлеңі, келер күндер керуенінің аршынды адымының арыны, мәңгілік сарқылмайтын, жарық пен шаттықтың шарқ ұрған сарыны.

4-оқушы. Қазақстан Республикасының Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді. Гимннің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

5-оқушы. Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнін 1950 жылдары жазды. Бұл ән бірден халықтың сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Менің Қазақстаным» зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне айналды.

6-оқушы.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Атырау облысының Құрманғазы ауданында Қошалақ ауылында 1935 жылы дүние келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.

7-оқушы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылыми академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің иегері 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауытының жанындағы Жоғарғы техникалық оқу орнында оқып, инженер-металлург мамандығын алған. 1991 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті ,болды

8-оқушы.

Шәмші (Жәмшид) Қалдаяқұлы 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қапыланбек мал дәрігерлік техникумында, Низами атындағы Ташкент музыкалық училищесінде және Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында оқыған. 1950 жылдан шығармашылық жұмыспен айналысты. 300-ге жуық ән шығарды, «Қазақ вальсінің королі» атанды.

1-Жүргізуші: Оқушылар, сіздерге көп рахмет! Өте жақсы дайындықпен келіпсіздер. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті.

2-Жүргізуші: Ән. «Самға » Орындайтын !Жасмина





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!