жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара Тәуелсіз елдің танымы мол - ұландары 5-6 сынып
Сыныптан тыс шараның тақырыбы: “Тәуелсіз елдің танымы мол - ұландары”
Шараның мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша меңгерген білімін тексеріп білу, өткен материалды еске түсіру, математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы ой-қабілетін дамыту және өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
Осы сенімнен шығу үшін бойымыздағы бар күш жігерімізді білім алуға жұмсауымыз керек.
Шараның жоспары:
І бөлім : “Таныстыру»
ІІ бөлім: “Сергіту”
ІІІ бөлім : “Тапқырлар”
ІV бөлім : “Кім жылдам” сайысы
Жарыс заңы ежелден ,
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріне,
Сайысты біздер бастайық !
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Сыр сандық құпиясын
Анықтап бір тастайық !
«Алғыр» тобына сұрақтар :
1.Отбасында 4 қыз және әр қыздың бір–бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала?
2. Екі оқушы тоғызқұмалақты 4 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?
3. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 8 шақырым жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?
4. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
5. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден отырса, бір бұтақ жетпейді. Ал, екі-екіден отырса, бір бұтақ артылып қалады. Неше бұтақ, неше торғай бар?
„Сұңқар“ тобына сұрақтар :
-
Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
2. Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ?
3. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
4. Қайыңда 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма?
5. Су астында қандай тас жоқ?
Сайыстар:
-
“Жоқ сандарды тап”
І . “Жоқ сандарды тап”
«Алғыр» тобы
|
1 |
16 |
8 |
13 |
|
12 |
9 |
19 |
2 |
|
20 |
4 |
14 |
18 |
|
7 |
15 |
10 |
5 |
«Сұңқар» тобы
|
1 |
16 |
8 |
13 |
|
12 |
9 |
19 |
2 |
|
20 |
4 |
14 |
18 |
|
7 |
15 |
|
5 |
2.“Қатарды аяқта” "Алғыр" тобы 2,4,8,16, ...
"Сұңқар" тобы 3,9,27,51, ...
3.Анаграмма І топқа . Ш Ұ Б Р Ш Ү Ы
ІІ топқа . Е Ң Ш Б Р Е
4.Криптограмма
|
Н |
Ш |
Е |
Е |
Ң |
Д |
|
Ү |
К |
Ң |
Т |
Ө |
Е |
|
Р |
Т |
Б |
Е |
Р |
У |
|
А |
Е |
Ұ |
Ш |
Т |
Б |
|
Д |
И |
Р |
Ы |
М |
Е |
|
С |
У |
А |
Л |
О |
С |
|
А |
Н |
Т |
У |
Д |
А |
5. “Кім жылдам?”
І топқа жедел сұрақтар
1. 1-ге көбейтілген сан ...
2. Төрт қабырғасы және төрт бұрышы тең фигура.
3. Квадраттың периметрінің формуласы.
4. Арақашықтықтың төрт өлшем бірлігі.
5. Ең кіші жай сан.
6. Киелі сан.
7. ЕҮОБ сөзін толық айт.
8. 7-ні 6-ға көбейт.
9. Кесіндіні өлшейтін құрал.
10. 6 нөлі бар ондық сан.
ІІ топқа жедел сұрақтар
1. Қосудың нәтижесі.
2. Нөлге көбейтілген сан ...
3. Квадраттың ауданының формуласы.
4. 9 нөлі бар ондық сан.
5. Ең кіші натурал сан.
6. ЕКОЕ сөзін толық айт.
7. 7-ні 8-ге көбейт.
8. Екі бөлгіші бар сан қалай аталады?
9. Жай да, құрама да сан емес.
10. Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігін не деп атайды?
6. “Арифметикалық жұмбақтар”
1. Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (8)
2. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары? (6)
3. Түйе, бота маң басқан.
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.(15)
4.Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар (Бас)
5.Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады (Күнделік)
6. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар (Киіз үй)
7. Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында (Сызғыш)
«Ақынжанды болмаған адам математик те бола aлмайды»
С. Ковалевская
Өлең құрау бұл сайыс түріне жатпайды әділ - қазылар қорытындысын шығарғанша біздер математика туралы өлең шығаралық.
Өлең құрау :
Екі жол өлең шумағы беріледі, әрі қарай оқушылар өз ойын, ұйқасын тауып, өлең құрайды.
Шәкіртім, жарқын сенің келешегің,
Алдыңда қарызың көп берешегің,
. . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
Өлең шумақтарыңдағы соңғы сөздері беріледі, соған қатысты өлең құрау:
. . . . . . . . . . . . . . алады,
. . . . . . . . . . . . . . болады.
. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . қалады.
Құралған өлең мысалы:
Ақыл ойды математикадан алады,
Ойланған математик болады.
Егер математиканы дұрыс меңгермесе,
Ол оқушы сол сыныпта қалады.
Қорытындылау
Жеңіске жеткен топты мадақтау , алғыс айту
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген