жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара "Үздік математик"
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының №4 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Баймагамбетова
Динара Еркимбаевна
Сыныптан тыс шара «Үздік математик»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі:
Оқушылардың математикалық білім
қабілеттерін тексеру, алған білімдерін
пысықтау.
Дамытушылығы:
Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер
арқылы логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелілігі:
Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың
өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.
Оқушылардыауызбіршілікке,
ұйымшылдыққатәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі:Танымдылықойынсайыссабақ
Сабақтыңәдісі:Сұрақ
- жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын,
құрастыру
Көрнекілігі:санамақ,
викторина, интер/к,,тақта, тест, ертегіесеп,
өлең есеп, слайд.
Сабақтыңбарысы:
Ұйымдастырубөлімі:
-
Құрметтіұстаздар, оқушылар
2 «а» сынып оқушыларымен «Үздік математик»
атты сайыс сағатына қош
келдіңіздер!
Сайысымыздың
негізгі мақсаты әртүрлі математикалық
ойын тапсырмаларды орындау арқылы
білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған
білімдерін пысықтау.
Сайыс
сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер,
сандардың ұғымы , математикалық есептеулер
арқылы білімдерін шыңдау.
Уа,
халайық, халайық
Бәріне
жар салайық
Бүгінгі
кеш төрінде
Математика
елінде
Есеп
шешіп жарысып
Жұмбақ
шешіп аңдысып,
Шабыт
тасып, шалқысып
Көңілді
кеш жасайық
Жұмбақ
шеру шашайық
Мұнда
қызық табылар
Жұмбақ,
есеп бәрі бар
Ал,
сайыскер балалар
Білімдеріңді
сынайық.- деп сайыскерлерімізге ду қол
шапалақ соғып қояйық.
Төрімізден орын тапқан, жұмыстарыңыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1
2
3
Бірінші айналымдағы тест қорытындысы бойынша сынып оқушылардың ішінен жоғары жинаған 10 оқушыны саралап алдық.Олар :
Райымбек – 18
Жасмин-17
Аслан-16
Аркен-16
Мерей-16
Айман-17
Әділет-16
Т.Аружан-15
Саят-15
Нұрай-15
Енді сайысымыздың өтілетін кезеңдермен танысайык.
1.Таныстыру
2.Тапқыр болсаң,озып көр. (уақытқа есептер шығару)
3.Сандар сыры.
4.Тіл өнері(жұмбақ шешу)
5.Сиқырлы фигуралар.(пішіндер бойынша құрастыру)
6.Ұшқыр
ойлы. (сұрақ-жауап)
Әр дұрыс айтылған жауаптарға, ұпайдан
қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп
жинаған қатысушы «Үздік математик»
номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз
жинаған сайыскерлер белсенді қатысып,
өздерін қай жағынан көрсете алады екен?
-
Сайыскерлер маған жақындап номер
таңдаймыз, сол номерлер сіздің реттік
номерлерің болады.
1-
кезең.Таныстыру.
Бүгінгі
сайыс сағатында сынға түсетін оқушылар
өздерін таныстырады. № 1 2
....10
Мұғалім:Тамаша
барлықтарымен танысып өтсек,енді келесі
кезеңге көшейік.
-
Кел балалар, ойнайық
Қандай
есеп болса да.
Шешпей
оны қоймайық.
Ал,
тыңдаңдар, тыңдаңдар.
Асығыстық
қылмаңдар.
Асықпайық
дегенге.
Бөгеліп
те тұрмаңдар.
2-кезең.Тапқыр болсаң,озып көр. Есептер берілген алдарындағы парақшаларда, сол есептерді 3 минутта шығару керек.
Көрермендермен ойын.
-Әділ-қазылар бағаларын көрейік. 4 сайыскермен қоштасамыз.
3-кезең. Сандар сыры.Бұл кезеңде берілген сандарды таңдап сол санға байланысты ұғымдар,мақал-мәтел,нақыл сөздер айтасыздар.
4-кезең. Тіл өнері (жұмбақ шешу) Есеп жұмбақтар беріледі.Жұмбақтың жауабын үш тілде айтуы керек.Бір тілде 10 ұпай,екі тілде 20ұпай,үш тілде 30 ұпай беріледі.
1)Табақта 5 алма
Қолымда 2 алма
Барлығын қосқанда
Боладынешеалма?
(жеті-семь - seven)
2)Көлденұшты 6 қаз
Қайтыпкелдіекіқаз
Қонбайкеттіқаншақаз
Шешуінкімтабады тез
(төрт-четыре-four )
3)Талбасындатізіліп,
10 жапалақтұреді.
Желсоқты да үзіліп,
Ұшыпкеттіекеуі
Ізіншеоныңжұлынып,
Түстітағы 5-еуі
Тұрәлі де ілініп
Жапалақтыңнешеуі?
(үш-три-three)
4)Шығармақбопкешеесеп
Жиналғанда 5 есеп
Үшеуіұйықтапотырды
Ынталысынешеесеп?
(екі-два-two)
5)Талдан ұшты тон торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның – бастаушы.
Артында төртеу – қостаушы
Ойың жүйрік болса егер
Торғай нешеу, есепкер.
(бес-пять-five)
6)Үшеу аз деп, балақан,
Косты тағы үш балапан.
Табыңдаршы ойланып,
Қанша болды балапан.
(алты-шесть-six)
7)Бірмін, бірмін, бірмін» деп.
Үшеу келді біріндеп.
«Екім, екім, екім» деп
Үш жұп келді екеулеп.
Қанша болды балапан
Өзің айтшы, балақан?
(тоғыз-девять-nine)
8)Ақ қалпақ, көк қалпақ,
Барлығы алты қалпақ
Ақ қалпақ 5-еу болды,
Көк қалпақ нешеу болд
(бір-один-one)
9)Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан
Екі қоян, бір түлкі
Бәрі нешеу кім-білді?
(сегіз-восемь-eigth)
10)Тау басында 1-ара
Қонуші еді күн ара
Бүгін 9 туысын
Ертіп келді бұл ара.
(он-десять-ten)
- 3,4 кезеңнің бағаларын есептесеңіздер. Аз ұпай жинаған ойыншыларды көрермендердің қатарына шақырамыз.
5.кезең Сиқырлы пішіндер.(пішіндер бойынша құрастыру)
6-кезең. Ұшқыр ойлы. (сұрақ-жауап) –сұрақ оқимын, тез жауап беру керек. 1 минутта неше сұраққа жауап бердің және нешеуі дұрыс болғанына қарай ұпай беріледі.
1)1 сағатта неше минут бар?(60 мин)
2)1 ғасырда неше жыл ?(100 жыл)
3)1 дм неше см бар?(10 см)
4)1аптада неше күн бар?(7 күн)
5)1тәулікте неше сағат бар?(24 сағат)
6)1 жылда неше ай бар?(12 ай)
7)Сыйымдылықтың бірлігі ?(литр)
8)
Қабырғалары тең тік төртбұрыш. (Шаршы)
9)
Кеміту амалын қалай айтамыз. (Азайту)
10)Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. (Шеңбер)
11) Бірінші мүшел жас? (13 жас)
12) Жұма аптаның нешінші күні? (5ші)
13)
а+3 қандай өрнек? (Әріпті өрнек)
14)
ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
15)20 мен 5-тің айырмасы? (15)
16) Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір бұрыш)
17) Тұйықталған сынық сызықтар қалай аталады? (көпбұрыш)
18) 93 – пен 3-тің айырмасы? (90)
20) қосындының компаненттерін ата. (Қосылғыш, қосылғыш, қосындынын мәні)
21) 20мен 30дың қосындысы 50
22) айырманың компаненттерін ата. Азайғыш, азайтқыш айырманың мәні.
23)13 пен 10 қосындысы 23
24) Тікбұрыштан үлкен бұрыш доғал
25) Периметрдің формуласын айт а+в+а+в
-
Осымен, балалар «Үздік математик» атты
сайыс сағатын аяқтай отырып.Жеңімпаз
оқушыны анықтап«Үздік математик»номинациясын
беріп, ұпайды аз жинаған оқушыларды
белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен»
мадақтап марапатталады.
Сау,
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген