жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара "Заман үні-қазағымның тілінде"
Тақырыбы: «Заман үні-қазағымның тілінде»
Мақсаты: Қазіргі кездегі өткір
мәселелердің бірі – тірі жетім балалардың көбеюі және олардың
мәселелеріне тоқталу. Ұл-қыздарымыздың бойына қайырымдылықты,
имандылықты, мейірімділікті ұялату және
тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі: Армысыздар, құрметті
ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткізгелі отырған «Заман
үні-қазағымның тілінде» атты сыныптан тыс шарамызға қош
келдіңіздер! Қоғамдағы әлеуметтік өткір мәселелердің бірі-тірі
жетім балалар мен тастанды қариялардың көбеюі. Елімізде
тастандылардың саны жылдан-жылға артуда. Бүгінде халықтың
хал-ауқаты, елдің экономикасы түзеліп келеді. Сонда бұл қайшылық
қайдан пайда болуда? Даладан, қоқыс жәшігінен, дәретханадан бала
тауып алу сияқты соңғы күндері жан түршігерлік оқиғалар жиілеп
кетті. Бұл неткен қатыгездік? Өз баласын өлтіретін ұрпақ қайдан
келді? Кім кінәлі? Санаға маза бермеген сан сауал бүгінгі
жиынымызға арқау болмақ! Бүгінгі шарамызға 9-11 сынып оқушылары
шақырылды, осы мәселе төңірегінде өз ойларыңызды айта
отырсаңыздар.
( баяу музыка ойнап тұрады)
2-
Жүргізуші: Әрбір сәби өмірге бақытты болу
үшін келеді. Сәби ата-анасының қасында болып, анасының ақ сүтін
еміп, мейірімді алақанның жылуын, әкесінің асқар таудай қорғаны
екенін сезініп өссе, ол бойына барлық асыл қасиетті жинаған
парасатты азамат болып өседі.
Жылап жүрсе қазақтың бір баласы,
Ішінде оның ашу, ыза наласы.
Болмас еді жетім деген сөз мүлде,
Өз баласын тастамаса анасы.
1-Жүргізуші: «Кішкентай періште» монологі оқитын Аубакиров Амир
Алдыртпақшы, емес қой жоқ амалы,
Алдыртпашы ақылды болам әлі.
Тіл аламын, тентектік жасамаймын,
Боламын ғой қазақтың қара домалағы! –
Жан анам, аяулы анам, байқа дейін,
Шығатындай жанымнан айқай кейін,
Жан Анашым осылай шешсе, енді
Құдайым-ай,мен қайтейін, мен, қайтейін?!
Тілеп жүрем айырмам басқасынан,
Кетпесін деп анамның бақ басынан.
Кездесерміз, тозақтың оты емес
Күтіп алам жұмақтың қақпасынан…
2- Жүргізуші: Салтанат Қайратқызының «Жетім қыздың монологі» оқитын Курина Мария
«Кенет, сырттан бір әйелдің бейнесін көріп, оны өзімнің анам екен деп, мені алып кетуге келді деп ойлап, менің осында отырғанымды көре алмай қалады ғой деп: «Мама! Мама! Мама! Мен мұндамын, Мама», – деп айқайлай бергенімде, терезе алдындағы гүл жерге құлап қалды. Тәрбиеші апай көріп қоймасыншы деп тез-тез жинай бастағанымда, тәрбиеші апай келіп қалды да, ұра жөнелді, мама! Мама, білесің бе, сол апайдың маған не дегенін? Ей, жетімек, сен әке-шешеңе керек болмағанда, маған қайдан ғана керексің – деді де, одан әрі ұра берді. Тәңірім, кішкентай ғана бала жүрегіммен сенен жалынып сұраймын. Менің анамның жүрегіне титтей болса да, мейірім шуағын төкші. Сөйтсін де, ол мені мына тар қапастан құтқарсыншы…», 1- Жүргізуші: «Мамаға хат» монологі (аудио) «Амансың ба, мама! Бүгін менің туған күнім. Есіңде ме, бұл күн білмеймін, бірақ, менің саған көп нәрселерді айтқым келеді. Бір-бірімізді көрмегенімізге көп болды», «Білесің бе, мама, күнде, ұйықтар алдында әр нәрсе ойыма түседі. Егер мен жалғыз, көшеде қалған болсам, өмірім қалай болар еді – деп, ойлаймын. Менің бұрынғы достарымның көбі қазір бұл өмірде жоқ. Біреулері нашақорлықтан өлсе, біреулері ВИЧ ауруынан көз жұмды, көбісі әлі де көшеде аянышты хал кешіп жүр. Мен мұнда, балалар үйінде жүріп, сиынуды үйрендім. Білесің бе, құдайдың бар екеніне, мені жақсы көретініне және мені еститініне сенетін болдым. Сондықтан, сен үшін де көп сиынам. Әйтеуір, бір күні келіп, мені тауып алатыныңа сенем», Аналар, мен өтініп, өтініп сұраймын, сәбилеріңізді тастамаңыздаршы, бақытты өмір сүрем деген үмітіне балта шаппаңыздаршы!
2-Жүргізуші: Көрініс: «Жетім қыз»
«Адамдар, адамдар, қаталсыңдар,
Қаталдықтан әлі-ақ зар татарсыңдар,
Жалғыздықтан зарығып ашынғанда Сипайды-ау шашымнан дегем…»
Адамдар, қаталсыңдар!
Мен сендерді асылдар деп ем, Жооқ!
Тас екен жүректерің де,
Бір жылы көзқарастарыңа
зарыққанымда
Соның өзі-ақ бақыт қой, қамыққан қызға!
Тағдырым менің титтей де елеңдетпеді
О, адамдар! Не деген пасық едіңдер!
Сендерден байлық сұрамаймын, өліп кетсем де!
Алтындарыңды алмаспын, төгіп кетсең де,
Мейірімге ғана мұқтажбын, білесіңдер ме? Мейірімге ғана
мұқтажбын...
1- жүргізуші: Осындай жетім қыздардың көбеюіне кім кінәлі? Альбина: Анасының баласын тастауына жігітінің тастап кетуі немесе қазіргі жұмыссыздық, тәрбиесіздік бірінші себептердің бірі болуы мүмкін.
Андрей: Бірақ қанша кедей болса да, қызды көшеде қаңғытпай жетімдер уйіне апарып тастау керек еді. Жігіттің тастап кетуі меніңше себеп емес, оның әжесі қайда қарап отыр? Анасы қайда? Адамдар өмірде бір-біріне көмектесу керек деп ойлаймын..
Олег: Меніңше, адам кінәні ең бірінші өзінен іздеу керек. Абай атамыз айтады: «Бір жаман адам шықса, оған замандастарының бәрі виноват»,- деген.
Юнус: Ата- ана мейріміне қанбай өскен баланың шарасыз ғұмыры – кішкене баланың мұңға толы жүрегін үлкендердің түсінбейтінін байқадым. Бірақ қатыгез адамдардың ішінен мейірімді жандардың да бар екенін ұмытпауымыз керек. Қазақта «Қызды 40 үйден тыю» деген мақал бар. Қазір қарындастарымыз ашық-шашық киінуде. Анасы, әкесі, ағасы бір жақта, қыз бір жақта бір-біріне жаны ашымайды.Демократия деп әркім өз бетінше өмір сүруде. Дүниені сақтап қалатын адамгершілік пен мейірім атты қасиетті жоғалту – адамның жанын қатыгездендіріп, үлкен апатқа әкелетінін көрдім.
2-Жүргізуші: Рахмет! Келесі бейнефильмге назар аударайық!
Әй заман- ай, заман- ай,
Жетім бала, қарттар- ай.
Болмасын дүрлік осындай,
Кешіре гөр бізді, бір Құдай.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Аллаһ разылығы – ата-ана разылығында, Аллаһтың ашуы – ата-ананың ашуында жатыр»,-деген. Қартын төрінен кетірмеген қазаққа өркениет- қарияны қазына деп қадірлеген дәстүрді бұзған дерт ала келгендей..
1-жүргізуші: Қариялардың безбүйрек бала кесірінен қарттар үйінде, жылы қабақсыз, жақынның мейірімінсіз жатқаны өкінішті. Бүгінде аты қорқынышты бұл үйлерден біз қорықпайтын да болдық. Ал сол үйлерге тасталып жатқан қарияларымыздың саны өте көп.
Көрініс: «Тастанды әже»
2-жүргізуші: Атасыз үйлері – батасыз, анасыз үйлері – панасыз қалса да, жалтыраған байлықтың артында жүрген ұрпақтың болашағы бұлыңғыр көрінеді ме, қалай..? Өркениетпен өркендеген сайын, рухани байлықтан суалып бара жатырмыз ба?! Сіздер қалай ойлайсыздар? Қандай әсерде болдыңыздар?
Альбина: Жаман әсерде болдым. Осы көріністі көргенде Елбасымыздың «Қартын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік» деген сөзі есіме түсті. Ал қартынан бас тартқан отбасының, анасын далаға жылатып тастап, армандарына жетіп, тыныш өмір сүргенін көрмеппін! Тәрбиенің ақсап тұрғанын, рухани азығымыздың жоқтың қасы екенін көремін.
Юнус: Маған адам баласының қолымен жасалатын қатыгездіктің шегі жоқтай көрінді. Қатігез бала мен тәрбиесіз келіннің кесірінен әже қарттар үйінен бір шықты. «Ата-анаңа не істесең – алдыңнан сол келер» дегендей, немересінің сөзі әкесін ойландырды. Өкінішке орай, ақымақ әйелдерінің айтқанынан шықпай, өз әке-шешелерін қарттар үйіне тастап жатқандар аз емес.
1-Жүргізуші: «Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» демекші, Жетім балаларды мемлекет те ұмытқан жоқ. Өз қамқорлығына алып, жылы үйде, тамақтары тоқ, киімдері бүтін, барлық ем-шара, толық тәлім-тәрбие алып шығады. Бірақ, олар тамырсыз бұтақтар ғой.
2-Жүргізуші: Дүниеде сәбидің шат күлкісіне жететін ештеңе жоқ. Өмірдің мәні де сәні де баланың бақытымен өлшенеді. Сондықтан мемлекетіміз сендердің ашық аспан астында гүлдей жайнап жүрулеріңе, заман талабына сапалы білім алуларыңа толықтай жағдай жасап отыр. Сонымен бүгін не түйдіңіз?
Хормен: «Тәуелсіз елдің ұрпақтары қатыгез болып өспесін!» «Мейірімді болсыншы аналар, бақытты болсын балалар»
-
Жүргізуші: Ән: «Сәби бақыты»
2-Жүргізуші:
Көтеріп тұрып, құлатады
өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір-
дей келе алдағы өмірлерің тек жарқын болсын деймін. Әрбір күніміз шуақты болсын !
Осымен «Заман үні-қазағымның тілінде»атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген