Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара: "Үздік тарихшы- 2017"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың тарихи білімін толықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА

Тақырыбы: Үздік тарихшы-2017.

Мақсаты: Оқушылардың тарих сабағынан алған білімдерін одан әрі жинақтап, танымдылығын арттыру. Жаңа заман талабына сай жан-жақты, білімді, жігерлі тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: карта, кітаптар, кесінділер.

Барысы:

  1. Таныстыру

  2. «Бәйге»

  3. «Кім тапқыр?»

  4. «Картамен жұмыс»

  5. «Жекпе-жек»

  6. «Мені түсін»

  7. «Жорға»

I кезең: Таныстыру (топтар өздерін таныстырады)

II-кезең: «Бәйге» (сұраққа тез жауап қайтару)

1-топқа сұрақтар:

  1. Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465-1466 жж)

  2. Қазревкомның төрағасы кім? (Пестковский)

  3. Қазақ хандығында тәртіп сақтау және мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтаған «Жеті Жарғы» қай хан тұсында жасалды? (Тәуке)

  4. Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы (А.Құнанбаев)

2-топқа сұрақтар:

  1. «Қазақ» газеті қай жылдары жарық көрді? (1713-1718 жж)

  2. 1916 ж. Торғай көтерісшілері өздерінің бас сардарбегі етіп кімді сайлады? (А.Иманов)

  3. Есім хан қай жылдары билік құрды? (1598-1628 жж)

  4. «Алаш» партиясының басшысы (Ә.Бөкейханов)

III-кезең: «Кім тапқыр?» (карточкада берілген тарихи материалдардың қатесін табу)

1-топқа тапсырма:

  1. ҚР Конституциясы 1992 ж. 2 наурызда қабылданды?

  2. Азамат соғысы 1914-1918 жж. болды.

  3. 1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақстанның ұлттық валютасы айналымға енді.

  4. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациясы қабылданды.

  5. Екінші «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 1920-1921 жж. болды.

2-топқа тапсырма:

  1. Екінші дүниежүзілік соғыс 1918-1920 жж. болды.

  2. ҚР Рәміздері 1991 ж. 13 желтоқсанда қабылданды.

  3. Ақпан реролюциясы 1993 ж. 28 қаңтарда болды.

  4. Н.Ә.Назарбаев ҚР Президенті болып 1990 ж. 8 желтоқсанда сайланды.

  5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 1929-1931 жж. болды.

IV-кезең: «Картамен жұмыс» (карточкада берілген тапсырмаға жауап беріп, картадан

көрсету)

1-топқа тапсырма:

  1. Тиграхауда сақтарының тұрған жерін анықта.(Сырдария өзенінің орта ағысы)

  2. О.Сүлейменовтың «Азия» кітабы қашан, қай қалада жарық көрді? (1975ж. Алматы)

  3. 1958 ж. 1 тамызда үкіметтің әлеуметтік мәселелерге назар аудармауына қарсылық Қазақстанның қай қаласында болды? (Теміртау)

2-топқа тапсырма:

  1. «Алтын киімді адам» қай жерден табылды? (Алматы. «Есік» қорғаны)

  2. Республикада тұңғыш ұлттық қазақ театры қай жылы, қай қалада ашылды? (1926 ж. Қызылорда)

  3. 1989 ж. маусымда Қазақстанның қай қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды? (Жаңаөзен қаласы. Маңғыстау обл)

V-кезең: «Жекпе-жек» (оқушылар ортаға шығып «сиқырлы сандықтан» бір сұрақты суырып, қарсы топтың оқушысына қояды. Егер жауап бермесе өзі жауап беруі тиіс)

  1. Қазақстанда қанша облыс бар? (14 облыс)

  2. С.Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (14 жыл)

  3. Ж.Жабаевтың «Ленинградтың өренім» жыры қай жылы жарық көрді? (1941 ж)

  4. Тас дәуірінің хронологиялық шеңбері (б.з.б 2,5 млнжыл- 3 мыңжыл)

  5. Тың игеру қай жылы басталды? (1954 ж)

  6. «Тар жол, тайғақ кешу» романының авторы (С.Сейфуллин)

  7. Сақ патшайымы Томиристің өмір сүрген жылдары (б.з.б. 570-520 жж)

  8. 1100 тонна қалайы шығарылған кен орындары (Нарым, Қалба)

  9. Үйсіндердің билеушісі (Гуньмо)

  10. Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (552-603 жж)


VI-кезең: «Мені түсін» (көрнекті қайраткерлердің сөзі беріледі, қайраткерді атау)

1-топ:

  1. «Қазақ үлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» (А.Байтұрсынов)

  2. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» (М.Дулатұлы)

2-топ:

  1. «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа баруын кемшілік санаймыз» (Ә.Бөкейханов)

  2. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» (С.Садуақасов)

VII-кезең: «Жорға» (сұраққа жауап беру)

1-топқа сұрақтар:

  1. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім және ғарышқа қашан ұшты? (Т.Әубәкіров. 1991 ж. 2 қазан)

  2. Н.Назарбаевтың «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлығы қашан шықты? (1991 ж. желтоқсан)

  3. Қазақстан Коммунистік партиясы таратылып, оның орнына қандай партия құрылды? (Социалистік)

2-топқа сұрақтар:

  1. КСРО-ның өмір сүрген уақыты (1922-1991 жж)

  2. «Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы» қашан қабылданды? (1948 ж. 10 желтоқсан)

  3. «Балалар құқығы туралы конвенция» қашан қабылданды? (1989 ж)

Қорытынды: Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз топ марапатталады және ең көп

ұпай жинаған оқушы «Үздік тарихшы-2017» атағын иеленеді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12