Материалдар / Сыныптан тыс шара. Сырым Датұлының 295 жылдығына арналған « Көшбасшы сайысы »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара. Сырым Датұлының 295 жылдығына арналған « Көшбасшы сайысы »

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих, әдебиет пәнінің мұғалімдеріне. Сырым Датұлының өмірі мен тарихи оқиғаларды оқушылардың есінде сақтау үшін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2019
1212
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батурин ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі:Султангалиева Айсулу Утегеновна

Тақырыбы: Сырым Датұлының 295 жылдығына арналған « Көшбасшы сайысы »

Мақсаты: Қазақ ұлтының азаттығы үшін күрескен кемеңгер, қара тілдің дүлділі, қазаққа белгілі алып тұлғаның бірі Сырым Датұлының еліне істеген қасиетін, өсиет етіп кеткен ұлағатты сөздері мен оның өмірі және шығармашылығы туралы кеңірек мәлімет беру,оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру.Рухани жаңғыру аясында білімді бәрінен биік қоятын көзі ашық көкірегі ояу бала тәрбиелеу.

.

Барысы:Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар,қонақтар , оқушылар .Бүгінгі біздің бас қосуымыздың себебі биыл қолбасшы биде ,шешен Сырым Датұлының 295 жылдығына арналған «Көшбасшы сайысымызға»қош келдіңіздер! Ұлты үшін ұланғайыр іс тындырып, ұлы тұлғаға айналған қазақ халқының ғана емес, өзге елдің де назарын өзіне аударған ұлы істердің ұйтқысы болған Сырым Датұлы ірі тарихи тұлғалардың бірі.Сырым Датұлы –қазақ тарихындағы елеулі қайраткерлерінің бірі,1783-1797жылдардағы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы.Сырым батыр қуғын сүргінді көріп ,әрқилы жағдайда елден ұзақ уақыт жырақ жүрген.Әділет үшін арпалысқан , халқының қара бастың мұңынан жоғары қойған ер жастайынан –ақ шешен шежірелігімен көзге түскен ,билікке араласқан.Сырымның бойындағы ерекше бір қасиет өзгелерде көп кездеспейтін,Сырымның өзіне ғана тән қасиет-оның аса әдептілігі .Сырым батыр да,батыл да,әділ де, сері де болған.Ал ендеше Сырым Датұлының 295 жылдығына арналған «Көшбасшы сайысымызды» бастаймыз.

Оқушылар жеребе суыру арқылы реттік нөмерлерімен топтың атауын анықтайды.

Ал,оқушы,ұстаздар

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа ,

Қол соғып қарсы алайық, - ортаға


1.Көшім ЖОББМ

2- Үлкен Шаған ЖОББМ

3- Өркен ЖОББМ

4- Щапов ЖОББМ

5-Батурин ЖОББМ -окушыларын шақырамыз(оқушылар өздерін таныстырып өтеді)

Құрметті «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер, бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Солармен танысып өтейік.

1)Бәйге

2) Үй тапсырмасы

3) «Ғажайып бестік»

4) «Кім мықты»

5) Жылдар тізбесі

6)Оратор

1-кезең Бәйге

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.

 

Сайысымыздың І-кезеңі - «Бәйге». Бұл кезеңде әр топ сайыскерлерлеріне 5 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:


  1. Топ сайыскерлеріне сұрақ:

  1. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр: Сырым

  2. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды: 14 жылға

3) С.Датұлының қазақ әскерлерімен алғашқы ашық қақтығысы қай жылы болды: 1783 жылы

4) Кіші жүз қазақтары көтерілісі барысында 1778ж. Орал казактарымен болған қақтығыстың ауыр нәтижесі: Сырым Датұлының балаларының өлімі

5) С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші: шаруалар

2- топ сайыскерлеріне сұрақ:

1. ХҮІІІ ғ. соңындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі: С.Датұлы

2)С.Датұлы көтерілісінің алғы шарттары мен себептері: Хандық биліктің әлсіреуі Жайық казак әскерлерінің озбырлығы Нұралы ханның салық саясаты

3) С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болды: 1783 – 1797 ж

4) С.Датұлы старшын болған ру: Байбақты

5)Нұралы ханды тақтан тайдыру туралы Кіші жүздің руларының съезі қай жылы болды: 1785 жылы

3-топ сайыскерлеріне сұрақ:

1)1783-1797 жылдары С.Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы: Кіші жүз

2)Сырым батырдың соңына ерген көтерілісшілердің саны жалпы алғанда қанша шамамен?3500 адам деп топшаланады.

3)Батырдың Орал казак әскерлерімен ашық арпалыс жолына түсуі 1783жылы басталды.Орал казактарымен шайқастарының Сырымның жігіттері атаман Чагановты қолға түсіріп,Хиуаға құлдыққа сатып жіберді.Мұның өзі Орал казак әскерлерінің қазақ ауылдарына жазалау жорықтарын күшейте түсті.Осы жылы желтоқсан айында кездейсоқ қазақтардың тұтқынға түсіп қалған Сырымды 1784жылы көктемінде қай хан босаттырды?Нұралы хан

4) Қай жылы Сырымның балалары Орал казактарымен қақтығыста қайтыс болды: 1778 жылы

5) Кіші жүзде хандық билікті жойып, отыршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған: барон Игельстром

4-топ сайыскерлеріне сұрақ:

1)1783-1797жж аралығында болған көтерілістің аумағы:Еділ-Арал теңізі

2)Көтерілістің басты мақсаты қандай?

-Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.

-Орал казак әскерлерінің қазақ жерілерін басып алуын тоқтату.

-Нұралы хан мен сыбайластарының озбырлығына шек қою

3) С.Датұлы көтерілісіне қатысқан, батырдың жақын серіктерінң бірі, Айшуақ сұлтанны ұлы: Жантөре

4)1785 жылы наурызда Сахарная бекінісіне шабуыл кезінде тұтқынға түскен сұлтан: Айшуақ

5) 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды: Ералы

5- топ сайыскерлеріне сұрақ:

1) Сырымның Орал казак әскерлерімен кескілескен күреске түскен жылы: 1784 жылы

2) 1785 жылы жазда Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім: Нұралыны тақтан тайдыру туралы

3)1795-1797 жылдары билік құрған Кіші жүз ханы: Есім хан

4)С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан ауыр жағдай: Жұт болды

5)Сырым Датұлы көтерілісінң нәтижесі: Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етіледі.



ІІ кезең.

Үй тапсырмасы (Сырым Датұлына арнап жасаған буклеттерін 5 минуттан артық емес қорғайды)

ІІІ кезең «Ғажайып бестік» кезеңінде әрбір ойыншы ұяшықтарды таңдайды әр ұяшықтарда сұрақтар берілген.Ұяшықтар 10нан-30 санына дейін берілген)






10



15




20

25



30


10 ұпай:

Сырым Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттарын атаңыз:

Жауабы:

-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі

-Аксүйектерінің бір бөлігі патша үкіметінің саясатының қолдамауы

-Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск,Уфа басқармасына бағындырылуы.

-1782-1783жж жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.

15 ұпай:

1785 жылы наурызда Сахарная бекінісіне шабуыл кезінде тұтқынға түскен сұлтан: Айшуақ

20-ұпай

1786 жылы Игельстромның жобасымен құрылған Кіші жүздегі әкімшілік билік қайда бағындырылды: шекаралық сот

25-ұпай.

Ауызша тарихи дерек бойынша Сырым батыр қалай қайтыс болды?1797ж Қаратай сұлтанның өршелеген қуғынынан құтылу үшінСырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.Ал 1802ж белгісіз себептерден батыр сонда дүние салды.Халық аңыздар бойынша Сырымды Хиуа ханы у беріп өлтірді.Шілдеде далада келе жатқан батырға егде әйел кездесіп,салқын қымыз ұсынады.Ештеңеден күдіктенбегенСырым батыр уланған қымызды ішіп, іле шала жан тапсырды.

30-ұпай

Барысы(негізгі кезеңдері)ата:

1.1783ж күнінен 1785ж көктеміне дейін.Көтеріліс Жайық бойындағы бекіністермен қазақ әскеріне қарсы.

2.1785ж –ХҮІІІ ғ 90ж дейін Нұралы ханға қарсы.

3.ХҮІІІғ 90ж көтерілістіғ жаңа кезеңі.Орал қазақ әскерінің зомбылығына қарсы.

4.1797ж 17 наурызда Есім ханның өлтірілуінен кейін көтеріліс әлсіреді,жеңіледі.

ІҮ кезең «Кім мықты» (ойыншыларға конвертте жасырылған тапсырмалар беріледі) (конверттерді таңдау арқылы тапсырмаларды орындайды)

Тапсырмалар

  1. Конверттегі тапсырма

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.

1)Жылдары



2)Себептері



3)Басталған уақыты



4)Маңызды оқиғалар



5)Көтеріліс барысы



6)Аумағы



7)Қатысқан басшылары



8)Қозғаушы күштері



9)Жеңілу себептері



10)Тарихи маңызы





ІІ конвертегі тапсырма.



Тест тапсырмасы

1.С.Датұлы көтерілісінің уақыты?

а.1784-1797ж в.1783-1797ж с.1785-1796ж д.1789-1797ж

2.С.Датұлы көтерілісі қай аймақта болды?

а. Кіші жүз жері в. Ұлы жүзде с. Орта жүзде д.Шығыс Қазақстанда

3.Көтерілістің басты қозғаушы күші?

а. Батырлар в. старшындар с. көшпенді шаруалар д.Билер

4.С.Датұлы қай рудан?

а. Байбақбы в. Беріш с. Адай д.Тама

5.Жалпы Сырым көтерілісшілерінің саны?

а.9 000 в.10 000 с. 5800 д. 12 000

6.Орал казактарымен қақтығыста Сырым балалары қайтыс болған жыл?

а. 1779 ж в.1776 ж с. 1780 ж д.1778 ж

7.Сырымның Орал казактарымен ашық қақтығысқа шыққан уақыты?

а.1785 ж в. 1783 ж с.1786 ж д.1791 ж

8.Сырымның Орал казактарында тұтқында болған уақыты?

а. 1783-1784ж в.1784-1785 ж с. 1785-1786ж д.1786-1787 ж

9.Сырым тұтқыннан кімнің көмегімен босайды?

а.Әбілқайыр хан в. Нұралы хан с. Ералы сұлтан д.Айшуақ сұлтан

10.Сырым көтерілісі кезіндегі Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы?

а.Куропаткин в. Фольбаум с. Крыжановский д.Игельстром

11.Майор Назаровтың тобы қай рудың ауылына шабуыл жасады?

а.Тама в. Адай с. Табын д.Беріш

12.Казактармен шайқаста қаза тапқан Айшуақ сұлтанның баласы?

а. Батыр в. Қайып с. Әбілпайыз д.Атақ

13.Майор Назаровтың қолына тұтқынға түскен қазақ сұлтаны?

а.Ералы в. Ерімбет с.Айшуақ д. Нұралы

14.Нұралыны хандықтан тайдыру туралы Кіші жүз старшындар сьезі өткен уақыт?

а.1785 ж в. 1784 ж с. 1789 ж д.1786 ж

15.Нұралы айыптаған Кіші жүз старшындар сьезіне қатысқан рулар өкілдері саны?

а.40 в. 50 с.15 д.20

16.Нұралы қай жылы Уфаға жер аударылды?

а.1789ж в.1785 ж с.1786ж д.1790ж

17.Кіші жүзде хандық билікті жою ұсынысын жасаған кім?

а.Игельстром в.Куропаткин с.Крыжановский д.Фольбаум

18.Орынбор шекаралық комиссиясы қай жылы құрылды?

а.1786 ж в. 1785 ж с.1789 ж д. 1790ж

19.1791 жылы Кіші жүз ханы болып сайланған кім?

а. Есім в. Ералы с. Әбілқасым д. Жәнібек

20.Есім қай жылы Кіші жүз ханы болып сайланды?

а. 1798 ж в. 1790 ж с. 1785 ж д. 1795 ж

21.Кіші жүз халқына ауыр тиген жұт қай жылы болды?

а.1796-1797 ж в. 1797-1798 ж с.1798-1799ж д.1799-1800ж

22.1797 жылы 17 –наурызда Сырым тобы қайда шабуыл жасады?

а.Хан ордасына в.Патша әскеріне с. Орал казактарына д. Патша өкілдеріне

23.Сырым кімнің қудалауымен Хиуаға өтіп кетті?

а. Ералы в. Есім с. Қаратай д.Игельстром

24.Сырым қаза тапқан жыл?

а.1801 ж в.1802 ж с.1804ж д.1800ж

25.Сырым көтерілісінің тарихи маңызы?

а. қазақтарға жері қайтарылды в. Жайықтың оң жағасына өтуге рұқсат берілді

с. Салық азайды д. Қазақтар басшылыққа жиі тағайындалды


ІІІ конверттегі тапсырма.

Сематикалық карта (кімнің кезеңінде болғанын анықтау қажет)

Басты оқиғалар

Басшылары (кімнің кезеңінде)

Барон О.Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға тырысып қолынан келетін бар мүмкіндікті пайдаланды.

ІІ Екатерина

Өзінің тыңшылары арқылы Кіші жүздегі күштердің орналасуынан хабардар болып отырды және хандықты құлату үшін батырдың жауларын қорғап шебер пайдаланды.

Барон Отто Игельстром

Ресей империясының сыртқы саясаты туралы мұрағат қорындағы көптеген құжаттарда ,,,,,- казактардың қазақ ауылдарындағы әрекеті жайында баяндаған.--- қазақ ауылдарын жазалау және тонау әрекеттерін өрістете түсті.Сұлтан тұқымдарының көрші рулар мен тайпалардың малдарын барымталап, зорлықпен айдап кетуілері әдеттегі жағдайға айналды.

Нұралы хан

Оның Нұралы ханмен туыстығы бар болатын.Осылай бола тұрсада халықтың мүдесін көздеп әділетсіздікке қарсы көтерілген халықты өзінің соңына ерте білді

Сырым батыр

1785жылы 17 ақпанда көтерілісті басу үшін арнайы аттандырылған тобы көтеріліске қатысы жоқ ауылдарды шауып,70-ке жуық қазақты байлап тұтқындап әкетті.

Генерал-майор Смирнов

1787жылы наурызда көтерілісшілерді талқандау үшін 1000-нан астам қаруланған күш орал қазақ әскерінің старшиналары басшылығымен жорыққа аттанды.

Колпаков пен Пономарев

1786жылы Уфаға жер аударып ,сол жерде дүние салды

Нұралы хан


ІҮ конверттегі тапсырма

«Сырым батыр туралы» эссе жазу.


Ү топ тапсырмалары.(Берілген фото суретті анықтап сол туралы мәлімет беру)

Отто Игельстром ІІ Екатерина Нұралы хан


Ү кезең «Жылдар тізбесі» (берілген даталарды анықтау қажет)

1-топ сайыскерлеріне

1.1744ж-Орынбор губерниясы таратылды.

2.1782ж 27 желтоқсанда- патша үкіметінің жарлығы

3.1742-1802жж-Сырым Датұлының өмір сүрген жылдары.

4.1778ж- Сырымның балалары Орал казактарымен қақтығыста қайтыс болды.

5.1783 жылы-С.Датұлының қазақ әскерлерімен алғашқы ашық қақтығысы

ІІ топ сайыскелеріне

1.1785 жылы- Нұралы ханды тақтан тайдыру туралы Кіші жүздің руларының съезі.

2.1790 ж- Уфаға жер аударылып, сол жерде дүние салған хан Нұралы

3.1791 – 1794 ж- Ералы хан Кіші жүзді басқарды

4.1797 жылы 17 наурызда- Хан сарайына С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады

5.1796-1797жж-қысқы жұт,ханның салықты көбейтуі.

ІІІ- топ сайыскелеріне.

1.1784жылы көктем-Нұралы хан Сырымды тұтқынан босаттыруы.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!