15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара "Тапқыр болсаң талас жоқ" 2-сынып
Сыныптани тыс шара
Гүлжан Сағынбайқызы Төлегенова бастауыш сынып мұғалімі
Құмтоғай орта мектебі
Құмтоғай ауылы Ырғыз ауданы
Ақтөбе облысы
2- сынып
Сыныптани тыс шараның тақырыбы: Тапқыр болсаң талас жоқ.
Мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау.
Ой ұшқырлықтарын байқау. Дүниетанымдарын кеңейту., тіл байлығын ,
шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
Тапқырлыққа ,ұшқыр ойға, жылдамдыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Пәнаралақ байланыс: анатілі, математика, қазақ тілі, дүниетану.
Барысы. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Әрбір адам - туысын, досың, жұрағат,
Әрбір сабақ -үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісім - тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім- шындық, бірлік, адалдық.
- Балалар , бүгін біз сіздермен «Тапқыр болсаң , талас жоқ» атты интеллектуалды білім сайысын өткіземіз Жарысқа қатысушыларды анықтау үшін
1. «Қас-қағым сәт» кезеңі
Тапсырма : Мына айларды ретімен қойып шығыңдар.
Ақпан Наурыз Желтоқсан Қаңтар..
- Олай болса жарысқа қатысушы ойыншыларымыз анықталды
-Бұл сайыстың жеңімпазын анықтайтын кім балалар?
-Дұрыс айтасыңдар әділқазылар.
Әділ қазы алқасына бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл-дей келе , бүгінгі сайысқа әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Әділқазылар алқасы : ----------------------------------------------------------------------------------------------------
Бәйгеге түсіп жарыспай,
жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие тәлім табар мән.
Бұл бәйге –ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға ,сол алда- дегендей жарыс кезеңдерімен танысайық
2. кезең Сиқырлы сөздер.
Қазір мен тақтаға «Қайырымдылық» сөзін жазамын қайсысы осы сөзден бірнеше басқа сөздер құраса сол оқушыда көп ұпай болады. ( 2 минут уақыт беріледі)
3.кезең Жедел жауап
«Бақыт жолы біліммен табылады деген » Ахмет Игүнекидің сөзімен жедел жауап кезеңін бастаймыз
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Сұрақтарға шапшаң жауап беру. Қай оқушы бірінші болып жалауды көтерсе, сол оқушы жауап береді
-
Мектептегі ең жоғарғы баға. «бес»
-
Мектебіміз қалай аталады? «Құмтоғай орта мектебі»
-
Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады? «кереге»
-
Жеті күн қалай аталады? «апта»
-
Қазақтың көшпелі үйі? «киіз үй»
-
2-ні үш рет қосқанда неше болады? «»6»
-
Қазақсан ақшасы Теңге
-
Жылдың ыстық мезгілі. «Жаз»
-
Қойдың төлі. «Қозы»
-
Сенің шешеңнің шешесі саған кім болады? «Нағашы әже»
-
Жыл мезгілдерін ата. «көктем, жаз, күз қыс»
-
Қазақ даласына тұңғыш мектеп ашқан кім? Ы. Алтынсарин
-
Көмірлі қала Қарағанды
-
Екі шеті тұйықталған түзу сызық Кесінді
-
Кітапханада кім істейді? Кітапханашы
-
Қыста түсін өзгертпейтін ағаш Шырша
-
Оқушының айнасы не? Күнделік
-
Бір сағатта неше минут бар? 60
-
Қазақ әліпбиінде неше әріп? 42
-
Бір ғасырда неше жыл бар? 100
4 кезең Тіл өнері
«Тіл қаруы- сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті » деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен 3 кезең «тіл» өнері сайысын бастаймыз
Шарты . Мақалдағы айтылмай кеткен сөздерді тауып айту.
-
Күлме досыңа
Келер.............. (басыңа)
-
Денсаулық, зор.....(байлық)
-
Егілмеген ...... (жер)жетім
-
(Отан)........- оттан да ыстық
-
Жері байдың ....... (елі) бай
-
Отансыз адам- ормансыз ......(бұлбұл)
-
Жалқаудың..........жаны тәтті, еңбектің наны ... тәтті
-
Үлкенге құрмет, кішіге.......(ізет)
-
Ата –бәйтерек, бал-...............(жапырақ)
-
Жақсы болсаң озарсың, жаман болсаң ........ (тозарсың)
5. кезең Бәрін білгім келеді
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы -білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу-Райхан әл Бируни Ендеше жарысымыздың келесі кезеңі «Бәрін білгім келеді»
Шарты : оқушылар түрлі түсті конвертті таңдайды. Конверт ішінде 10 сұрақтан бар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
Жасыл конверт
-
Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі (түбір)
-
Абайдың әжесі кім? (Зере)
-
Төрт сызықтан пайда болған фигура? (төртбұрыш)
-
Көкжиек тұстарын ата. (О; С; Б; Ш)
-
27+13 бұл қандай өрнек (санды өрек)
-
2-ні үш рет қосқанда шығатын сан (6)
-
Судың неше күйі бар? (сұйық, қатты, газ)
-
Заттың атын білдіретін сөз табы. (зат есім)
-
Үш биді ата
-
Тігінші құралы не? (ине)
Қызыл конверт
-
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
-
Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
-
Үш сызықтан пайда болатын фигура (үшбұрыш)
-
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал
-
а + 25 бұл қандай өрнек? (әріпті өрнек)
-
5-ті үш рет қосқанда шығатын сан (15)
-
Өсімдік неше топқа бөлінеді (3)
-
Сын есімнің сұрақтарын ата (Қандай? Қай?)
-
Үш жүзді ата (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
-
Қазақтан шыққан тұңғыш суретші кім? (Ә Қастеев)
Көк конверт
-
Жалқы есім қалай жазылады? (бас әріппен)
-
Абай кім? (ұлы ақын)
-
Бұрыш тік бұрыштан кіші болса ,қалай аталады? (Сүйір бұрыш)
-
Жердің өсімдік өсетін құнарлы қабаты (топырақ)
-
Массаның өлшем бірліктерін ата. (Грамм килограмм, центнер, тонна)
-
2х4 қанша? 8
-
Өсімдікке не қажет? (Ауа, су, қорек, жарық, жылу)
-
Етістік нені білдіреді? (ісәрекет, қимылды)
-
Кел, балалар оқылық өлеңінің авторы (Ы. Алтынсарин)
-
16- желтоқсан қандай мереке? (тәуелсіздік мерекесі)
Сары конверт
-
Сөз бен сөзді жалғайтын қосымша (жалғау)
-
Қаныш Сәтпаев кім ? (геолог, академик)
-
Бұрыш тік бұрыштан үлкен болса (доғал)
-
Өсімдік мүшелерін ата. Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым)
-
Ұзындық өлшембірліәктері. (см, дам, м, км)
-
2х5 қанша (10)
-
Орман емшісі? (тоқылдақ)
-
Әдемі сөзіне жуық сөз айт (сұлу, көркем)
-
Қазақ ғарышкерлерін ата. (Тоқтар, Талғат; Айдын)
-
1 мамыр қандай мереке (ынтымақ күні )
6. кезең Ұйқасын, шешімін таптап.
-
Жемісі бар тәтті
Дәні болса қатты
Аулаға беріп көрік
Жайқалып тұр ...
2 . Қалып едім түртіп
Тастай болды үркіп,
Тоны тікен түрпі,
Оның аты...
3. Құйрығы сүйір
алаботаға үйір
Оның аты.....
4. Мүйізі тік,
Қойдан биік
Оның аты .....
5. Сырты тастай қатты
Дәні майдай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты .........
6. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл ,шіркін ай,
Оның аты - ......
7. Тұмсығымен шымшып
Құрт тереді .....
8. Аулада алты үйрек
Қорада үш үйрек
Бір үйрек тығылды .
Екі үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек (6)
9. Тал басында тізіліп
15 жапырақ тұр еді
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті 4-еуі
Ізінше оның үзіліп
Түсті тағы 5-еуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (6)
10 Су құйып ем астауға
5 қаз ұшты аспанға
Үш торғай екі сауысқан
-
үйрек жарысқан.
1 тоқылдақ, 1 қарға
Қосылды кеп бұларға
Айт неше құс ұшып жүр (14)
7. кезең Сөз тапқанға қолқа жоқ
Бұл кезеңде Әр оқушы әріп таңдайды Берілетін әріптер Сұрақтарға жауапты алған әріптеріңннен бастап айту керек.
-
Қай қалада тұрасың?
-
Бөлме қандай?
-
Қандай тағамды ұнатасың?
-
Сыныптағы досыңның аты кім?
-
Ертегі кейіпкерін айт
-
Жазғы демалысыңды қайда өткізгің келеді?
-
Қандай гүлді ұнатасың?
-
Мектепке кіммен бірге келесің?
-
Үстіңдегі көйлектің түсі қандай?
-
Қалтаңда не бар?
-
Нені жақсы көресіз?
-
Жасың нешеде?
-
Сенің есімің кім?
-
Еденді немен жуасың?
-
Дүкенге кіммен барасың?
-
Сабақтан көп қаласың ба?
«Тапқыр болсаң талас жоқ» атты сайысымыз да аяқталды. Сайыскерлеріміздің жалпы жинаған ұпай санын білу үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген