Сыныптан тыс шара "Үлкенге ізет, кішіге құрмет"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Үлкенге ізет, кішіге құрмет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлкен адамды сыйлай білудің өзі өнер. Әрдайым улкенге құрмет, кішіге құрмет көрсету адамдардың парызы деп білемін. бұл тақырыпта әр оқушыға көптеген тақпақтар жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есламгалиева Гулзина

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шалқар бастауыш мектебі.


Үлкенге ізет, кішіге құрмет!

Жүргізуші:

Есенсің бе, қазыналы қарттарым,

Бабалардың бойға жиған салттарын.

Өздеріңдей ұлағатты болуға,

Өсиетіңді жүрегіме сақтадым.

Құрметті ауылымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар,тәлім-тәрбие берер ақ сақалды қариялары,сіздерді карттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Әрқашан төріміздің сәнін келтіріп,аман отырыңыздар.Бүгінгі сіздерге арналған «Қарттарым аман саумысың» атты мерекелік дастарханға қош келдіңіздер.

Бүгін қасиетті жұма күні болғандықтан «Өлі разы болмай,тірі байымас»деп ертеңгілігімізді бастамас бұрын бұл өмірден өтіп кеткен әке,әже,бауырбарымызға арнап дұға бағыштайық.

Ауылымыздың ақсақалына сөз кезегін ұсынамыз.

(рахмет,әумин!)

Қарттық деген –қасиетті ұғым бір,

Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.

Балалардың болашағын аңсаған,

Бойларыңда керемет бір жылу жүр.

Тақпақтар:

1-оқушы Ағарған сақалын силаймын атаны,

Көңілі ешқашан болмаған қапалы.

Атаммен әжеме асықсам таңдан ба,

Оларсыз өмірде сән бар ма мән бар ма?!


2-оқушы Екі әжем бар тамаша,

Екеуі де балажан.

Бірі кунге қараса,

Бірі жолға қараға.

Екеуіде сүйеді,

Сондай жақсы көреді

Еміреніп сүйеді,

Сәбимін ғой себебі

Бірі әкем анасы

Бірі анам жағынан.

Мен олардың баласы

Екеуінде сағынам.

3-оқушы Мейірімі козінен шуақ болып төгілген,

Аз уақытта сағынам алтын әжем сені мен.

Әжелердің барлығы ұзақ өмір сүрсін тек,

Әжелердің қадірін кішкентайлар білсін тек.

Ән: «Ауыл қарттары»

Жүргізуші: Өне бойың-тұнған ақыл, ұлағат,

Ешкімге де жасамайсың қиянат.

Жайлап қана ақылыңмен түзейсің,

Жасап қойсам ұғына алмай бір ағат.


Ақ сақалың аппақ арың бекімі,

Армандарға жетелейді не түрлі.

Аппақ ашаың адалдықтың өлшемі,

Менің нұрлы болашағым секілді.

Тақпақтар:

4-оқушы Әжемізге рекелеп ,

Анамызды тыңдаймыз.

Әжем айтқан ертек көп ,

Атамызға сыйлаймыз.

5-оқушы Ата-әжені ардақтап,

Қуантатын күн келді.

Мейрамыңмен құттықтап,

Ән салайық бәріміз.

6-оқушы Әке деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-қуанышы көңілдің.

Әже деген-әрбір үйдің жылуы,

Ата деген-қазынасы әр үйдің

7оқушы Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын қонаққа,

Кәмпит алып келеді.

8-оқушы Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін әндерін.

Қасыма келіп ұйықтайды,

Қорықпасын деп түнде мен.

9-оқушы Әжем менің мереке,

Жүрген жері береке.

Мен әжемді сыйлаймын,

Оны ешкімге қимаймын.

Ән: «Қошақаным»


Жүргізуші: Туғаннан «құлыным»деп аймалаған,

Өзіңдей қымбат адам қайда маған.

Дүние өздеріңмен көрікті ғой,

Сендерсіз бұл-бұлқұста сайрамаған.

10-оқушы Біз гүлдерді жұлмаймыз,

Торғайларды қумаймыз.

Айтқан сөзді тыңдаймыз,

Ата-әжені сыйлаймыз.

11-оқушы - Атам менің әмәнда

Кіші пейіл бол деген.

Ақыл сөзі санам да

Мақтанбауды жөн көрем.

-Атам менің әмәнда,

Бол дей тұғын бауырмал,

Мынау байтақ ғаламда,

Қаншама дос бауыр бар.

12-оқушы - Атам менің әмәнда,

Бол дей тұғын тіл алғыш.

Үлкендерден содан да,

Алып жүрмін кіл алғыс.

-Атам менің әмәнда,

Мейірімді бол деген

Ақыл сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.

13-оқушы -Атам менің әмәнда,

Ынтымақшыл бол деген.

Бірлік болса адамда,

Шын бақыт қой ол деген.

14-оқушы Қуанышқа бөлеген әр күніміз

Бақыттымыз,балалар,барлығымыз.

Осындай ата,әже арқасында

Қызықпен өтсін әр күніміз.

15-оқушы Айтсаң болды тіл алам

Айбат атам, ақ атам.

Сен үшін де қуанам,

Сен үшін де шаттанам.

Жүре берсең қасымда,

Айбат атам, ақ атам.

«Ботам»деген даусыңнан

Мен мәз болып қуанам.

Ән: «Немерем»

Жүргізуші:

Атаң болса әжеңмен,

Алтыннан соққан қорғаның.

Санаң болса ақылды,

Ешкімнен кем болмадың.

Болашақ алды ұрпаққа

Сілтеген түзу жолдарын.

Балалар,түсін, оны ойла.

Қарттар асқар тауларың.

Шыңына шығып биіктің,

Мансапқа жетер қолдарың.

Ұмытпа сонда қадірін,

Қарттар асқар тауларың.

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай

Ниеті ақ,пейілі кең даладай.

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап,

Мәпелеңдер қарт біткенді аялай.

Ата,әжелеріміз ақылын айтып,өлеңін,ертегісін оқып төрімізде отырса,

біз бақыттымыз!Әке,анамыз әрқашан қасымызда болса,біз бақыттымыз!

Еліміздің тыныштығы бұзылмаса,орман,тоғайларымыз өртке оранбаса

Біз бақыттымыз!(бәрі)

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз,балалар,барлығымыз.

Осындай ата-әжелер арқасында,

Қызықпен өтсін әрбір мерекеміз.

деп сіздерге арналған шағын концертіміз аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2018
1260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі