Сыныптан тыс шара "Туған жердің табиғатын қорғайық!" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Туған жердің табиғатын қорғайық!" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың туған жерінің табиғатымен таныстыру арқылы өз туған елін жерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатым болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Туған жердің табиғатын қорғайық!» 
Мақсаты: 
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер,суреттер, видео фильм
1.Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері
Хормен
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық, 
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күннің шуағын адамдарға сыйлайық

Қане енді топқа бөлінейік

Топқа түрлі-түсті қалпақтар тарату арқылы топқа бөлу

1-топ Өсімдік /жасыл қалпақ/

2- топ Су /көк қалпақ/

3-топ Ауа / ақ қалпақ/

4-топ Жер /қоңыр қалпақ/

Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.


Видео көрсетілім "Планета және бала"

- Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады? 
Оқушылар:- Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар... 

-Табиғатқа біз қамқор көрсету керекпіз, аялау керек.

-Табиғат екіге бөлінеді.Тірі табиғат және өлі табиғат деп.
-Өлі табиғатқа - ауа,жел,су, топырақ т.б
-Тірі табиғатқа - гүлдер,жәндіктер,құстар,т.б
- Біз немен дем аламыз?

-Тірі табиғатқа не жатады?
-Дұрыс гүл жатады. Осы тірі табиғатпен өлі табиғаттың бір-бірімен байланысы өте тығыз. Біз гүлді қалай өсіреміз? Топыраққа егіп, оған су құямыз екен.
- Міне балалар өлі табиғаттың да, тірі табиғаттың да бір - бірімен байланысы зор.

-Табиғат туралы тақпақ кім біледі? 

 Оқушылар тақпақтарын айтады


1-оқушы

Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.

2-оқушы
Мен жерімді сүйемін
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін


3-оқушы

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
4-оқушы

Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!


5-оқушы

Кешкілік пе ,күндіз бе?
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы  жүрміз бе?
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл.
Не қалады сиқынан,
Қызыл- жасыл жердің бұл.


6-оқушы

Армысың, шапағатты Күн-Ана!

Армысың, қайырымды Аспан-Ана!

Армысың,мейірімді Жер-Ана!

Құт дарып, әлемді жарылқа!


8-оқушы

Сүйем сені туған жер,

Әжем жөргек жуған жер,

Шапқан жауды еліме,

Батыр бабам қуған жер.


9-оқушы

Тіршілікте недейсің ғой ең қымбат.
Тіршілікте адам қымбат,ауа қымбат.
Ал,адамға ауа қажет,бәрінен де
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.

10-оқушы

Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.



Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.


11-оқушы

Табиғат біздің анамыз,

Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.

Мен жерімді сүйемін
Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.


12-оқушы

Табиғат
Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.


13-оқушы

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз
Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз.
Баршаңызға бейбіт өмір тілейміз.


14-оқушы

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік,
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейі


Мақал- мәтелдер айту


«Ер- елдің  көркі, орман-тоғай жердің көркі»,


«Бір тал кессен, он тал ек»


«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,


«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»


«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»


«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»


«Бұлақ көрсең, көзін аш»


«Жылап жүріп арық қазсаң,


  Күліп жүріп су ішерсің»




- Балалар, табиғатсыз ешбір тіршілік болмайды, сондықтан біз табиғатты аялап, қорғап, суға түкірмей, ластамай, ағашты сындырмай, құстарды атпай, ауаны ластамай болашағымызға жақсы көзқараспен омір сүруіміз қажет.
Енді әр топ адамға тигізер пайдасы туралы өз ойларын сурет арқылы салып, ойларын білдіреді.

Әр топ өз постерлерін қорғайды

«Жер» тобы: 1. Біз адамға нан, жеміс-жидектер береміз. Адам біздің қойнауымызға түрлі дақылдар егеді.Біз ол дақылдарды жомарт қолымызбен молынан қайырамыз. Біздің қойнауымызда әртүрлі жеміс,ағаш, шөп өсіп жетіледі. Қаншама аң-жануарлар, адамдар тіршілік етеді. Осылайша адамдар бізбен жомарттықты, дарқандықты үйренеді. 

2.Адамдар жер-анамызды қашаннан бері аялап келеді. Қойнауынан шығып жатқан байлығын пайдаланып қана қоймай оның тазалығына көп мән берген. Жерді анамыз деп қадірлеп отыруды өздеріне міндет санайды. 

  «Су» тобы: 1. Біз барлық адамдарға, тірі жанға тіпті табиғатқа тазалыық сыйлаймыз. Гүлдер мен ағаштары жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береміз. Шөлдегенге сусын боламыз. Шаршағанның денесін сергітерміз. Біздің арқамызда жайқала өскен гүлдер мен өсімдіктер адамға сұлулық сыйлайды. 

2. Адамдар судың қадірін дақсы біледі.Су көздерінің таза болуына, бұлақ, бастауларының маңы бітеліп тынысы тарылмауына өз үлестерін қосады. Су көздерін ашып қана қоймай ол жерлерге ағаш егіп, гүл егіп көркейтеді.Адамдар суды үнемдеп пайдалануы да ұмытқан емес. 

  «Ауа» тобы: 1.Адамның жақсы демалып, дұрыс тынығуына ауаның пайдасы мол. Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды. 

2. Адам баласы ауаның өз денсаулығы үшін керек екенін біледі. Сол үшін де ауаның таза болуына, улы заттармен бұзылмауына көп мән береді. Ауаны таза сақтайын өсімдіктерді де көп егіп күтімге алады. 

  «Өсімдік» тобы: 1.Адамдар өсімдіктің арқасында таза ауамен дем алады. Өсімдіктер адамға әдемілік, сұлулық сыйлайды. Түрлі гүлдерді бір-біріне сыйлап, адамдар бір-бірінің көңіл күйлерін көтереді. 


I слайд Бейне фильм көру.

"Хромтау қаласының табиғаты"


ІІ слайд 
« Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

Хромтау қаласындағы шахта, завод туралы олардың қаламыздың ауасын ластап жатқаны туралы оқушының зерттеуі, қорғауы. 
Жанерке: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. 
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, 
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. 
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, 
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.. Өзіміздің Хромтау қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. . Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады,. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама! 

Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.
Мен жерімді сүйемін
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін

Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе? 

ІІІ слайд 
«Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ? 
Махаббат: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Хромтау қаласында мол сулы өзендер, көлдер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы. Кейінгі азайып, ол тартылып қалды. Өзендер ластанып, балықтар улануда. 4 тамыз күні Хромтау ауданындағы Қопа ауылдық округінің Божер нүктесінде 12 дана балық өлген. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. 
Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады
Мұғалім: Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер. 
Осы оқушылардың зерттеулерінен кейін оқушылардың ойларын айтқызу

5. Ойын «Егер де не болар еді» ойыны:

Егер де жер болмаса, не болар еді?

Егерде су болмаса, не болар еді?

Егерде ауа болмаса, не болар еді?

Егерде күн болмаса, не болар еді?


Жұмбақ шешу

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

 

Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)


Көктен түседі,

Жер ішеді.      (Жаңбыр)


Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады. (Күн)


Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)


Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)


Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым. /тау/

Қыста бар да, жазда жоқ,

Ол көп болса көңіл тоқ. /қар/

IV cлайд

Ой-толғау

-Табиғатты біз қалай пайдаланамыз?

-Жер бетінде табиғи апаттар неге жиі болып тұрады?

-Адам табиғатқа зиян келтіре ме?

Мұғалім: 
Өте жақсы, балалар Табиғат-Ана ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. 
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.


Табиғатқа тілек айту Әр топ берілген суреттердің ішінен таңдап, құрастырады, жапсырады. Ойларын айтады. Балалар, қолымызды ұстап бір – бірлерімізге жақсы лебіздер тілейік:

1 бала: — Мен су тасқыны болмаса екен деймін.

2 бала: — Жерде апат болмаса екен деймін,

3 бала: — Суларымыз таза болсын деймін



12.Қорытынды
Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық. Өз жеріміздің табиғатын аялап, сақтайық!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі