Сыныптан тыс шара. «Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» дөңгелек үстел

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара. «Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне бағдар жасау, талқылау, талдау. Келешекке көз сала отырып, болашағын зерделеу. Болашақ ұрпақ бойына патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шалқар қаласы, №5 мектеп-лицейі













Shape1

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» дөңгелек үстел

Өткізген: тарих пәні мұғалімі Тажибаева С.М.





















2021-2022 оқу жылы

Күні: 14.12.2021жыл.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңі.

Сынып:10 В

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне бағдар жасау, талқылау, талдау. Келешекке көз сала отырып, болашағын зерделеу. Болашақ ұрпақ бойына патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар

Түрі: дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелдің барысы:

Мұғалім: Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған оқушылар, ұлт жанашырлары!

Ажарында көгіміздің –

Тыныштығы жеріміздің.

Тәуелсіздік деген осы-

Азаттығы еліміздің! - дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. Жүргізуші: 2020 жылдың 16-желтоқсанда-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындарды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.

Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын "Тәуелсіздігіміздің кешегісі мен бүгіні" тақырыбына арналған слайд - шоуға назар аударайық.

IY. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту. Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, тәуелсіз халықтың бүгінгі жай-күйі мен ертеңгі жоспарлы саясаттар қалыбын қадағалау.Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

1. Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек туралы мәлімет. Дәурен.

2. Алашорда үкіметі. Гүлдана.

3. Ұлы Отан соғысы. Айымторы.

4. Желтоқсан оқиғасы. Құралай.

6. Қазіргі Қазақстан. Дильназ.

Y. Әр сұрақтан кейін оқушылардың жауаптары, пікірлері тыңдалады.

YI. Қорытынды сөз:

Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тәуелсіздігімен айқын, тұғырымен биік. Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні, жарқын болашағы - жастарда. Бүгінімізді бағамдасақ, келешегімізді жоспарласақ, алға талпынып, еліміз өркендеуі жолында сүбелі үлесімізді қоссақ, тамшыдай болсын пайдамызды тигізсек, ұлы даланың ізін жалғар ұрпақтың өнегесін көрсеткен болар едік. Тәуелсіздік жайлы қалам тербеген жазушы, өлең пернесін ағытқан ақын, ән жазған композитор мен әуелетіп ән-салған әншілеріміз де аз емес.

Ой-бөлісіп, пікір алысып тыңдағандарыңызға көп - көп рақмет! Келесі дидарласқанша, аман-сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2022
941
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі