15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара "Сыйынар ем Ана деген тәңірге"
«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» мерекелік кеш
Хор «Ана туралы баллада /хабарланбайды/
Қадыр Мырза Әлі
«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды»
1-жүргізуші: /жатта/
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
2-жүргізуші: /жатта/
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
1-жүргізуші:
Армысыздар, қызғалдақтай құлпырып, көктем күніндей айналаға шуағын шашқан ардақты да аяулы аналарымыз, жанашыр да қамқор ұстаздарымыз, нәзік жанды аруларымыз! Сіздерді көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйған 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген- бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Құрметті: Әлемнің жарығын сыйлаған аналар, мейірімі мен шапағатын төккен ұстаздар, арулар, «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да ана алдындағы борышыңды өтей алмайсың»,- деген ата-бабаларымыз. Дегенмен сіздерге арналған шағын сыйымызды, ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар! 9-сынып оқушыларының «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер! Кешіміздің шымылдығын ашатын «Көңіл толқыны» күйін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Аналар ғой қуат берер тірлікке,
Алдарында сәби болып жүрдік те.
Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,
Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.
«Ана» деген қасиетті есімді жырлаған, шырқаған қаншама қаламы жүйрік жазушы, күміс көмей әншілеріміз бар. Сол қаламы жүйрік жазушының бірі М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзіндіні тамашалаңыздар!
2-жүргізуші:
Ернұр,тыңдашы бүгінгі кешке мен осы жаңа ғана суырып салып өлең шығардым. Тыңда!
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған,
Даламның әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарың
Өзіңе арналған...
1-жүргізуші: Бұл – атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» әні ғой. Шырқалып жүрген.
2-жүргізуші:
Мәәә.... Қайдан білейін ойыма келіп тұрғасын жаза салдым. Шабыт келген екен десем. Бәсе өлең шығаратын өнерім жоқ еді.
1-жүргізуші: Суырып салып өлең шығара алмайтының бар,ендеше өзіңе жүктелген міндетті атқарып, келесі номерді хабарла.
2-жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз «Жетім қыздың монологы»
1. Ойын Бүгінгі кешке келген қонақтарымыздың көңілін көтеруге ойындар ғылымының докторы Қырымбек мырзаны ортаға шақырамыз!
2-жүргізуші: Шыңғыс, аналарға, ұстаздарға арнап кеш өткізіп жатырмыз, ал сыныбымыздың қыздарына қандай сыйлық жасасақ екен?
1-жүргізуші: Былай істейік, бүгін үй тапсырмасын өзіміз орындап, есептерді өзіміз шығарып, оларға көшіруге берейік. Жақсы сыйлық емес пе, күнде олар шығарып, біз көшіреміз, бір күн оларға демалыс берейік.
2-жүргізуші:
Жоқ, бұның болмайды. Мен айтайын ба? Қыздарды ортаға алып шығып, олардың көңілін көтеріп, би билейік.
1-жүргізуші: Жүр,ендеше.
Би «Вальс» /хабарланбайды/
2. Ойын
1-жүргізуші:
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- демекші, бізге жалықпастан білім нәрін берген екінші анамыздай болған аяулы ұстаздарымыз, сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, бізге берген тәлім-тәрбиелеріңіз үшін, сапалы білімдеріңіз үшін, жанашырлықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз!
Хор. «Ұстазым менің» /хабарланбайды/
1-жүргізуші:
.... Сен бана бүгінгі кешке эстрада жұлдыздарын шақырдым деп едің ғой. Қалай, бағасымен келістіңдер ме?
2-жүргізуші: Келісуін келістік қой. Бірақ олар әлі жетпеді.
1-жүргізуші: Жетпегені несі? Келетін уақыттары болды ғой.
2-жүргізуші: Күн боран емес пе? Жол жоқ. К700 енді ашып жатыр. Қошанкөлдің тұсындамыз деп еді. Ендігі келіп қалатын шығар.
1-жүргізуші: Енді не істейміз?
2-жүргізуші: Ұлдарға айт, әншілер келгенше қонақтардың көңілін аулай тұрсын.
Ендеше сыныбымыздың Жайдарман тобын қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Сәби үшін мұздай бесік таянған,
Анаға арнап жыр жазудан аянбан.
Өйткені олар өшпестей боп мәңгілік,
Жүрегімнің қақ төрінен жай алған.
Жарық өмір бір өзіңсің сыйлаған,
Баласына бар ғұмырын арнаған.
Сенсің,ана, түн ұйқысын төрт бөліп,
Тыным таппай бізді өсіріп баптаған.
«Гүлдер» биін тамашалаңыздар!
1-жүргізуші: Құрметті, қонақтар, сіздерді құттықтап арнайы келген өнер жұлдыздары «Дос-Мұқасан» тобын қарсы алыңыздар.
Шүмән апа /хабарланбайды/
2-жүргізуші:
Мәә... Мына жұлдыздар дәл теледидардағыдай екен... Иә?
1-жүргізуші: Енді дәл өздері емес пе?
2-жүргізуші: Солайы солайғо... Ендеше Әбдіжаппар Әлқожаны қарсы алыңыздар!
Диета КZ /хабарланбайды/
2-жүргізуші: Эстрада жұлдыздары кетті ме?
1-жүргізуші: Кетті. Жүр өзіміз отырып асықпай шәйімізді ішіп, өзіміздің дайындаған концертімізді көрейік?
2-жүргізуші: Кеттік
3. Ойын
Би «Джентельмендер»
Ән: «Бақытты әйел» Жұлдызай
1-жүргізуші:
Бал Анам, Асыл Анам, таңым Анам!!!
Мен сенен қуат алам, жалын да алам.
Күн болып, көңілімді күйге бөлеп,
Арнадың өміріңнің бәрін маған.
Аналарды құрметтейміз, елейміз,
Аспандағы ай мен күнге теңейміз.
О, Аналар, сіздерді үлгі тұтып,
Бақыт пенен денсаулықты тілейміз!
2-жүргізуші: Құрметті: Аналар, ұстаздар, арулар, сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы
Сыныптан тыс шара
«СЫЙЫНАР ЕМ АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ»
9-сынып оқушылары арасында өткізілген мерекелік кеш
Өткізгендер: Медетова Н.К. Балмуканбетова Б.А

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген