жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара Туған жанұяның жылулығы 11-сынып
«К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ
(Тренинг)
11-сынып
Сынып жетекшісі: Жаманкулова Г.Т.
2018-2019 оқу жылы
Сынып: 10
Мерзімі: ________________
Тексерген ________________
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Баймуханбетов
Тақырыбы: «Туған жанұяның жылулығы»
Мақсаты: Балаларды жанұясына және қоршаған ортасына жауапкершілікті қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Ата-ана және бала қарым-қатынасында кейде өзара келіспеушіліктер туындайтындықтан, олар бір-бірін түсінбейтіндігін көрсету.
Бір-бірін түсінуді дамыту және жанжалды жағдайдан дұрыс жол таба білу.
Үлкен адамдарды және жақын адамдарды сыйлауға, көмектесуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 форматты қағаз, қалам, доп, нақыл сөздер жазылған плакаттар, Құндылық терегінің макеті, ноутбук, проектор, экран.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар. (Алдын ала тренинг бағдарламасы таратылады).
Тренинг бағдарламасы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Таныстыру ойыны.
3. Психологиялық минуты.
4. Ой жинақтау. Қатысушыларға тапсырма.
5. Тақырып: «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік»
6. Сергіту сәті.
7. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы
8. «Жанұя» сөзін талдау тапсырма.
9. «Жанұя эмблемасы» тапсырма
10. «Ашық айтсам...» анкетасы
11. Қорытынды.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі кездесуге келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Мен сіздерге сенемін. Біздің ынтымақтастығымыз жетістікке жеткізеді деп ойлаймын.
Шеңбер құрып отырайық. Бұл бір-бірімізді көруге және бірер уақыт бірге болуға мүмкіншілік тудырады.
Жұмыс тәртібі:
Шеңберде бәрі тең, сондықтан өз ойын айтуға болады;
Қатысушылардың абыройына нұқсан келтірмеуі;
Бір адам сөйлегенде оны аяғына дейін тыңдай білуіміз керек;
Егер сұрақтың жауабын білмесеңіз, сұраққа жауап бермеуге болады
2. Танысу жаттығуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.
3. Психологиялық минуты.
Бүгінгі кездесуге қандай көңіл күймен келдіңізер? Неге?
Қобалжығандарыңызды басу үшін келесі жеңіл жаттығуларды орындайық. Табиғаттағы ауа райын сипаттай отырып көңіл-күйімізді айтамыз, өз көңіл күйім ала бұлтты желсіз тымық күн сияқты, дауылдың алдындағы тыныштық тәрізді болып тұр. Келесі кім? Қалғандарыңыз көңіл-күйлеріңіз жақсы болса жымиыңыздар.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
4. Ой жинақтау. Қатысушыларға тапсырма.
1-тапсырма: Жанұя дегеніміз не? Әр топ сұраққа жауап береді.
2-тапсырма: Өз жанұяңызға қатысты сөздерді бір параққа теріп жазыңыз. (параққа жазылған сөздерді ұсынамын: тыныштық, денсаулық, махаббат, мейірім, тазалық, бақыт, келісім, дөрекілік, жылылық, ұрыс, жек көру, ауру, өшпенділік).
3-тапсырма. Әр жанұяға бір парақ қағаз беріледі: сол парақтағы кестеге міндеттерін толтыруы керек.
Ана |
Әке |
Бала |
1. |
1. |
1. |
2. |
2. |
2. |
3. |
3. |
3. |
4. |
4. |
4. |
5. Тақырып: «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік».
Мақал-мәтелдер жарысы, аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау.
1. Ана алдында – құрмет, ....
(Ата алдында – қызмет).
2. Баласыз ана – ... (гүлсіз алма).
3. Бала тентек болатыны – үйінен,
......................... (Ердің тентек болатыны – биінен).
4. Ақ жаулығы ананың - ....................
(Ақ көрпесі баланың).
5. Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,
................ (Адам баласы үшін азапқа түседі).
6. Жаман да болса ұрпақ қалсын,
....................... (Ошағыңда отың жансын).
7. Әкеден безген ұл болмас,
.................... (Анадан безген қыз болмас).
8. Анасын көріп қызын ал,
.......................... (Аяғын көріп асын іш).
9. Әр атаның өз ұлы бар,
...................... (Әр бұтаның өз гүлі бар).
10. Итпен ойнасаң – үрерсің,
........................... (Баламен ойнасаң – күлерсің).
6. Сергіту сәті. (Алуа жаттығу дайындайды)
7. «Жанұя ойыны».
Сіз балаңыздың мінез-құлқының өзгергенін бірнеше рет байқадыңыз, не істейсіз?
Балаңыз сізбен жиі сырласа ма?
Балаңыздың бойында қандай жақсы қасиеттердің болғанын қалар едіңіз? Ол үшін сіз не істедіңіз?
Балаңыз жаман әдеттерге бой алдырғанын байқасаңыз қандай ақыл-кеңес бересіз?
Балаңыздың сізді тыңдамаған кездері болды ма, неліктен?
Балаңыз қандай өлшемді аяқ-киім киеді?
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
Балаңызға жиі ашуланасыз ба?
8. «Жанұя» сөзін талдау
Жанұя сөзін талдап, тақтаға іледі.
9. «Жанұя эмблемасы» тапсырма
Ақ қағаз, маркерлер таратылады. Жанұя эмблемасын салыңыздар.
10. «Ашық айтсам...» анкетасы.
Ата-аналарға анкета таратылады, толтырады.
Тренингтің жүргізілген күні....
Менің тренингтік есімім...
Менің тренинг барысында түйгенім...
Маған қатты ұнағаны....
Мұғалімге ұсыныс....
Маған ең пайдалы, құнды болғаны....
Маған ұнамағаны...
Ең жақсы ұнағаны...
Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді...
Тренингті қорытындылау...
Қолы....
11. Қорытынды.
Ата –анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой-өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.
Бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Бүгін жанұя туралы көп жылы сөздер айтылды. Бір сөзбен қалай айтуға болады? (Жылулық).
Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, біріне-бірі қорған болудан және қолдап жүруден, сыйластықтан құралады. Ендеше әр ошақтың жылуы сөнбесін деп, бүгінгі кездесуімізді қорытындылаймыз.
Жанұя мүшелерінің міндеттері:
Ана |
Әке |
Бала |
1. |
1. |
1.
|
2. |
2. |
2.
|
3. |
3. |
3.
|
4. |
4. |
4.
|
5. |
5. |
5.
|
6. |
6. |
6.
|
7. |
7. |
7.
|
«Ашық айтсам...» анкетасы.
Тренингтің жүргізілген күні_________________
Менің тренингтік есімім____________________
Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________
__________________________________________________________________
Маған қатты ұнағаны________________________________________________
__________________________________________________________________
Мұғалімге ұсыныс__________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Маған ең пайдалы, құнды болғаны_____________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Маған ұнамағаны___________________________________________________
__________________________________________________________________
Ең жақсы ұнағаны__________________________________________________
__________________________________________________________________
Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді_____________________
__________________________________________________________________
Қолы__________________
ЖАУАПКЕРШІЛІК
|
ІЗГІЛІК
|
МЕЙІРІМДІЛІК
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген