400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Ұлы дала елі" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шараларға көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


№ 15 орта мектебі







СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА



Тақырыбы: «Ұлы дала елі»





Өткізген: Бердигожина А.Е

3 «Б» клас




2017-2018 оқу жылы


«Ұлы дала елі» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ата –бабамыз туралы және қазақ елінің өткені, бүгіні, болашағы жайлы діріптеу. Тәуелсіз Қазақстанның 26 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.

2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.

3. Оқушылар бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі:   Портреттер, суреттер, АКТ.

(Сабақты бастамас бұрын оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады.)

Өзіңдікі-елің де,

Өзіңдікі-жерің де,

Өзіңді сезін бақытты,

Тәуелсіздік жерінде.

Армысыздар, құрметті ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы! Бүгін Отанымыз Қазақстанның тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасыеді. Мәне, бүгінде осы азат күнімізге, тәуелсіздігімізге 26 жыл толып отыр.


Хор:  «Елім менің»

Елім менің әнінен үзінді тыңдатып, өлең кімдікі екенін және не туралы айтылғанын оқушылардан сұрақ-жауап арқылы тақырып ашу.

  • Сонымен оқушылар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұлы дала елі» екенін білдік, ендеше қима қағаздар арқылы топқа бөлінейік.

Топқа бөлу (оқушыларды түстерге байланысты үш топқа бөліп отырғызу)

ІІ. Бейнежазба көру

Ал балалар біз қандай түсті партада отырмыз? Бұл түстер нені білдіреді ?

Балалар өз жауаптарын айтады.

Балалардың жауаптарынан кейін қызыл түсте отырған балалар қазақ елінің өткенін, сары түсте отырғандар бүгінін, жасыл түсте отырғандар еліміздің болашағын айқындайтындай, бейнежазбадан не түсінгендерін қағаз бетіне бейнелеп өз қиялымен ұштастырады. (постер қорғайды)

Ал, біз осы тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік толығырақ тоқталайық:

Нұрасыл: 1986 жылы 17 — желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.


Нұрдана: 1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-дегенұрандар айтылды.

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар»,«Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолындаҚайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқаларысияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

 Томирис:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?

Мансур:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Аяулым:

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн

Шыңғыс:

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

  Меруерт:

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Алина:

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

Нұрғиса:

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

Кәусәр:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 26 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.

Сая:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге  
даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Асемай:

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлысқан

Қыздары көп қазақтың

Сәбирадай

Наргиз:

Желтоқсанның қазаққа

Ызғары көп тастаған

Намыстан өлген ұлтымның

Қыздары көп, қарағым

Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззаттың

Жанель:

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Рабия:

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлікісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

ІІІ. постер қорғау (Постер жасауға 5 минут уақыт беріледі)

1 топ: Сурет құрастыру

2 топ: Өлең шығару

3 топ: Эссе жазу

Оқушылар жасаған постерлерін таныстырады және басқа топтар бағалау ретінде өз пікірлерін айтады.

ІV. «Бәйтерек белестері» ойыны

1. Біз қай мемлекеттің азаматымыз ?

2. Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді ?

3. Туымызда не бейнеленген?

4. Тудың авторы кім? (Ш Ниязбеков)

5. Елтаңбаның авторын ата. (Шота Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)

6. Елтаңбамызда не бейнеленген?

7. Тіліміз қандай ?

8. Әнұранның авторы кім? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімединов, Н. Назарбаев)

9. Ұлтымыз кім?

10. Бәйтеректің биіктігі қанша?


Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы.

Егемен ел – Қазақстан

Ата – бабам арман еткен

Егеменді қазақ елі

Қуанышың көптен күткен

Құтты болсын дарқан елім

Сен дегенде – Қазақстан

Жүректен от лаулап ұшқан

Гүлдей жайнап құлпыра бер

Егемен ел – Қазақстан.


Бүгін міне таныды әлем

Қазағымның кім екенін

Мақтанышпен мен өзіңді

Ән етемін, жыр етемін

Тәуелсіздік – ұранымыз

Тәуелсіздік – жыр әніміз

Желтоқсаннан бастау алған

Тәуелсіз ел қыранымыз.

11-оқушы

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз.

Нұратаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

Тәуелсіздіктің шыңы

1.1991ж. 16-желтоқсанда ҚазақстанРеспубликасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж. Қазақстан БіріккенҰлттарҰйымына мүше болып кірді.

3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

5. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

Аңсаған:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

Дәулет:

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

АйналдымсененОтаным!

Ажар:

Жүрегі толы отпенен

Арман мен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!


Елім барда, мен де бармын өмірде,

Жұлдызың боп жарқырармын көгінде

Отан үшін, елімүшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.


Елім бар да мен бақытты ұланмын.

Елімсүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.


Мұғалім сөзі:

-Иә төрткүл дүниені дүрсілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып,елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 26 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш еттік. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!

"Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!"

Жеткен арман — жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін, -дей келе әр бір таңымыз арайлы, күніміз шуақты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген оймен тақтада тұрған күнге сәулесін шашып шуақ берердей тілегімізді жазып әсемдейік.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі