400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара: "Тапқыр достар" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан тыс шараұстаздарға керек. сабақты жаңа мазмұнда әр түрлі тәсілдерді қолданып өткізуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тапқыр достар
(Интеллектуалды сайыс)
Күні: 13- қыркүйек

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу; Жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту; Дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: салт – дәстүрлер туралы суреттер, сандары бар бағандар,
кітап т. б.

Қатысатын сыныптар: 3 ә,б,в


Армысыздар, оқушылар, ұстаздар! Оқушылардың тапқырлығын танытып, шапшаңдықтарын шыңдайтын «Тапқыр достар» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер.
Тыңдап баға беруге
Шақырайық төрге.

Әділ қазылар алқасын

Ортамызға келген,

1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Гүлайым Жеңісқызы

2. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

3. Мектеп директоры: Гүлшат Қайыржанқызы


Уа, Халайық, халайық,
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде
Сұраққа беріп жауабын,
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді кеш жасайық! - деп алған білім, өлең - жыр, жұмбақ, мақал - мәтелмен өрнектеп, барымызды ортаға салайық. Санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. Олай болса, бүгінгі топтармен таныс болыңыздар:

3 ә – сыныбынан – «Алғырлар» тобы

3 б – сыныбынан – «Тапқырлар» тобы

3 в – сыныбынан – «Жүйріктер» тобы

1) «Өнерлер» тобының ұраны: «Өнермен өрге жүземіз»
2) «Тапқырлар» тобының ұраны: «Тапқыр достар біз боламыз»

3) «Жүйріктер» тобының ұраны: «Шын жүйрікте – біз жүйрік»

Сайысымыз 3 –кезеңнен тұрады.

1 кезең – Зымыран сұрақтар кезеңі, бұл кезеңде қатысушылар құпия әріптерді таңдап, қойылған 4 сұраққа сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру керек. !р дұрыс жауапқа 2 ұпайдан.


2 кезең – Ойлан, тап кезеңі, бұл кезеңде әр топ мүшелеріне 2 сөзден беріледі толық командаға 6 сөз Ортаға шыққан қатысушы жасырылған сөзді, іс-қимыл, ыммен қалған команда мүшелеріне түсіндіру керек. Команда мүшелері сөзді тапқан жағдайда әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан, бір командаға берілетін жоғары ұпай саны – 12


3 кезең – Кім шапшаң? кезеңі, бұл кезеңде барлық топқа 10 сұрақ қойылады. Қолдарындағы белгіні бірінші көтерген команда жауап береді. Жауап дұрыс болмай қалған жағдайда кезек екінші болып көтерген командаға беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. Бұл кезеңнің толық ұпай саны -50.


Мүдірмей жауап берелік,

Қазылар айтып төрелік.

Сиқырлы әріп таңдайық,

Сұраққа жауап жалғайық.

Зымырап келер сұрақпен,

Зымыран сынды самғайық. Олай болса, алғашқы кезеңіміз
І сайыс «Зымыран сұрақтар» кезеңі
Шарты: Командаларға әріптер беріледі. Қойылған сұрақтарға сол әріптерді байланыстырып жауап беру керек. Қолындағы әріптермен берілген әр жауапқа 1 ұпайдан. (Ж, А, Қ, Б, Ә, Т, К, С, Р әріптері)

«Алғырлар» тобына
1 сұрақ: Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
2 сұрақ: Ағылшын тілі қиын ба?
3 сұрақ: Сабақ оқыдың ба?
4 сұрақ: Досыңа тілек айтыңызшы?

«Тапқырлар» тобына
1 сұрақ: Ән айту білесіз бе?
2 сұрақ: Дене шынықтыру сабағы ұнай ма?
3 сұрақ: Арманыңыз не?
4 сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек?

«Жүйріктер» тобына
1 сұрақ: Мақал-мәтел білесіз бе?
2 сұрақ: Орыс тілінде сөйлей аласыз ба?
3 сұрақ: Көршіңе не тілер едіңіз?
4 сұрақ: Доп теуіп көрдің бе?

Тамаша, рахмет!

Жауабын тапқын ойланып,

Қапыда қалып қоймалық.

Қимылын қарап досыңның,

Жасырын сөзді табалық.
2 кезең – Ойлан, тап кезеңі, бұл кезеңде әр топ мүшелеріне 2 сөзден беріледі толық командаға 6 сөз Ортаға шыққан қатысушы жасырылған сөзді, іс-қимыл, ыммен қалған команда мүшелеріне түсіндіру керек. Команда мүшелері сөзді тапқан жағдайда әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан, бір командаға берілетін жоғары ұпай саны – 12


Жасырын сөздер:, Қобыз, әнші, шаш, гүл, қалам, телефон,


Биші, құлақ, әже, парта, доп, машина


Қол, қоңырау, қоян, кітап, үй, Домбыра


Рахмет, Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, үшінші кезеңге де уақыт жетті. Бұл кезең қатысушылардың шапшаңдығын танып білуге көмектеседі.

3 кезең – Кім шапшаң? кезеңі, бұл кезеңде барлық топқа 10 сұрақ қойылады. Қолдарындағы белгіні бірінші көтерген команда жауап береді. Жауап дұрыс болмай қалған жағдайда кезек екінші болып көтерген командаға беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. Бұл кезеңнің толық ұпай саны -50.


Сұрақтар:

  1. Біздің Тұңғыш Президент? (Н.Ә.Назарбаев)

  2. Біздің астанамыз ? (Нұр-Сұлтан қаласы)

  3. 5 пен 6 ның көбейтіндісі? (30)

  4. 5 пен 2 –нің көбейтіндісіне 90-ды қос. (100)

  5. Мәтіннің түрлері? (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

  6. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата? (р,л,м,н,ң,й,у)

  7. Өсімдіктерге жасыл түс беретін зат қалай аталады? (хлорофил)

  8. Биыл Абай Құнанбаевтың туғанына неше жыл? (175)

  9. Жер шарында неше климаттық белдеу бар? (3)

  10. Климаттық қатаклизмдер? (цунами, өрт, су тасқыны, боран, құйын, құрғақшылық)


Рахмет, балалар! Барлық кезең бойынша өте жақсы өнер көрсеттіңдер, Әділқазылар шешімін шығарғанша ортамызда тіл туралы өлең оқитын оқушы болса, оқуға рұқсат.


Әділқазы алқаларының шешімі дайын, олай болса сөз кезегі өздеріңізде.

Марапаттау

Өнерлеріңді ортаға салып, «Тапқыр достар» алаңына келгендерің үшін көп- көп рахмет! Білімді де үлгілі шәкірт болуларыңа тілектеспіз. Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
934
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі