400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Сүйе білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қорытынды кеш

«Сүйе білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр».

Өтетін күні: 24.10.2017ж

Өтетеін орны: «Абай» залы

Түрі: сайыс

Мақсаты: Табиғатты, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Көрнекілігі: Суреттер, шарлар, аудиожазба.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, проектор, ноутбук, слайдтар, дыбыс ұлғайтқыш т.б


1-жүргізуші :

О, табиғат-әсемдіктің төркінісің

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Бүкіл адамзат табынып, бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.


 2-жүргізуші :

Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,

Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай.

Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде

Адамдарша сөйлейді екен күнім – ай,- дегендей, бүгінгі «Сүйе білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр» атты қорытынды кешімізге қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Тіршілік тірегі — табиғат. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Табиғат —Ананың қасиетті сырларын бойымызға сіңіріп алмайынша онымен тең отырып «сөйлесу» қиын. Ең бірінші, табиғатты туған анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Осы үш ұғымды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат — қоғамның қорғаны, заманның зердесі. Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын ажырамас бөліктері.



2-жүргізуші : Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімнің басқа салаларына енуін экологизация деп атайды. Қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Олай болса, қазіргі заманғы экология тек жеке ғылым ретінде ғана қарастырылып қоймай, ол дүниеге көзқарасқа, адамзаттың тіршілігін сақтауы туралы ғылымға айналып отыр.


1-жүргізуші: Олай болса , бүгінгі кеште өз бақтарын сынайтын 2 топты ортаға шақырайық! ( «Биосфера» және «Атмосфера» )


2-жүргізуші: Бүгінгі сайыстың өтілу кезеңдерімен таныс болыңыздар !

  1. Таныстыру

  2. Экология туралы көрініс көрсету ( Үй тапсырмасы )

  3. «Білім шыңы – биік шың » сұрақ – жауап

  4. Логика қайда? ( Суретпен жұмыс)

  5. «Ойлан тап!»


1-жүргізуші: Әділ баға беретін әділқазы алқасымен танысып өтейік

  1. _____________________________

  2. _____________________________

  3. _____________________________

Жоғарғы балл 5 баллдық жүйемен есептеледі.


2-жүргізуші:

Бағбан бабам бау өсіріп жеріне,
Үлгі-өнеге көрсетіп өз еліне.
Бабалардан тағылым алған ұрпақтар,
Тартып туар арғы ата-тегіне, - дей келе, топтарымызбен таныс болайық!


Балалар үй тапсырмасына дайын болу үшін 11-сынып оқушысы Сетерхан Үмітханның орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші: Экология!
Бөтен сөз,
Бір туғаның бір-ақ та.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.
Өз үй — өлең төсегің,
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің,
Өз басыңды жарады.
Ей, табиғат балаңмын,
Ертеңіңе алаңмын...
Денсаулығы ғаламның —
Денсаулығы адамның.

Келесі әр топқа берілген үй тапсырмасы кезек береміз.


2-жүргізуші: Әр топтың өнерін тамашаладық, енді «Білім шыңы – биік шың» дегендей оқушылардың білім теңізігнде қалай жүзетінін сынап көрейік! (әр топқа 5-5 сұрақтан)


1-жүргізуші: Келесі кезең – «Логика қайда?». Бұл кезең бойынша слайдтан көрсетілген суреттерге ортақ сөз табу керек. (1 сурет – 20ұпай, 2 сурет – 15 ұпай, 3 сурет – 10 ұпай, 4 сурет – 5 ұпай)


2-жүргізуші: Табиғат әсемдік төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын,- дегендей келесі «Ойлан тап?» кезеңі.

(әр топқа жан-жануарлар, құстар дыбыстары естіледі)


1-жүргізуші: Әділқазы алқалары қорытынды бағаларын шығарғанша, жуықта ғана өткен КТК аудандық сайысында бас жүлдені жеңіп алған «Шоқан шәкірттері» КТК командасының өнерін тамашалайық.


2-жүргізуші: Сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазы алқаларын қошеметпен ортаға шақырайық!


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен «Аяласаң, табиғатты аяла» атты кешімізді аяқтаймыз. Бүгінгі тәрбиелік шарадан оқушылар жақсы қасиеттерді ала алды деп ойлаймыз.  Қатысқан топтарды құттықтаймыз! Әліде талай биіктерден көріне беріндер! Әрбір жан табиғатты қорғайтын Қазақстанның бір-бір азаматы болады деп сенеміз. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1231
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі