400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Тілашар"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобына арналған сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жетістіктерін мерекелеу, ата – ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу.


Жүргізуші: Армысыздар аяулы да, ардақты ата – ана, ұстаздар! Бүгінгі «Тілашар» тойы құтты болсын!


Өтті қызық көп күндер,

Жеті жасқа жеттіндер.

Барасындар мектепке,

Бір белес өттіндер.


Уа, халайық, туысқан,

Тілашар тойы шығыстан.

Тойға келдім шақырып,

Ат терлетіп алыстан. – деп ортаға М.а.д оқушыларын шақырамын.


ҚР мемлекеттік әнұраны орындалсын.


Жүргізуші: Тілашар тойының құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Бигалиев Азамат Мағзомұлыа беріледі.


Жүргізуші:

Айналайын балғындар,

Алға бағыт алдыңдар.

Ерте өсіп толдындар,

Ел мақтаны болдыңдар.

Орындалсын ойларын,

Құтты болсын тойларын. – деп ортаға әжемізді шашумен шақырамыз.

Жүргізуші: Оқушылардың тақпағына кезек берейік.


Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу – маржан шашайық.

Аналарды таңғалдырып,

Өнерден күмбез жасайық. – деп, ән орындайтындар мад оқушылары Ақылби мен Қарақат.

Мектепалды даярлық тобының «Шалқан» ертегісін тамашалайық.

Біздің ауыл қыздары өнері асқан,

Билейді мың бұралып бала жастан.

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз,

Ортаға шығындаршы тартынбастан. – деп, қыздардың орындауында «Қуыршақ» биі.


Ақыл, білім жастарда,

Сөз беремін жастарға.

Біде қызық ойын бар,

Барлығын ден қойындар.

Қандайда қиын жолдарда,

Шешімін таппай қоймандар – деп «Біз білеміз» ойнына кезек берейік.


Шаттық шеңбері.


Мерекеміз бүгінгі құтты болсын,

Әрқашан мерекелі көңіл толсын.

Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,

Кәне достар әнменен орта толсын – дей келе Ерсағын мен Жандаулеттің орындауында «Қошақан» әні.


Мектепалды даярлық тобы оқушылары арасында вальс биі.

Қорытынды:

Уақыт еңбек тірексіз,

Бақыт келмес бірліксіз.

Талмай еңбек етіңдер,

Қиыстан аман өтіңдер.

Қоштасайық бәріміз,

Шарықтасын әніміз.

Залдағы көп қауымға,

Рахмет дейік тағы біз.


Ата – аналар тілашар тойының құрметіне балаларыңызға қандай тілектеріңіз бар.

Ұстаздар, ата – аналар, оқушылар «Тілашар» тойы аяқталды. Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!





















Көпкүтір негізгі орта жалпы білім беретін мектебі









Тілашар

Мектепалды даярлық



















Орындаған: Байбалина А.С











2018 - 2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі