жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара «Ұлтын сүйген ұлы жүрек»
Бекітемін:
Күні: 24.02.2018ж.
Мақсаты: Ақынның сан қилы тағдырына шолу жасай отырып, өлеңмен өрілген өнегелі өміріне терең бойлау арқылы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, ана тілі мен мәдениетін жете біліп,поэзияны қастерлеуге , сүйіп оқуға бейімдеу ; ақын өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу.
1 - жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ұлы күн бүкіл елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог – Мағжан Жұмабаевқа арналады.
2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» атты айдарымен өтетін әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
2-жүргізуші:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын,
маған қарсы кім тұрар?
Көкте
– бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер
еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Осының бәрі – асып-тасудың, астамдықтың
белгісі емес, асылдықтың,
жайдың жасыландай өткірліктің жөні.
Ақын сөзі ащы шындықтың
айнасы болып отырған. Оны өзі түсінген
де, білген де. Ақын
туралы сюжетке назар аударайық.
2 - жүргізуші: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
1 - жүргізуші: Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.
2 - жүргізуші: Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасырдан артық уақыт бойы айтылмайтын болған. Сол себепті кейінгі буын бұл ақынды аз біледі. Ақынның кітаптары тиым салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты. Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомыбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры аянышты. Мағжан Жұмабаев кім, қандай ақын?
«Мен кім?» өлеңі, оқитын: 7-сынып оқушысы Данабек Әли.
1 - жүргізуші: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп - жұмыр жауһар дүние». Алдарыңызда Мағжан поэзиясының табынушылары.
1-сынып оқушылары: «Балалық шақ»
3-сынып оқушысы Сағынаев Жандос: «Түс»
5-сынып оқушысы Қаласов Ерасыл: «Күн шығады да батады»
1 - жүргізуші: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай - күйіне тәуелді.
5-сынып оқушысы Тоқабаева Айкүнім: «Ана» өлеңі
2-сынып оқушысы Айтжанова Дана: «Әлди, әлди, аппағым» өлеңі
2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады. Бұл тұрғыдан келгенде, "Батыр Баян" поэмасының маңызы ерекше. «Батыр Баян» поэмасынан үзінді, оқитын: 3-сынып оқушысы
1 - жүргізуші: Туған халқының, түркі дүниесінің басындағы ауыр халді мұңдана баяндаған өлеңдерінің өзін Мағжан айрықша оптимизммен қорытып отырады. Ақынның лирикалық кейіпкері – аса батыл, нені болса да кесіп айтатын өткір жан.Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да "арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты" қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш –жастар. Олай болса, өмір бойы "алаш" ұранын көтеріп өткен Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Өзінің "Мен жастарға сенемін" деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан кыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. "Мен жастарға сенемін!" деп асқақтай сөйлейді. "Мен жастарға сенемін!" өлеңі, оқитындар: 5-сынып оқушылары.
2 - жүргізуші: Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы ойлар – Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем.
"Сүйемін" атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. («Сүйемін» өлеңі, оқитын: 8-сынып оқушысы: Төлегенова Ақбота).
1 - жүргізуші: Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ акынның. Осындай көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – "Сағындым". Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді. («Сағындым» өлеңі, оқитын: 7-сынып оқушысы Шүйіншалы Еркебұлан.
2-жүргізуші:
«Мағжан
өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен
өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға
ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай
терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін
баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста,
қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында
мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры
арылмаған халқының зарлы перзенті»
4-сынып
оқушысы Сейтқазиев Әділеттің оқуында
«Қазақ тілі» өлеңі.
1-жүргізуші: Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды. 9-сынып оқушылары Шүйіншалина Ақтілек: «Туған жер», Сейтқазиева Жадыра «Бұлбұл» өлеңі.
2-жүргізуші: Мағжан Жұмабаев - әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға. Жоғары білімді, Шығыс пен Батыстың поэзиясын жетік білген ақын әдебиеттің, өткір тілді өлең сөзінің күші мен қуатын жақсы түсінген. Ұлы Абай дәстүрін жалғастырып, өз өлеңдерінде халықтың ауыр тағдыры өмірін шынайы суреттей білген. «Сырым» өлеңі, оқитын: Қошетерова Дильназ.
1-жүргізуші: Мағжан – қазақ өлеңінің көркіне көрік қосқан, саздылығы мен әуезділігін әсемдеген ақын. Жоғарыдағы өлеңдерінің бәрінде де ол қарапайым өмір кұбылыстарын әсем суретке айналдыра жырлайды. Мағжан өлеңдеріне тән ерекше бір әуезділігі айқын көрінеді. «Алданған сұлу», оқитын: 9-сынып оқушысы Наурызбай Ақниет.
2-жүргізуші:
Мағжан ақынның қандай шығармасын оқысақ
та, біз оның
жүрек
жылуын, махаббатын сезінеміз. «Бәрінен
де сен сұлу» өлеңі
өзіндік
халық арасына кең таралған. Біреулер
бұл әннің авторы Мағжан
екенін
біліп, біреулер білмей жаттап өсті.
1-жүргізуші:
Алғы
алашқа кұрбан болған ақ жаны,
Ақындықтың
мұздай мөлдір маржаны.
Жат
өлкенің топырағын жастанып,
Жатыр
мұнда Жұмабайдың Мағжаны!
2-жүргізуші:
Аруанаша
аңырат та асыл күй
Кәбіріне
көздің ащы жасын құй!
Жұмабайдың
Мағжаны деп таны да,
Ұлы
Абайдың ұрпағы деп басыңды и!
1-жүргізуші:
Бойын
көрнеп бұлықсыған бұла жыр,
Байтақ
елдің жоғын жоқтап шығар ұл,
Жұмабайдың
Мағжаны деп табын да,
Ұлы
Абайдың жұрнағы деп ұға біл!
2-жүргізуші:
Қазақ
поэзиясына деген ұғымын байытқан Мағжан
Жұмабаевқа
ғажайыптай
өлеңдері үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Ақынның көптеген өлеңдері, поэмалары,
әңгімелері, аудармалары
кезінде шығып тұрған газет-журнал
беттерінде, олар әлі толық жинала
қойған жоқ. Мұның бәрін ыждақатпен
жинап, тыңғылықты, тиянақты зерттеп
Мағжан Жұмабаев мұрасын халық қолына
жеткізу алдағы
күннің
ісі. Осымен
Жұмабаевтың
125 жылдығына арналған « Ұлтын сүйген
ұлы жүрек» атты әдеби кешіміз өз мәресіне
жетті. Келесі кешімізде кездескенше
сау болыңыздар!
«Сарысай негізгі орта мектебі» КММ
Сабақтың тақырыбы: «Мағжан Жұмабаев»
Өткізген: Тасымова А.Т.
2017-2018 Оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген